2.3. Кіші, орт, жоғары сынып оқушыларының түйсік және қабылдау дамуының жас сипаттамалары
Бүгінгі таңда бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту, психологиялық денсаулығын нығайту болып отыр. Кіші мектеп жастың шегін көбінесе 6-7 жастан 9-10 жасқа дейінгі кезеңді санайды. Бұл елеулі өзгеріс баланың әлеуметтік жағдайының дамуындағы өзгерістер, оқушы ретінде алатын орны, жаңа оқу әрекетіне байланысты ол нормативті психологиялық күйзеліске тап болады. Бұл кезеңде бала өз дамуында екінші физиологиялық күйзеліске ұшырайды. Ол да 7 жаста болады. Оның ағзасында эндокринді қозғалыс күрт өзгереді, соған қоса денесінің, ішкі мүшелерінің қарқынды өсуі де байқалады. Сонымен, әлеуметтік-психологиялық өзгерістер бала өмірінде физиологиялық өзгерістермен сәйкес келіп, одан шамадан тыс жинақылықты талап етеді. Бұндай өзгерістерге баланың бейімделуіне, жаңа талаптарға сәйкес келуге үйренуге уақыт қажет. Сол себептен оқу жылының басында жиі кездесетін мектепке қызығушылығының төмендеуі, жылауы, тез шаршау, т.б бұл кезеңге тән сипат және бейімделу үрдісінің көрінісі болып табылады. Мектепке алғаш келген балалардың бойына мектептік өмірдің басталуы күрт өзгеріс әкеледі. Өйткені бала мектеп қабырғасына келе отыра ұжымға, жаңа талаптарға, күнделікті міндеттерге үйренуі қажет. Баланың мектепке келуі жүйелі психикалық дамуымен сәйкес келеді. Яғни, танымдық әрекеттері, әртүрлі ес түрлері, сөздік логикалық ойлаулары дамиды. Баланың мектепке бейімделу ұзақтығы бес-алты апта, яғни қазанның он-он бес күндеріне дейін созылады. Ең күрделісі бірінші және алтыншы апта болып табылады. Баланың денсаулығының жағдайына байланысты мектепке бейімделуі әртүрлі болып та келеді. Баланың мектепке бейімделуі психологиялық негізгі көрсеткіші тұрақты мінезінің қалыптасуы және оқытушы, оқушылармен қарым-қатынасты бекітуі, оқу әрекеті мен дағдыларын меңгеруі болып табылады. Бейімделу баланың өзіне, өзінің өміріне қанағаттануы немесе қанағаттанбаушылығы, өзін сезінуі және оны әлеуметтік жағдайының нақты келтіру деңгейі болып табылады. Тәжірибеде көбінесе баланың мектепке бейімделу қиындықтары ата-аналардың мектеп өміріне және мектептегі баланың үлгеріміне деген қарым қатынасына байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |