Мазмұны Кіріспе
1. ЖҮЙЕЛІ ТҰРҒЫДА ЗАМАНАУИ ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Заманауи жобалап оқыту технологиясының ұғымының мәні
1.2 Заманауи жобалап оқыту технология мәселесінің ғылымында зерттелуі
1.3 Заманауи жобалап оқыту технологиясының педагогикалық процесте жүзеге асырылуы
1.4 Г.К.Селевко бойынша Заманауи жобалап оқыту технологиясының классификациясы (жіктелуі)
1.5 Т.Галиев бойынша Заманауи жобалап оқыту технологиясының классификациясы (жіктелуі)
ЖҮЙЕЛІ ТҰРҒЫДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Информатика сабағында заманауи жобалап оқыту технологиясын қолдану тәжрибесі
2.2 ҚМЖ жасап сабақ жоспарына енгізу
3. ҚОРЫТЫНДЫ Кіріспе Өзектілігі. Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу – тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқушылардан танымдық, шығармашылық потенциалдық дамытуды талап етеді.
Заманауи жобалық оқыту технологиясы оқушыны жан жақты ойлауға дағдылайды.Біз басшылыққа алып отырған бұл әдісті шетелдік ғалымдардан Дж.Дьюи, У.Килпатрик, Э.Коллингсом,С.Т.Шацкий.
Дәстүрлі репродуктивті білім беру, оқушының пассивті бағынышты рөлі мұндай мәселелерді шеше алмайды. Оларды шешу үшін жаңа педагогикалық технологиялар, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді формалары, оқытудың белсенді әдістері қажет. Заманауи жобалық оқыту технологиясы әр пәнге арнайы жасалып, қолдануға тұрарлық оқыту әдіс, құралдары жеткіліксіз.Оның ішінде біз қарастыратын информатика пәнінде заманауи жобалық оқыту тәсілдері көптеп қажет.Компьютер алдында отыратын оқушыны сабаққа назар салып, берілген тапсырмаларды орындауға ынтасын ашатын тиімді жол керек. Олай дейтініміз, бүгінгі күнгі жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың жаңа оқу əдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.
Білім берудегі заманауи жобалық оқыту технологиясын қолдана отырып әрбір оқушының өзінің даму деңгейінде оқу материалының меңгеруін қалыптастыру талаптары мен бұл мәселені іске асыруда оған негіз болатын жаңаша оқу мазмұнын меңгертудің технологияларын қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты: “Білім берудегі заманауи жобалық оқыту технологиясы ” деп таңдауымызға себеп болды.