Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс жағдайлары мен мүмкіндіктері
Бастауыш білім беру үшін ең бастысы – жалпы білім беру іскерліктері мен дағдыларды, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағының мақсаттарының бірі – оқушыларды берілген мәтіннің мазмұның түсініп, функционалдық сауаттылығын мәтінмен жұмыс жасау арқылы қалыптастыру, барынша дамыту.
Мәтінмен жұмыстың міндеттері:
1. Мәтінді оқудың коммуникативті мақсатын түсіну;
2. Мәтіннің негізгі ойын анықтау;
3. Негізгі және қосымша, белгілі және белгісіз ақпаратты ажырату;
4. Мәтіндік ақпаратқа түсініктеме беру және бағалау;
5. Өз ойынан шығарылған мәтінді сауатты жазу;
6. Мәтіндегі қателіктерді таба білу;
7. Мәтіндегі сөйлемдердің, абзацтардың байланысын түсіну.
Әрбір сыныпта мәтінмен, сонымен қатар сөйлеммен жұмыс оқу жылы бойы жүргізіледі. Іс жүзінде әрбір сабақта мәтінмен ауызша және жазбаша жұмыс жүргізіледі. Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыстың барлығы «қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға» дидактикалық принципке негізделген.
Бастауыш сыныптардағы мәтінмен жұмыс өте ауқымды әрі күрделі жұмыс болып табылады. Мәтінмен ойластырылған және мақсатты жұмыс балаға үлкен көлемдегі ақпараттан қажетті және пайдалы ақпаратты алуға, сондай-ақ әлеуметтік тәжірибе алуға мүмкіндік береді, қоршаған әлемді танып, оны ойлауға мәжбүр етеді. Жеке сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен, сондай-ақ тұтас мәтіндік материалмен жұмыс жасау арқылы есте сақтауды жаттықтыруға мүмкіндік береді, яғни функционалдық, орфографиялық сауаттылықты дамытады.
Мәтінмен жұмыс басқа грамматикалық сабақтарды түсіндірген кезіңде де, жаттықтыру кезіңде де қолданылады.
Міне, сондықтан да, қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс жасау үлкен орын алады.
Мәтінмен жүйелі жұмыстың жағымды жақтары:
• Мәтінмен жүйелі жұмыс барысында қазіргі заманға сай жаңа технологияларды енгізуге болады;
• Дыбыстармен жұмыс;
• Сөздіктермен жұмыс істеуге баулиды;
• Ережемен жұмыс істеуге үйретеді;
• Оқулықта мәтіндер, өлең оқып, ауызша әңгімелеп, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлесе білудің жолдары меңгертіледі;
• Өз ойларын айтып жеткізуге үйретеді;
• Ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіреді;
• Мәтіннің мазмұнын түсініп, айтып беру деңгейін жоғарлатады;
• Мәтінді өз ойымен бірнеше сөйлем арқылы жеткізе білуге үйретеді;
• Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып, есте сақтауын қадағалайды;
• Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша баяндау және дәптерлеріне сауатты жазуға бағыттайды;
• Өз бетімен жұмыс істеу дағдылары мен біліктіліктерін меңгеруге арттырады;
• Мазмұндама жазу барысында оқушылардың фразаларды, мәтіндегі сөз тіркестерін есте сақтау икемдерін дамытады;
• Шығарма мен мазмұндама оқушылар алдына өз ойын жатық, шебер тілмен баяндауға, стиль, логикалық толғанысты, шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамытады;
• Пікір айту қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді;
• Сабаққа қызығушылық арттырады, еңбектенуге талпындырады [2].
Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту
Ертегілерді оқыту
|
1
|
С.Рахметова бойынша ертегілерді оқуда мыналарды есте сақтау қажет:
1. Ертегіні оқу барысында «Бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ. Себебі балықтың, жан-жануардың сөйлемейтінін балалар өздері де біледі. Бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне бірде күліп, бірде қайғырып, бірде қуанып отырулары, оларды армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйрету ертегілердің пайдасы мол.
3. Қара сөзбен берілген ертегі мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде мұғалім ертегіні оқымай-ақ, мазмұнын қызықты етіп айтып та береді. Ертегі баланы жоспар құруға үйрету үшін де қолайлы.
4. Жануар туралы ертегі оқығанда алдын-ала дайындықтың онша керегі де жоқ.
5. Кейбір ертегіні пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда орындатуға болады.
6. Ертегінің композициялық ерекшеліктеріне қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету керек.
|
Бастауыш сыныптарда ертегілерді рольге бөліп оқытқызуға болады. Сонымен қатар, әртүрлі бағдарламаларды қолдану арқылы мультфильм жасап, оқушыларға ұсынуға болады.
|
2
|
Г.Дюсембинова бойынша, ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, т.б. Осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4 сыныпта ертегілерге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
|
3
|
Г.Тұрдалиева бойынша, қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен жазылады, мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп айтып береді.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, өз беттерінше бақылау жасатып үйрету керек.
Кейбір ертегілерді сахналап, қуыршақ жасатып сыныптан тыс жұмыстарды орындауға болады.
|
4
|
С.Сейтенова бойынша ертегі құру әдістемесі. Мұғалім ертегінің кейіпкерлері бейнеленіп, аттарына жазылған бірнеше карточкалар дайындайды. Олар балаларға таныс болғаны жөн.
Бірінші нұсқа. Оқушыларды бес адамнан тұратын топқа бөлуге болады. Карточкаларды араластырып, әр топтың өкілі 5 карточкадан алады. 15-50 минуттан соң, әрбір персонаж рөліне бөлінген оқушылар ертегіні ойнап шығады.
Екінші нұсқа. Әр қатысушы персонаж бейнеленген карточканы таңдайды да, рөлге кіріп, ертегінің мазмұны бойынша ойынды жалғастыра береді.
Тапсырманы былайша күрделендіруге болады. Өздеріне белгілі кейіпкерлер өміріне байланысты ертегі құрастыруды тапсыруға болады. Ертегінің атын қоюы мүмкін. Оқушы басты кейіпкер рөлін көрсетуі мүмкін, т.б. Соңынан ертегі мазмұнын әңгімелетіп, оның ұнағаны мен ұнамағаны жөнінде пікір алмастыруға болады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |