Реферат Тақырыбы: Кіші, орта, жоғары сынып оқушыларының түйсік және қабылдау дамуының жас сипаттамалары



бет6/9
Дата19.04.2023
өлшемі46,84 Kb.
#84184
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Эрмаков Самандар

Мақсаты: Топ бірлігін нығайту.
Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалімнің қолында «Күлкі» салынған қағаз. Оны шеңбер бойы жүргізіп отырып, «Мен сені көргеніме қуаныштымын» деген сөйлемді әртүрлі дауыс ырғағымен айту керек.
Соңында талдау. Қай дауыс ырғағы жақсы және көңілге жақын естіледі?
«Мейірімді сөздер» ойыны
Мақсаты: Басқаның жақсы жақтарын көре білу; тұлғалық даму тәсілдерін таба білу.
Жүргізуші: Балалар да үлкендердің өздерің мақтағанын ұнатады.
Осыған байланысты мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-біріңе көптеген жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып тұрыңдар. Жүргізуші ойыншылардың біреуін ортаға шығарып, қара шынылы көзілдірікті «ол сиқырлы» деп түсіндіріп киюді сұрайды. Өзінің оң жақтағы көршіңе қара, ол сенің көзілдірігіне қарап тұрып «Түсімде немесе өңімде, менің бойымда қандай жақсылық бар?» деген сөздерді айтсын. «Көзілдірік» (демек көзілдірік киіп тұрған адам) оның атынан қандай да бір жақсы сөзді оған айтсын. Көзілдірік оған қараған балаға беріледі, ал оның көршісі жаңағы сиқырлы сөзді айтады.
Керемет! Бір-бірлерінді жиі мақтауға тырысындар. Осылайша өздерінің достарының көңіл-күйлерін көтересіңдер. Ал егер досының көңіл-күйі жақсы болса, онда сенің де көңіл-күйің жақсы болады.
Амандасу – «танысу». Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы; мен Айгүл ақкөңіл қызбын, Серік, сенімді жігітпін.
Мақсаты: Әркім өзін топтың бөлшегі ретінде сезіну, бір-бірімен жақындаса түседі, сол өзінің есімін айтып, келесі отырған көршісіне беріп, өзінің кішкентай бала кезін еске түсіріп, тілек айтады. Есімін айтқанда, сол бала кезде атаған сөзбен айтуға болады. Талдау: Осы жаттығуды орындағанда қандай сезімге бөлендің?
«Топпен амандасу» жаттығу
Мақсаты: коммуникативті дағдысын дамыту, топпен әрекеттесу, лидерлік
қабілетін айқындау, кернеуді басу.
Нұсқау: Қазір мына принцип бойынша 4 топқа бөлінеміз; Қыс. Көктем. Жаз. Күз. Әр топтың міндеті ым немесе ишарамен амандасу.
Талдау: Осы жаттығу сендерге қаншалықты ұнады?
Сіздің тобыңыз осы тапсырманы қалай орындады?
Амандасу әдісі тез арада туды ма? Амандасудың қай түрі сендерге ұнады?
Амандасудың «ерекше» түрі көрсетілгенде, сендерде қандай ойлар туындады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет