3 Қорытынды
Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді.
Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды.
Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз — өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.
Осыларды қорыта келе, әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы – түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тәрбие-тәлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық және физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |