Реферат Тақырыбы: Кіші, орта, жоғары сынып оқушыларының түйсік және қабылдау дамуының жас сипаттамалары



бет3/9
Дата19.04.2023
өлшемі46,84 Kb.
#84184
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Эрмаков Самандар

2.2 Жас ерекшеліктері туралы түсінік
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю — ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру — бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. 
Кіші сынып балалары (6-11 жас)
Бастауыш сынып оқушылары көбіне сурет пен таңба арқылы ақпаратты сақтайды.
Саусақ сүйектерінің қатаюы 9-11, ал білек сүйектерінің қатаюы 10-12 жасқа дейін қатаяды. Дене өсуімен қатар сүйек қаңқасының қалыптасуы жүреді. Ірі бұлшық еттер майдалардан ертерек жетіледі. Бастауыш мектеп жасында қайта жасау қиялын мектептегі барлық сабақтарда обьектілерді жобалау жағдайында сипаттауда тура көрсетілмеген, бірақ соларды заңды түрде туындайтын анықтай және бейнелей білуді, екіншіден, кейбір обьектілердің, олардың қасиеттері мен күйлерінің шарттылығын түсіне білуді қалыптастыру жолымен дамиды. Бастауыш балалары әңгіменің сюжеттік жүйесін өзгертеді, оқиғаларды уақытына қарай елестетеді, бірқатар обьектілерді жалпылап көрсетеді. Түйсіну әрекеттері көбіне әлі мектеп жасындағы балалардікіндей. Бастауыш балалары нақтылы заттарға немесе оның дәл баламаларына, бейнелеулерге сүйенеді. Кіші бастауыш кезеңде балалар кездейсоқ мәліметті ксте сақтауға бейім. Үшінші сыныптың өзінде ерікті мимкалық әрекетті тек 10% оқушылар ғана меңгереді. Жасы өсе келе мимкалық әрекет ерікті, әрі мазмұнды бола түседі. 8-10 жаста жаттауға қабілеті артады. Оқыту басталарда, мектептегі оқуды баланың эгоцентризммен ерекшеленеді. Кіші оқушының ойлауының түрі - көрнекі бейнелік, логикалық болады. Грамматикалық сөйлеудің қатары дамиды, бала затпен қатыстырмай сөз жұмыс істеуге үйренеді. 9-6 жаста жазылуы жағынан ұқсас әріптермен сандарды шатастырады, 2-5 жасында суреттерді қабылдап бастайды, 6-9 жас аралығы бейнелеп түсіндіру сатысы, 9-10 жастан бастап суретті тұтас суреттеу. 10-11 жас уақытты қабылдау дами бастайды. Бұд кезеңде көрнекі-образдың ойлаудың көп мән беретіндігіне қарамастан, баланың қабылдағаны оған ой жүргізіп дұрыс тұжырым жасауға кедергі келтірмейді. Бастауыш мектеп жасында алғаш рет құрдастарына еліктеу пайда болды. Еліктеушілік бастапқыда құрласы сияқты әрекет етуге, сабақта одан қалып қоймауға ұмтылуынан көрінеді.
Орта сынып оқушылары (12-15 жас)
12-15 жас аралығындағы балалардың ойлауы гипотетикалық-дедуктивті теориялыұ ойлау болады. Оқу материалы ойлау әрекетінің жоғаоы дамуы деңгейін қадет етуі және ең 1-ші кезекте интеллектінің дамуына бағытталған. Ойдау сапасы ретінде сыншылдығы дамиды, олар мұғалімнің тілінен қателер іздеуді жақсы көріп тұрады. Ер балалар үшін өздерін нағыз еркектер сияқты ұстайтын адамдар үлгі болады. Сондықтан 12-13 жастан бастап ер балалар өздерінің физикалық жақтарына көп көңіл бөле бастайды: спорттық секцияларға жазылады, күштерін дамытады.
Қыз балалар әйел адамдарға ұқсаысы келеді, әдемі, сүйкімді, өзгелердің арасында танымалдылыққа еліктейді. Олар боянуға, киімдеріне көңіл бөліп, еркелік тәсілдерін меңгереді. Олардың есте сақтау қабілеті жақсарады, есте тез сақтайды, кіші мектеп оқушыларында есте қалдыруға түсіну орын алады. Есінің өнімділігі жақсарып, есте тез, әрі ұзақ мерзімдік естің көлемі артады. Л. С. Выготский бозбалалардың қызығушылықтар проблемасын ерекше бөліп көрсетті, оларды ол доминанталар деп атады. Ол келесі доминанталардың болуын атап көрсетті:
-эгоцентрикалық
-алыстық доминантасы
-романтика доминантасы
Қазіргі кезде жеткіншектердің қажеттіліктерінің қалыптасуына көбінесе жарнамалар ықпал етеді. Осы жаста белгілі бір заттардың болуына көп көңіл бөледі: жарнамадағы заттарды ала отырып, жеткіншек қоғамдық ортада және құрдастарының арасында құндылықтарға ие болады. Осыған байланысты жарнама, теледидар қандайда бір деңгейде жеткіншектердік қажеттіліктерін қалыптастырады деп айтуға болады.
Жоғарғы сынып оқушылары
15-17 жас
Өзіндік ерекшеліктерді білу қажеттілігі, өзінн деген қызығу, өзі туралы ойлану жеткеншек кещеңінің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу, бұл кезең бойында сақталады. Бұл жаста теориялық ркфлексивті ойлав дамиды. Бастауыш жасында қалыптасшан операциялар формальды-логикалық операцияға айналады. Бұл жаста интеллектуалды тапсырманы шеше отырып гипотеза қоя алады. Проблеманы шешуде түрлі бағыттарды іздеуге ұмтылады. Классификация, аналогия, жалпылау сияқты операциялар дамиды. Өзіндік сананың ерекше формалары - ересектік сезімі және “Мен тұжырымдамасы” пайда болады. Ересектік сезімі өзіне ересек адам ретінде қатынаста болуы, өзін ересек адам ретінде сезінуі. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз — өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән. Осыларды қорыта келе, әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы – түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тәрбие-тәлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық және физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет