Вегетативтік жүйке жүйесінің маңызы Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама-қарсы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп, күшентсе, па- расимпатикалық жүйке, керісінше, оны сиретіп, әлсіретеді, Бірақ бұл - мызғымас зандылық емес: вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімі әрдайым қарсылас (антогонистік) әсер ете бермейді, кейде антогонизм - абсолюттік емес. Мәселен, ішек жиырылуы күшейіп кетсе, симпатикалық жүнке оны әлсіретеді не тоқтатады, ал ол әлсіреген сәтте әсер етсе, онда ішек қимылы жиілеп күшейе бастайды, басқаша айтқанда жүнке әсері ішектің бастапқы қызмет жағдайына байланысты. Мұнда абсолюттік антогонизм жоқ. Кейде қарама-қарсылық бар сияқты болып көрінеді, бірақ әсер механизмінде бірлік байқалады.
Симпатикалық жүйке көздің қарашығын кеңейтеді, ал парасимпа- тикалық жүйке оны тарылтады. Сырттай қарағанда бұл қарама-қарсылық, бірақ парасимпатикалық жүйке де симпатикалық жүйке де көз қарашығының диаметрін өзгертетін еттерді жиырылтады. Симпатикалық жүйке жиырылтып көз қарашығын үлкейтсе, парасимпатикалық жүйке жиырылтып көз қарашығын кішірейтеді (тарылтады). Сонымен көз қарашығының үлкеюі және кішіреюі осы маңайдағы еттердің жиырылуынан болатын құбылыс. Бұл, механизмде антогонизмнің жоқтығын, керісінше, бірлік барын көрсетеді. Тағы да бір мысал. Вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдеріне - синергизм (қосарлас), яғни бірыңғай қимып жасау тән. Сілекей бөлінуін симпатикалық жүйке де, парасимпатикалық жүйке де үдетеді, екеуі де секрециялық жүйке.
Кейде вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің әсері олардан бөлінетін медиаторлардың және бұлармен әрекеттесетін қабылдағыштар түріне, сондай-ақ дәнекерші заттарды ыдырататын ферменттердің белсенділігіне байланысты.
Вегетативтік жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция (ыдырау), ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция (түзілу) үрдістерін күшейтеді; симпатикалық жүйке зат алмасу қарқынын күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше оны төмендетеді.
Симпатикалық жүйке трофикалық (нәрлендіру) әсер етеді. Мұны бірінші рет тәжірибе жүзінде И.П. Павлов дәлелдеп берді. Жүрек лүпілін күшейтетін жүйкені ол нәрлендіруші жүйке деп атады. Симпатикалық жүйке жүйесінің нәрлендіру әсерін кейін Л.А. Орбели, А.Д. Сперанский зерттеді. Жүйке жүйесінің нәрлендіру әсері әлсіресе, адам денесінде трофикалық жаралар пайда болуы мүмкін. ВЖЖ әрекеттерді, заттар алмасуы мен қоректенуді өзгерту арқылы да реттейді.
Жұлынның сегізкөз тұстас тармақтарында (сегменттерінде) тіршілік етуге өте-мөте қажет әрекеттерді қамтамасыз ететін зәр, нәжіс шығару және жыныс қатынасы орталықтары орналасқан.
Вегетативтік жүйке жүйесі орталықтағы басқа бөлімдермен бірлесіп, адамның көңіл-күйін (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны - адреналин көбейеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі атқаратын қызметтердің бірі - шеткі рефлекстер тууын қамтамасыз ету.