Реферат Тақырыбы: "Ес,эмоция туралы түсінік "



бет3/3
Дата21.10.2023
өлшемі29,33 Kb.
#120104
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
срезп (копия)

Естің поцестері. Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту.
Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады.
Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады.
Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді.
Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген.
Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген.
Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді.
Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз.
Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту - әдейілеп еске түсіру. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
Тану. Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану - бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде кӛрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы көргенін бірден қиналмай толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады.
Ұмыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Егер біз бұрын есте қалған нәрселерді есімізге түсіре алмасақ, бұрынғы қабылдағандарды тани алмасақ бізде ұмытудың болғаны. Ұмыту бірнеше себептерге байланысты.
1. Ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады.
2.Қабылданған материал онша ашық, анық эмоциялы болмаса тез ұмытылады.
3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу.
4.Қайталау мен жаттығудың болмауынан және кеш ұйымдастырылуынан болады.
5. Материалдың керексіз болуы.
6. Адамның миына зақым келсе оңың ойлау қабілеті бұзылып, тез ұмытады. Ұмыту нерв қызметінің күйіне байланысты. Нерв жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық күшті болады. Нерв жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездеседі. Мектепте мұғалімдер мұндай тежелулерді оқушыларда болдырмау үшін, сабақ кестелерінде ұқсас пәндердің қатар тұрмауын қадағалап, әр жастағы оқушылардың үй тапсырмаларының нормасы қатаң сақталынып, оқу әрекетін үнемі түрлендіріп отырулары керек.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды..
Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пәнi, эмоционалды уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).
Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттарда кездесетiн қақтығыстар: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады. Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы және адамның iшкi рухани әлемiн (зейiнiн, ойлауын, есiн, қабылдауын), физиологиялық процестерiн (жүрек қан—тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.) өзгертедi.
Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады.
Эмоциялардың негізгі атқаратын қызметтері:

  • Бейнелеу қызметі;

  • Ниеттендіру немесе ынталандыру қызметі;

  • Қолдаушы Қызметі;

  • Бейімделу Қызметі (Ч. Дарвин теориясы б/ша.;

  • Коммуникативтік қызметі;

  • Ықпал жасау қызметі.

Эмоционалды сферада адамдар арасында индивидуалды айырмашылықтар анық көрінеді. Тұлғаның барлық ерекшеліктері: оның мінезі және интеллект дамуы, қызығушылығы мен басқаларға қарым – қатынасы эмоция және сезім шеңберінде көрініс табады.
Тұлғаның эмоционалды ерекшеліктері: 1. жылдам немесе баяу қозғыш, 2. қысқа немесе ұзақ мерзімді эмоционалды тұрақты, 3. сезімнің тереңділігін, 4. күштілігін қарастыруға балады. Мұның барлығы темпераментке де байланысты болып келеді.
Адам практикалық және теориялық іс - әеректтің субъектісі, яғни сезімсіз автоматтар немесе машиналар сияқты емес, мақсаттар бойынша дүниені өзгерте алады, ол және әрекет ету арқылы тек қажеттіліктерді қанағаттандырып қоймайды, өзгерістер тудырады, ең негізгісі болып ол адамдармен қарым – қатынасқа түседі, түсе отырып олардың жауаптарын сезеді, көреді, осыған қобалжу туады.
2. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:

  • 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;

  • 2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;

  • 3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;

  • 4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;

  • 5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.

Есте сақтаудың тиімді әдісі қажетті материалдарды жаттап алу. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін мнемоника (жаттап алу амалы) деп атайды. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз жүзеге асады. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Адам оған өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртады. Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық пайда болады. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған нәрсе бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты — адамның әр түрлі іс-әрекеттері. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек. Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психология және нейропсихология бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан зерттеу қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда.
3. Бірнеше нерв орталығындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің жинақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама- қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.Нерв орталығының қызмет атқаруының негізгі қасиеттерінің біріне домината жатады. Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелуінің доминантасы (лат.доминанта — басым) туралы ілім бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір нерв ортлаығының қозуы басқаларының қозуын өзіне тарту арқылы белгілі бір сәтте басымрақ болады да, басқа орталықтарының қызметін өзіне бағындырады. Мұндай жағдайда басқа нерв орталықтарын қоздыратын тітіркендіргіштер доминантты орталықтың қозуын күшейте түседі.Себебі бұл сәтте баланың орталық жүйке жүйесінде басым нерв орталығы басқа орталықтардың қозуын өзіне тартып, қоза түседі. Бір мүшесі қатты ауырып отырған адамның ауырмайтын сау мүшесіне қол тиіп кетсе, оның ауру мүшесі одан сайын қатты ауырады. Бұл да басымдылыққа мысал бола алады. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан да баланың зейіні тұрақсыз болады.Жаңа тітіркендіргіштер оның миында басқа орталықтың басымдылығын тударыды.
Педагогикада кездесетін балалардың белсенді зейінін ми сыңарларында басым орталық және шетте индукциялы тежелудің пайда болуы мен түсіндіріледі. Балаларда белсенді зейіннің ұзақтығы жасына қарай әртүрлі. Кішкентай балаларда белсенді зейін нашар қалыптасады, тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды, 7 жасар балада 15 минут , 10 жаста – 20минут, 12 жаста – 25 минутқа созылады, 13 – 15 жас арасында – жарты сағаттай , 16 жаста – 40минуттай, ересек адамда бір сағатқа жуық.
Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген ,олардың біразы заңдылықтар ретінде дәлелденген. Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу материалдарын үмытпай, есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау- әрбір мүғалімнің міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Дуйсембин К. Жасқа сай физиология жане
мектеп гигиенасы
2 Сотбаева Х.К. Адам физиологиясы
3 Рустенова А.Р., Завадская Л.Н. «Практикум по физиологии»
4.Ермолаев Ю.А. Возрастная физиология М, Просвещение
1985
5. Хрипкова А.Г. Возрастная физиология М., 1978

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет