Қазақ Инновациялық Гуманитарлық-Заң Университеті
Реферат
Тақырыбы: Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері
Группа: ФК-009
Орындаған: Уалибек Рахат
Тексерген: Ашимова Гульжанат Мухаметжановна
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:
касталар;
сословиелер;
таптар.
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе
Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады
жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
кшатрийлер (әскери адамдар);
вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған. Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған. «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды. Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.
Теңсіздік - экономикалық ресурстарға, әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың (страталар, таптар, касталар, топтардың) әртүрлі мүмкіндіктері.[1] Математикада бір шаманы екінші шамамен салыстыруда пайдаланады: >,<. Мысалы: 5>3 немесе 2<10
Әлеуметтік теңсіздіктің түрлері:
Игіліктерді бөлудегі теңсіздік
Бастапқы позициялардағы теңсіздік
Өзін-өзі жеілдіру мүмкіндігі теңсіздігі
Қоғам құрылғысымен негізделген теңсіздік - Игіліктерді бөлудегі теңсіздік д/а.
Ақпарат көздеріне, ақпараттың молшылығына, адам өскен әлеуметтік ортаға, материалдық молшылыққа қол жеткізудің жеңілділігіне байланысты жақсы білім алуға мүмкіндік. Бұл дегеніміз қандай да бір игіліктерге қол жеткізу перспективасы кейбір бастапқы шарттарға байланысты қойылады. Мұндай шарттарды «Бастапқы позициялардағы теңсіздік» деп атайды.
Ерекшелік пен дербестікке деген ынта қоғамдық қызығушылықтың намысына тиеді. Сол себепті қоғам тыйым сала бастайды, өзін-өзі жетілдіруге қажеттілікті қиындата немесе, керісінше, көтермелей бастайды. Бұл теңсіздік түрін «Өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі теңсіздігі» д/а.
Әлеуметтік теңсіздік әлеуметтік диференциацияның бір түрі. Әлеуметтік диференциация - қоғамдағы жаңа өндірістік күштердің, қоғамдық бөліністің және біркатар әлеуметтік топтардағы әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне себеп болатын бөліністің дамуына байланысты жаңа іс-әрекет түрінің пайда болуы процесі.
Əлеуметтану ғылымының негізі қаланғаннан бері, теңдік пен теңсіздік мəселесі зерттеліп келеді. Қоғам – ол жалпы кең ауқымды дүние болып табылатынын бəріміз білеміз. Табиғаттың өзінде көптеген теңсіздік бар екенін байқау қиын емес. Ал қазіргі таңда зерттеліп отырған теңсіздіктің бірнеше бағыттары – материалдық теңсіздік, рухани теңсіздік, саяси теңсіздік, сонымен қатар жыныс теңсіздігі. Əлеуметтану ғылымы 150 жылдан астам уақыт зерттеліп келеді, осы уақыт аралығында қоғамның көптеген бағыттары анықталды. Əлеуметтану ғылымының əр даму кезеңдерінде теңдік жəне теңсіздік мəселесі терең қарастырылып, келеді.
Қоғам мүшелерінің арасында əлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мəнін түсінуде əлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
«Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның əр даму сатысына тəн түрлі стратталардың болғанын білеміз.
Біз қоғамның əлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып кеткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың əлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында əлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мəселен, табыстарының көлемі, білім деңгейі, мамандықтағы мəртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ə) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық жəне жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен əлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар əлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады.
Қоғамдағы қалыптасқан діни-наным мен дəстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынас асауларына қатаң тыйым салынған. Брахмалық діни-наным бойынша, əр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.
Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары жəне төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал төменгі сословиеге қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы жəне төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Əсіресе XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мəні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.
Тек кейін К. Маркс жəне М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла бастады. К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан əрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нəтижесінде ол əлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті, бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен, К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда құл иеленушілік қоғамдықэкономикалық формацияның негізі таптары – құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.
Негізгі емес таптар – өткен дəуірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары.
Мəселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.
К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардан басқа əлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Əлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал буржуазиядан айырмашылығы меншік иесі емес. Олай болса, бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
К. Маркс интеллигенцияны əлеуметтік топқа жатқызады, өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз жəне олар шығу тегі жағынан да əртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық жəне пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.
К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тəсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мəнін түсіндірді жəне өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.
К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан əрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919 жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде ала- тын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына, қатынасына қарай жəне қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың əдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы, сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңбегін қанауды айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:
адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;
олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;
еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;
қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың əдісін;
қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.
Бұл белгілердің таза экономикалық сипа- ты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.
Əлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мəселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше жəне оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар де- ген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кəсіби дəрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.
Екіншіден, М. Вебер адамның статусын саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді.
М. Вебердің пікірінше, статус əлеуметтік топтар мен индивидтердің қоғамдағы алатын орны мен мəртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал адамның статусы білімі мен шеберлігінің дəрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.
М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге əсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар:
капитал иелерінің табы;
интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;
дəстүрлі ұсақ буржуазия табы;
жұмысшы табы.
Сонымен, М. Вебердің ұсынған əлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға жіктеудің біршама кең өлшемдері берілген.
Ғылыми əдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи жəне əлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді.
Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мəселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.
Ерлер мен əйелдер арасындағы теңсіздік ерте заманда пайда болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Барлық дерлік ерлерде əйелдерінің табыстарының көлемі ерлерге қарағанда төмен. Əйелдер арасындағы жұмыссыздықтың да деңгейі жоғары.
Əлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кəсіби мамандануы ықпал етеді.
Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық жəне өнеркəсіптік деп жіктелуіне байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне əкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандылығы, тұрмыстық жəне мəдени қызмет көрсету салаларының, саяси жəне басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тəн сипатты белгілер.Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нəтижесінде қоғамда білімі мен кəсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті. Aғылшын тiлiнен аударғанда гендер «тек» деген мағынаны (ағыл. gеndеr – тек, грамматикалық ұғымы: орыс тiлiндегi женский род, мужской род, средний род) бiлдiредi. Америкалық сөздiкте оның тағы бiр мағынасын табуға болады, мұнда «гендер» терминi қай топқа, тапқа, caнатқa жататындығын көрсететін қатынас көрінісі. Басқаша айтқанда, гендер бiр нысан (не затпен) мен бұрыннан белгiлi (тап, топ) басқа заттың қатынасын бiлдiредi.
Яғни гендер тап iшiндегi бiр нысанға не индивидке сол тап iшiндегi ұстанымды, сондайақ қалыптасқан таптардың басқаларға қатысты ұстанымын белгiлейдi жəне бекiтедi. Гендер дегенiмiз – əлеуметтiк қатынас (биологиялық жыныс емес); немесе əрбiр жеке тұлғаның арнайы əлеуметтiк катынастар терминiндегi көзқарасы.
Гендерлiк теңсiздiк бұл, ең алдымен, əлеуметтік теңсіздік. Қоғамдағы əлеуметтiк теңсiздiк негiзiнен, тоқырау – қоғамдық таптардың сатылық ретке келтiрiлген рангпен бөлiнуi (мысалы, мынадай критерийлер бойынша: байлығы, билiгi, мəртебесi жəне басқалары) peтiндe ұғынылады.
Теңсiздiк адамзат қоғамының түбегейлi сипаттамасы болып табылады. Teңдiк пен теңсiздiк идеясының түп-тамыры ежелгi мифтер мен ертедегi дiни iлiмдерге барып тiреледi. Қоғамдық ой жасаған социум идеалы едəуiр дережеде уақыттан тыс, түйiндi сипатты иеленді: ол iштeй қарама-қайшылыққа душар болып, ақыр coңындa, күйреуге ұшырады. ХХ ғасырдың соңында П. Сорокиннiң өз заманында жасаған қоғамның таптарға бөлiнбей өз мүшелерiнiң нақты тeңдiктe болуы – миф, ол адамзат қоғамында ешқашан да ақиқатқа айналмайды деген ғылыми болжамы расталды.10>
Достарыңызбен бөлісу: |