Реферат Тақырыбы: Шағын жинақталған мектептің ерекше артықшылықтары мен қиындықтары


Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар



бет3/4
Дата28.06.2022
өлшемі26,35 Kb.
#37385
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
2 апта Сро шағын жинақты мектеп

Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;
- оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;
- оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;
- үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.
Шағын жинақты мектеп саны жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай отырғаны белгілі. Олай болса, бұндай мектептегі оқу сапасы барлық ел азаматтарының білім көрсеткішіне әсер етеді. Ал оқу сапасы оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Сондықтан да ғылыми жұмыс тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болып саналады.
Шағын комплектілі мектепке тән қиындықтар әр жастағы оқушылар ұжымын бір сынып комплектіде оқытуда ұйымдастыру, бір пәндік немесе әртүрлі пәндік сабақтарды өткізу, кадр, әдістемелік және материалдық-техникалық базаның қамтамасыз етілмеуі.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеру де ойдан шықпауға тиіс. Жас баланың, яғни, бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз еркі өте басым болатыны белгілі. Әсіресе, бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып, өз жұмысы орындалмай қалуы ықтимал. Сондықтан да, оқушыларды нәтижелі іске жұмылдыру жолы олардың өздігінен орындайтын жұмыстарының мазмұнына мұқият қарастырып, өзгертіп отыруды талап етеді.
Шағын комплектілі мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары:
сабақ оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы,
бірнеше сыныптың материалы бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы;
көрнекі, дидактикалық құралдар алдын ала дайындалуы;
сабақ тақырыбындағы өзара байланыс халықтық педагогикаға негізделуі керек.
Шағын комплектілі бастауыш мектепте сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру, негізгі бастауыш мектеппен салыстырғанда қиынға түседі. Мұғалім бір сыныппен жұмыс жасағанда, екінші сыныпқа өздігінен орындайтын тапсырмалар береді (жазу, оқу, сурет салу т.б.).
Бір тақырыптық жүйемен жүргізілетін сабақтың түрлері әр сыныптағы балалардың зейінін, ойлау қабілетін бір мақсатқа жұмылдыра отырып, оларды тапсырманы алаңдамай, ойланып орындауға бейімдейді. Сонымен қатар, мұғалім екі немесе үш, төрт сыныппен қатар жұмыс жүргізгенде бәріне бірдей көңіл бөлуге міндетті болады.
Шағын жинақталған ауыл мектептері оқушыларының бойына табиғатты қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар.
Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек, шағын комплектілі мектептің жұмысын жетілдіру, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру – маңызды әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық проблема.
Шағын кешенді мектептердің әлі де шешілмей жатқан проблемалары жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет