Реферат тақырыбы : Мемлекет және саяси даму мен модернизация Орындаған: Санатовна н тексерген Аманиязова б а



бет3/4
Дата16.12.2023
өлшемі78,08 Kb.
#140096
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Мемлекет және саяси даму мен модернизация (копия)

2.2  Саяси даму түсінігі
Саяси iлiмдер тарихында саяси дамудың әр түрлi концепциялары қалыптасқан. Мәселен, саяси дамудың либералдық өкiлдерi, саяси дамудың өлшемi ретiнде адам құқығының жоғарылығын, мемлекеттiң азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм мен рухани бостандықты алады. Ал, консерваторлар, саяси дамудың негiзгi құндылықтары ретiнде саяси iс-әрекеттегi моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен сабақтастықты, билiктi ұйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын сақтауды есептейдi. Марксизм, саяси жүйе дамуының өлшемiн жеке меншiктiң қоғамдық меншiкке ауысуымен, жұмысшы табының гегемондығымен және коммунистiк партияның жетекшiлiк рөлi артуымен байланыстырады. Демек, алдыңғы екi бағыт демократияның тоталитаризмге, ал марксизм болса социализмнiң капитализмге үстемдiгiн қолдайды. Бiрақ, саяси процестер аяқталмаған транзиттi қоғамда бұл өлшемдердi пайдалану қиындық тудырып ғана қоймайды, кейде даму идеясының өзiне қарама-қайшылық тудырады. Мәселен, билiктi демократиялық негiзде институттау, плюрализмдi кеңейту басқарудың деспоттық формасының қалыптасуына, немесе қоғамды басқаруда жағымсыз салдарлардың тууына алып келуi мүмкiн. Саяси даму − саяси құрылымдар, қалыптар, институттардың жаңа әлеуметтiк, экономикалық және т.б. мәселелердi тез арада қабылдау қабiлетi мен сезiну икемдiлiгiне, әрi қоғамдық пiкiрдi қабылдау мүмкiндiгiне тәуелдi. Демек, керi байланыстың тұрақты механизмi қалыптасуы тиiс, бұл дегенiмiз басқарудың тиiмдi буындары тұрғындар пiкiрлерiн есепке алуға қабiлеттi, шешiмдi тиiмдi таратушы, саяси жүйе шиеленiстi реттеудiң икемдi механизмiне айналған және билiктi қолданудың тиiмдi жолдарын таңдаған деген сөз. Мұнда бұл мемлекет қандай нақты ұлттық-мемлекеттiк форманың өзгерiсiн иеленетiндiгi ешқандай мәнге ие болмайды, қандай партия, қандай идеология саясатты анықтайтындығы ешбiр рөл атқармайды. Ең негiзгiсi, саяси институттардың жаңа проблемелерды шеше бiлу қабiлетiнде, оның қоғаммен ашық сипаттағы қатынасы билiк жүйесiнiң жағымды динамикасын, өмiр сүрудiң жаңа сапасына өткендiгiн бейнелейдi. Бұл пiкiрдi Д. Истон, Г. Алмонд және Г. Пауэлдiң саяси жүйедегi ең бастысы оның құрылымында емес, iс-әрекетiнде деген тұжырымдары да растайды. Саяси даму дегенiмiз саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы. Саяси дамудың мақсаты қандай да бiр тиянақты саяси қатынас пен қалыпты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттар мен ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу. Саяси даму процесi саяси жүйенiң iшiнде оның мақсатының мынадай факторлармен − әлеуметтiк-экономикалық даму тұрақтылық, теңдiк, қатысу т.б. өзара байланысы болуын талап етедi. Табысты бөлудегi теңсiздiк пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған даму жағдайында әлеуметтiк қиналыс, саяси тұрақсыздық күшейедi, сөйтiп саяси даму процесi бұзылады. Саяси дамудың эволюциялық жолы үшiн қажеттi жағдайлар мыналар: 1 тұрғындардың шешiм қабылдау мүмкiндiгiн кеңейту, қоғамдық сұраныс пен мүдденi есепке алу; 2 билiк үшiн күресте әдiл және еркiн бәсекелестiктi орнату; 3. шиеленiстi шешудiң тиiмдi механизмiн қалыптастыру; 4 саяси жетекшiлердiң бiлiктiлiгi, хабардарлығы, қарсыласымен келiсiмге келе бiлу қабiлетi, күштеуге жол бермеу; Саяси жүйедегi даму процесi: 1 талаптар мен қолдауды артикуляциялау, оны әр түрлi күштеу топтары мен саяси партиялар атқарады. Егер олардың қызметi шектетiлетiн болса, онда саяси жүйенiң бейiмделу мүмкiндiгi әлсiрейдi. Талаптарды електеу, белгiлi бiр каналдарға бөлу. Ол мәдени әрi құрылымдық болып екiге бөлiнедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет