Реферат Тақырыбы: Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері Орындаған: Балтасұлы Нұрперзент



бет5/6
Дата11.11.2022
өлшемі1,72 Mb.
#49484
түріРеферат
1   2   3   4   5   6

4. Қызықты деректер


  • Л. Толстой өзінің "Война и мир" шығармасында Наполеон Бонапартты күлкілі әрі өте кішкентай адам ретінде суреттейді. Императордың бойы аласа болғандығымен, мұншалықты күлкілі адам болмағаны ақиқат. Оның бойы шамамен 157 сантиметр болған (5 фут және 2 дюйм). Бұл өлшемді біздің метрикалық өлшемге салсақ 170 сантиметрді құрайды. Ол өмір сүрген ғасырда бұл қалыпты өлшем болатын.

  • Гитлер мен Наполеонның өмірбаянында ортақ нәрселер көп емес. Бірақ сандар құдыреті таңқалдыра алады. Олардың өмірлеріндегі айтулы оқиғалар – өмірге келуі, билікке деген алғашқы қадамдары, австриялық астананы жаулап алуы және соғыста жеңілуі тұп-тура 129 жыл айырмашылықты көрсетеді.

  • Наполеон император ғана емес, академик те болған. Ол математикадағы ізденістері үшін Францияның ғылыми академиясының құрамына енген, өзінің теоремасын ойлап тапқан.

  • Наполеонды ешкім уландырмаған, бірнеше жылдар бойы оның ағзасы күшәладан зардап шекті.

  • Наполеон жақсы операның, әсіресе, италияндық операның жанкүйері болды. Бірақ қойылымға дейін де, қойылымнан кейін де эмоциясын мүлде білдірмейтін. Сахна өнерпаздарына бірде-бір рет шапалақ ұрмаған. Басқалар да императордан шапалақ көрмеген соң, өздері де қошемет көрсетуден бас тартатын. Қойылымнан кейінгі шыбын дызыңы естілетін тыныштықтың актерлерге қалай әсер ететіндігін өзіңіз де ойлай беріңіз, қошемет олар үшін арман болатын.

  • Наполеон өзінің жүрек жұтқандығымен ғана емес, қаталдығымен де танымал еді. Күндердің күнінде оның әскеріне өте жақын жерге снаряд түседі. Жарылуға шақ тұрған снарядтан барлық сарбаздар қаша жөнеледі. Мұны көрген император сабақ болсын деп атына мінеді де, снарядтың жанына барып тұрады. Қатты дауыс шықты да, жарылыс басталды. Бәрі аяқталғанда Наполеон ештеңе болмағандай жаңа ат әкелулерін сұрайды.
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет