Реферат тақырыбы: Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс Орындаған: Менайдарова А. М. Жетекші: Сагалиева Ж. К


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МӘТІНМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ



бет3/21
Дата25.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#86589
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Менайдарова Айана. Реферат

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МӘТІНМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ




    1. Мәтінмен жұмыс ұғымының түсінігі

Мәтін – белгілі бір жазылған шығарма немесе соның үзіндісі, әңгімесі [1, 588].


Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралған белгілі ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтіндегі сөйлемдер бір-бірімен мағыналық байланыста болады. Олар орын тәртібін, мағыналық тұтастығын, бірлігін сақтайды. Сөйлемдер ортақ ойды дамыта түсіп байланысып отырады. Сөйлемдердің тақырыбы бір болады. Құрылымы өзара тығыз байланыста келеді. Мәтіндер атқаратын қызмет мазмұнына, көлеміне қарай негізгі және қосымша болады. Ол шағын, көлемді және ауызша, жазбаша бола береді, бірнеше бөлімнен тұрады.
Мәтінге әңгіме, өлең, мысал, ертегі сияқты жанрлар жатады.
Мәтінді оқушыларға мынадай түрлерімен береді: әңгімелеу, пайымдау сипаттау.
Мәтін неше сөйлемнен құралса да, белгілі бір түйіні болады. Соны ажырата білу керек [2, 90].
Мәтінмен жұмыс – сабақтың негізгі қызметі. Оқушылар оқулықта ұсынылған мәтінді білім стандартының талаптарына сай меңгеруге міндетті. Сыныптағы оқушылардың дайындық деңгейі әр уақытта біркелкі бола бермейді. Сондықтан мұғалімдер педагогикалық технологияның белгілі бір түрін мәтіннің күрделілігіне қарай таңдауы мүмкін.
Мәтін сөйлеу қызметінің барлық түрлеріне үйретудің шын мәніндегі және тиімді негізі болу үшін оқушыларды мәтін материалымен жұмыс істеу түрлеріне дағдыландыру қажет. Яғни, сөйлеммен жұмыс істеу, белгілі білім беру мақсатын орындаудағы тілдік бірліктерді қайта құруды, өзгертуді, мәтіннің мазмұнын айтуды, оны коммуникативті ауызекі монолог пен диалогта қолдануға, сондай-ақ әртүрлі әрекеттер жасауға үйретудің маңызы зор.
Осыған байланысты мәтінмен жүмыс істеудің мәтіналды, мәтінмен, мәтіннен кейін кезеңдерінде өз бетінше жүмыс істеу дағдысы мен біліктілігін меңгеруіне, түрлі тілдік пікір айтуға дайындалуына, коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді [3].
Енді «мәтін» ұғымының анықтамасына келетін болсақ, әртүрлі ғалымдар осы ұғымға әртүрлі анықтамалар берген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет