Реферат тақырыбы: Перикард,миокард және эндокард ауруларын дербестеу Орындаған: Ерғарина Әсел вм-409



бет3/4
Дата30.04.2022
өлшемі287,51 Kb.
#32889
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Асель ЖІАКБ

Симптомдары. Перикардит тудырған себептері мен даму кезеңдеріне байланысты өтеді. Құрғақ перикардитте дененің қызуы көтерілуі мен тамыр соғуының жеделдеуі қосарланады. Бұған көбінесе, негізгі аурулар себепші болады. Ауру малдың жалпы жағдайы күйзеліңкі. Жем-шөпке тәбеті тартпайды.

Ауру жылқылар жатпайды, сиырлар шұғыл қимылдардан қашқалақтайды, көбінесе алдыңғы аяқтарын алшақтап ұстайды. Ауру асқынған сайын тамыр соғуы бәсеңдеп, толуы азаяды. Жүрек түрткісі күшейеді. Жүректің тұсын сипалағанда не балғашықпен ұрғанда ауырсынады. Жүрек саздары перикардиальді үйкеліс шуылдары мен қосарланады-ылғалды (экссудативті) перикардитте қан айналысының бұзылуы айқынырақ білініп, аурудың жалпы күйі нашарлайды. Алғашқы кезде ауру малдың ылғи да дене қызуы көтеріледі. Жүрек қаптарының қуысына экссудаттың толуына байланысты оның үйкеліс шуылдары жоғалып кетеді.

Жүректің соғуы жиілейді (ірі қара малда жүректің соғуы бір минутте 120-ға дейін жетеді, қалыпты 50-80). Тамыр соғуы бәсең, толуы нашар, кейде желісі жіп тәріздес болып, ырғақсыздық жиіленеді. Жүрек түрткісі әлсірейді, жайылып кетеді, жоғары, артқа және оңға қарай ығысқан. Жүректің айналасындағы салыстырмалы және абсолютті дүңкілдері бірыңғайланып, дүңкіл көлемі ұлғайып кетеді. Жүрек тұсын балғашықпен тықылдатқанда ауырсынады.

Жүректің соғу дыбыстары әлсірейді, алыстан есітіліп тұрғандай күнгірттенеді. Ауру ары қарай дамыса (жиналған экссудаттың шіруінен қуыста газдардың пайда болуына байланысты) шалпыл дыбыстар естіледі. Газдардың жиналуы перкуссия жасағанда жүрек тұсының жоғарғы жағынан дүңкілдің ашық (тимпаникалық) дыбыстарын шығартады. Жүрек жан-жақты қысылғандықтан венадағы қан жүрісі баяулайды, мойын көк тамыры қанға толғандықган білеуленіп кетеді. Ауру мал мойнын созып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, шынтақтарын кеудесінен тысқарылатып тұрады, кейде ыңқылдайды. Жүрек пен қан тамырлар қызметтерінің нашарлағанын көрсететін негізгі белгілер- ентігу, көгеру, ісіну, жүрек соғуының жиілігі мен ырғақтығының бұзылғандығы білінеді. Ісіну, ірі қара малдардың, көбінесе, ұртында, шықшытында, алқымында орналасады. Ісіну қанның іркілісінен де (қан мен лимфа айналасының нашарлауынан), қабынудың салдарынан да болуы мүмкін. Бездері жиі шошып, көлемі ұлғаяды, әсіресе жауырын алдындағы бездердің көлемдері қатты ұлғаяды. Электрокардиограммада кертпештердің биіктігі күрт кішірейеді, кішіреюі, әсіресе, бірінші тармақ алынатын аяқтардан жақсы байқалады. Жүректің қосымша жиырылуы және басқа да жұмыс ырғағының бұзылуы айқындалынады. Артерияда қан қысымы азайып, венада көтеріледі (600 мм сынап бағанасына дейін, қалыппен 80-130 мм). Қан ағысының жылдамдығы бәсеңдейді. Ядросының ығысуы регенеративті (қалпына келген) немесе дегенеративті (азғынды) түрлерінде кездесетін нейтрофильді (дақты) лейкоциттердің көбеюі жиі кездеседі.

Жүрек қабының қабынуы ұлтабаралды қарындардың қозғалыс күштерін әлсіретеді (гипотония немесе атония), бауырдың, өкпелердің және басқа да ағзалардың қызметін бұзады. Несепті тексергенде, көбінесе, белок (нәруыз), альбумоздар және индикан анықталынады.

Өтуі. Жарақатсыз перикардиттің өту барысы оның пайда болу себептеріне байланысты. Құрғақ перикардитпен ауырған малдар қысқа мерзім аралығында жазылып кетуі де мүмкін. Ылғалды (экссудативті) перикардит ұзаққа созылады, ауыр өтіп, көбінесе өлім-жітіммен аяқталады. Жарақаттан болған перикардит малдың жанына қатты батып, ұзаққа созылады (бірнеше аптадан бірнеше айға дейін). Кей кездерде, жүректің еті мен ішкі қабаты зақымданса, ауру тез өтіп, бірнеше тәуліктердің ішінде-ақ ауру мал өледі. Өте сирек жағдайларда, жарақаттаған бөтен үшкір заттар жүрек қабының қуысынан кеуде қабаты арқылы сыртқа шығып кетіп, мал өздігінен де айығып кетуі мүмкін.

Балау. Құрғақ перикардит, жүрек тұсын ауырсынуы, үйкеліс шуылының пайда болуы, жүрек түрткісінің күшеюі, жүрек соғуының жиілеуі және басқа да тән белгілері арқылы анықталынады. Ылғалды перикардит жүрек түрткісінің нақтылы орнын өзгертіп, күшінің әлсіреуімен, түрткісінің жайылып кетуімен, салыстырмалы және абсолюттік дүңкілдердің бірыңғайланып, көлемінің ұлғаюымен, жүректің соғу дыбыстарының бәсендеп күнгірттенуімен, тездетілуімен, шалпыл дыбыстарының пайда болуымен, мойын көк тамырының толып кернелуімен, ісінулермен бейнеленеді. Рентгенмен тексеру, ауруды диагностикалауда құнды мәлімет береді. Онда жүректің көлемі қатты ұлғайып, оның кескіні қозғалысқа келмейді, жүрек пен көк ет (диафрагма) үшбұрышының көлемі анық көрінбей, көмескіленіп кішірейеді, жүрек тұсының үстіңгі жағындағы көрініс жарықтанады (жүрек қуысына газдың жиналуынан).

Ауруды диагностикалаудың дұрыстығына күдік туған жағдайда күмәнданбас үшін жүрек қабының қуысын зарарсыздалынған инемен сол жағындағы төртінші қабыртқаның арасынан, иық буыны сызығы мен шынтақ арқылы өтетін түзулердің ортасынан теседі. Дұрыс нәтиже алу үшін қуысты новокаинмен блокада жасайтын инемен тескен жөн.

Дербестеу. Ылғалды (экссудативті) перикардитті перикард шеменінен, плевраның (көкіректің сірі қабығы) ылғалды қабынуынан дербестейді. Құрғақ перикардит пен ылғалды (экссудативті) перикардиттің басталу кезін құрғақ плеврит пен жіті өтетін миокардит және эндокардиттерден дербестейді. Перикардт шеменінің перикардиттен айырмашылығы, жүрек тұсын басқанда ауырсынбайды, дененің қызуы көтерілмейді, ал ылғалды

(экссудативті) плевритте дүңкілдеген дыбыстар көлденең түзу сызық бойында күңгірттенеді. Құрғақ плевритте үйкеліс шуылы тыныс ырғағына сәйкестенеді. Миокардит пен эндокардит өздеріне тән белгілермен өтеді.

Болжамы. Перикардиттің болжамы шүбәлі, жарақатсыз түрінің барысы, негізгі аурудың жайына байланысты болады. Ірі қара малда өтетін жарақатты перикардиттің болжамы көбінесе жақсы нәтиже бермейді.

Емі. Ем, ең алдымен, перикардитке себепші болған негізгі ауруға бағытталады. Бастапқы кезде ауру малдың жүрек тұсына суықтық тартады, су мен қомақты азықтар беруді азайтады. Жіті жарақатсыз перикардитте пенициллин қатарлы антибиотиктермен (натрий тұзды ампициллин, оксициллин, бензилпенициллин), алиногликозидтер (стрептомицин, гентамицин, аминокацин, цифолоспориндер (цефазолин), сульфаниламидтер тағайындайды. Жиналған экссудатты кетіру үшін несепті айдайтын дәрі-дәрмектер, йодты препараттар беріп, артериядағы қысым азайғанда глюкозаға қосып кофеин қолданады. Йодты препарат ретінде ірі қара малдарға кальцийодинді аузынан күніне 1-3 рет 2-10 грамнан, ұсақ малдарға 0,2-1 г. береді.

Кофеин-натрий бензоатын немесе кофеин-натрий салицилатын тері астына мынадай мөлшерде енгізеді: ірі қара мал мен жылқыларға 3-8 г, ұсақ мал мен шошқаларға 1-2 г., иттер мен түлкілерге 0,2-0,5 г, тері астына кардиомин ірі қара малға 10-15 мл, итке 0,5-1,5 мл.

Глюкозаны ауыздан беруге де болады,бірақ 30-40 % ерітіндісін қантамыры арқылы енгізген пайдалы, мөлшері: ірі қара мал мен жылқыларға 30-150г, ұсақ малдарға 10-30 г, иттерге 2-8 г, түлкілер мен ақ түлкілерге 2-5 г.



Перикардиттің жарақаттан болған түрін кей жағдайларда операция жасап, ауырған малды аман сақтап қалуға болады.

Сақтандыру шараларының мағынасы басты ауруларды дер кезінде емдеп жазуға бағытталған. Ірі қара малда жарақаттан пайда болатын перикардитті сақтандырудың маңызы өте зор, ол үшін төмендегідей әрекеттер жасалуы керек:

а)малмен жұмыс істейтін адамдардың арасында насихат жұмыстарын жүргізу;

б)сусымалы жемдерді магнитті қондырғылардан өткізу;

в)сыммен байланған тең шөптерді арнайы құралдармен мал қораларында емес, арнаулы жерде шешіп, сымдарды шашпау, малды байлайтын шынжырлар үзілген жағдайда оларды жалғау үшін сымды қолданбау;

д)темір-терсектермен былғанған жерлерге малды шығармау және жаймау;

е)жебірліктің себебінен түрлі бөтен өткір темір-терсек заттарды жалатып, жұтқызбас үшін малдарды минералды-витаминді азықгармен толық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

ж)қала маңындағы және басқа да жарақатты перикардит жиі кездесіп тұратын шаруашылықтарда барлық сиырлардың жұмыршақ қарнына сопақша магнитті енгізіп, оларды Меликсетянның магнитті зондымен, оқтын-оқгын Коробов немесе Телятниковтың магнитті зондтарымен қайтадан шығарып тазалап тұру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет