Мәтін тек сөйлеу әрекетінің өнімі емес, сонымен бірге өнімді жасау процесі. Ол біздің санамыздан тыс, пайда болу мен қабылдау процестерінен тыс өмір сүрмейді. Демек, мәтін өзінің табиғаты бойынша процессуалдық және динамикалық болып табылады. Бұл біздің сөйлеу әрекетіміздің нәтижесі және сонымен бірге әрекеттің өзі.
2
И.Р. Гальперин
Мәтін – толықтығы бар, жазбаша құжат түрінде объективтіленген, осы құжаттың түріне сәйкес әдеби өңделген, тақырыптан (атаудан) және бірқатар арнайы бірліктерден тұратын шығарма. Лексикалық, грамматикалық, логикалық, стильдік байланыстардың әртүрлі түрлерімен біріктірілген, белгілі бір мақсаттылық пен прагматикалық қатынасқа ие (сверхфразалық бірліктер).
3
В.А. Лукина
Мәтін – формальдық үйлесімділікке, мағыналық тұтастыққа және олардың өзара әрекеттесу негізінде пайда болатын формалды мағыналық құрылымына ие белгілер тізбегі түрінде болатын хабарлама.
4
Г.В. Колшанский
Мәтін – кем дегенде екі мәлімдеменің байланысы, онда ең аз коммуникация актісі аяқталуы мүмкін - ақпаратты беру немесе серіктестер арасында ой алмасу.
5
Н.Д. Зарубина
Мәтін – сөйлеу түрінің жазбаша формада жазылған, қарым-қатынасқа бір қатысушыға тиесілі, толық және дұрыс рәсімделген сөйлеу жұмысы.
6
Л. М. Лосева
Мәтін – жазбаша хабарлама (хабарланатын нәрсе). Мәтін мазмұны мен құрылымдық толықтығымен сипатталады. Мәтін автордың хабарланғанға қатынасын білдіреді (авторлық қатынас).
7
Т.М. Дридзе
Мәтін – күрделі белгі және коммуникацияның ажырамас бірлігі. Бұл қарым-қатынас субъектілерінің ортақ тұжырымдамасы немесе коммуникативтік ниеті арқылы біртұтас тұйық иерархиялық коммуникативті-танымдық құрылымға функционалды түрде біріктірілген семантикалық элементтердің белгілі бір жүйесі.
8
И.Р. Гальперин, О.И. Москальская, Е.И. Шендельс және т.б.
Мәтін – қоғамда негізгі тілдік бірлік ретінде қызмет ететін, қарым-қатынаста семантикалық коммуникативті толықтығы бар «тілдің имитацияланған бірлігі» болып табылады.
Сонымен, мәтін сөйлеу сипатындағы құбылыс: ол қарым-қатынас мақсатына жету үшін жасалады және әрқашан қарым-қатынас актісімен байланысты.
Жоғарыда көрсетілген анықтамалардың ішінен В.А. Лукинаның анықтамасы біздің жұмысымыздың тақырыбына сай болғандықтан осы анықтама біздің жұмыстың негізі болып талынды. Себебі, бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында мәтін ретінде әртүрлі авторлардың туындылары немесе соның үзіндісі берілген. Сол туындылар бойынша мәтінмен жұмыс жүргізіледі.
Бөлімді қорыта келе, мәтінмен жұмыс дегеніміз – түсініксіз мәтіннен негізгі мағыналарын табу (немесе мәтінде ешқандай мағына жоқ екенін анықтау), жазбаша мәтіннің логикасын және мәтінді жазған автордың ойлау логикасын түсіну, қалпына келтіру дағдысы.