Реферат Тақырыбы: "Ғабит Мүсірепов сөз зергері" Орындаған: м-20-3 студенті Нуртазина Айым



бет4/4
Дата01.03.2023
өлшемі41,06 Kb.
#70851
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Дінка реферат

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Елбасы
Қазақ кеңес әдебиетінің аспаны кең. Бірақ жарқырап көрінетін жұлдыздарға ғана сол аспан толып тұр деп айтуға батылың бармайды. Жамбыл, Сәкен жұлдызы, Ғабит жұлдызы бізге алыстан көрінеді, алыстан көрінсе де жанып, жарқырап көрінеді. Осы жұлдыздардың ең жарығы, ең биігі – Жәкеңдікі десек, ең сұлуы, ең нәзігі, меруеттей жалтырап көрінетіні – Ғабит жұлдызы дер едім.
Тұманбай Молдағалиев, ақын
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов - ұлттық өнеріміздің қалыптасып, көркейіп, кемелденуіне аса үлес қосқан «алыптардың» бірі. Тілге қатысты еңбектерінде Ғ.Мүсірепов – ана тіліміздің тазалығы, сымбаттылығы, мәдениетінің жоғары болуы жолында күрескен үлкен жанашыр жазушы.
Мырзатай Серғалиев , академик
«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жо қ, Мүсіреповпен мақтану керек».
Зейнолла Қабдолов, академик
«Қазақ әдебиетінде Әуезовтен кейінгі биіктен иеленген Ғ.Мүсірепов еліне, ұлтына, әдебиетіне адалдығы жағынан да, айналасына талантты жастар тобын шоғырландырып, оларды қорғап, қолдап отыру жағынан да зор құрметке лайық».
Шыңғыс Айтматов, қырғыз жазушысы

Қорытынды


Ғабит Мүсіреповтың қаламынан шыққан әрбір өміршең еңбегі үнемі оқырман жүрегіне жол тауып, оның асыл бұйымына айналып отырды. Ол – туған Отанының гүлденуіне үлкен еңбек сіңірген халықтың адал азаматы, қадірмен перзенті. Ғабит Мүсірепов – халықтың шын мәніндегі сүйікті жазушысы. Мүсірепов – қазақ әдебиетінде очерк, публицистика жанрларын дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның «Уақыт іздері» (1977) атты еңбегі идеялық сонылығымен ерекшеленді. Жазушы очерктерінің басым көпшілігі мазмұн тереңдігімен, шынайы көркемдігімен өзі өмір сүрген заманның талабына толық үндес келіп отырды. Мүсірепов 1970 жылдан күнделік жазуды әдетке айналдырған. Оның архивінде (мұражайындағы) жазушының 300-ден астам қойын кітапшалары сақталған. 1997 ж. Мүсіреповтің «Күнделік» атты кітабы жарық көрді (құраст. Ә.Нарымбетов).
Ғабит Мүсіреповтің сөз шеберлігі – қазақ әдебиетінің тарихында, әдебиеттану ғылымында мойындалған. Көркем әдебиетіміздің тамаша үлгілері ретінде Ғ.Мүсірепов туындыларының қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алғаны халқымыз үшін мақтаныш. Уақыт керуені тоқтамай үздіксіз жылжып жатыр, ал қара сөзбен айшықталған әсем ойлар, көркем көріністер санамызда өшпестей болып нұрланып тұра бермек. Ғабит Мүсіреповтің туындылары ескірмейді, бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың оқырмандары үшін де тозаң тимеген алмастай жарқырай береді.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Сүлейменов О. ...Всех их мы называем Учителями...//Казахстанская правда. - 1986. - 2 января

  2. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі//Мақалалар мен зерттеулер. - Алматы: Мектеп, 1981. - Б. 134-144.

  3. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар жинағы. 3 томдық. - Т. 1. - Алматы: Жазушы, 1980.

  4. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар жинағы. 15 томдық. - Т. 15. Халық мұрасы. - Алматы: Жазушы, 1979. - Б. 552; б. 584.

  5. Ғаламтор беттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет