1.1. XVIII ғасырдың ортасы: қазақ жерін алғашқы зерттеу XVIII ғасырдың ортасында орыс зиялылары осы бірегей жерді алғашқы жүйелі зерттеу дәуірін бейнелейтін Қазақстанға назар аударды. Қазақ даласының кеңдігін бағындырған алғашқы зерттеушілердің бірі Иван Иванов болды, оның "қазақ Даласын зерттеу тәжірибесі" (1767) атты еңбегі танымның алғашқы қадамы ғана емес, кейінгі зерттеушілер үшін бастапқы нүкте болды.Иванов Қазақстанның географиясы, этнографиясы мен экономикасының маңызды мәселелерін көтеріп, оқырмандар алдында осы аумақтың жан-жақты келбетін ашты. Оның еңбегі кейінгі зерттеулерге әсер етіп, қазақ жерлерін зерттеу дәстүрін бастады. XVIII ғасырдың ортасы Қазақстанның қоғамы мен мәдениетінің дамуына географиялық ерекшеліктердің ықпалына терең көзқараспен қарады. Орыс зерттеушілерінің табиғи ресурстарға, климат пен географияға деген қызығушылығы қазақ халқының табиғаты мен өмір салты арасындағы байланысты түсінуге деген ұмтылысты айғақтайды.Қазақстанның географиялық ерекшеліктері орыс зиялыларының қабылдауына айтарлықтай әсер етті. Рельеф, климат және табиғи ресурстар аймақтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін анықтайтын негізгі элементтерге айналды. Бұл аспектілер өз кезегінде қазақ халқының өмірі туралы түсініктерді қалыптастырды.Географиялық фактор жергілікті халықтың табиғаты мен өмір салты арасындағы байланысты түсінуге ықпал ететін мәдени диалогтың ажырамас бөлігіне айналды. Географияның бұл әсері орыс зиялыларына ұзақ мерзімді әсер етіп, оның Қазақстанға геомәдени зерттеулер контекстінде бірегей және маңызды орын ретінде көзқарасын қалыптастырды.Осылайша, 18 ғасырдың ортасы кейінгі кезеңдерде тереңірек зерттеуге жол ашып, қазақ жерін зерттеудегі алғашқы қадамдар кезеңі болды. Иванов пен оның замандастарының еңбектері осы бірегей мәдени және географиялық аймақтың картасын қалыптастыруға құнды үлес қосады.
2.1.ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі ғалымдардың қазақ өлкесін зерттеуге қосқан үлесі. Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларын шоғырланды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С.Броневскийдің «Орта жүз қырғыз- қайсақтары туралы жазбалар” атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан , өмірі мен тұрмыс тіршілігінен құнды деректер келтірілген. Белгілі тарихшы А.И.Левшин «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды.Ол зерттеулерінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы, географиясы туралы мәліметтер жазған.Торғай облысының мал дәрігері А.Н.Добросмыслов «Торғай облысы, Тарихи очерк» атты үш томдық еңбек жазған болатын. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының таризы мен саяси оқиғалары толық сипатталған. XIX ғасырдың 60 жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілетінін толық баяндаған. Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін толық зерттеген. Ресей шығыстанушысы, этнограф В.Радлов қазақ өлкесі тұрғындарының мәдениеті, тілі тарихына байланысты зерттеулер жүргізді. Іле алқабын және Жетісуді зерттеді. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтады. Оның “ Сібір қазақтарының этнографиясы туралы” еңбегі түркология ғылымының дамуына зор ықпал етті.Қазақ өлкесі туралы құнды деректер қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі, географ П.П. Семенов Тянь-Шанский болды.XIXғ. IІжартысында Алтайға, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, өлкені жан-жақты зерттеді “Қырғыз өлкесі” және “Түркістан өлкесі” деген еңбектер жазды. Қазақстан тақырыбы әйгілі орыс зерттеушісі Г.Н.Потанин еңбектерінде де маңызды орын алды. Оның зерттеулерінде қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ-орыс қатынастары, Ертіс өңіріндегі қазақ тұрғындары туралы сипаттаған. 1862 жылы ол алғаш рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады. Келесі жылы Зайсандағы экспедицияға қатысып, Көкпектіде, Марқакөлде өлкенің тұрмысын, шаруашылығын және географиясын зерттеумен қатар, кептірілген өсімдіктер топтамасын жинады. Егде жасқа келгенде “Сібір өлкесін және тұрмысын оңалту” қоғамын құрды. XIX ғасырдың 70-80 жылдары Потанин Сібір өлкесі, Қазақстан, Орталық Азиядағы толық зерттелмеген аймақтарына саяхат жасап, олардың тарихы, этнографиясы, географиясы, ботаникасы және экономикасына байланысты деректер жинады. Ол Алаш қайраткерлерінің қолдау көрсетуімен Семей облысы Қарқаралы уезі ауылдарын аралады. “ Сібір әскерлері туралы жазбаларында” орыс казактардың арасында қазақ тілі ауызекі сөйлеу құралы ретінде кең таралғаны туралы айтылады. Оның “ Қазақ-қырғыз және Алиай аңыздары мен ертегілері”, “ Қазақ ханзадасының киіз үйінде”, “ Шоқан Уалиханов туралы биографиялық мәліметтер” атты еңбектерінде Қазақстан мен қазақ халқы туралы көптеген мәліметтер жазылған. Ол қазақтардың өткені мен бүгінін белсенді түрде зерделеумен айналысты.Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуші ғалымдардың бірі Әбубәкір Диваев болды Ол Орынбор қалаынла дүниеге келген, ұлты башқұрт. XIX ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде отставкаға шыққан ол өз өмірін далалықтардың тарихы мен мәдениетін зерттеу ісіне арнады. 1917 жылға дейін Ә.Диваев 100- ден астам тарихи-этнографиялық еңбектер жариялады. Ол орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал- мәтелін жинады. В.Вельяминов -Зернов XIX ғасырдың аяғында “XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы және XVII ғасыр ортасындағы Кіші жүз тарихы” еңбегін жазды. Қазақ тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюды 1845 жылы ашылған орыс географиялық қоғамының Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі бөлімдері үлкен орын алды. Қазан, Петербург университеттерінің шығыстану бөлімдері Орта Азия мен Қазақстанды зерттеді. Орыс зерттеушісі М.Красовский “Сібір қырғыздарының облысы” еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді. Ал Л.Мейер “Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы” еңбегінде Кіші жүз тарихын статистикалық жағынан сипаттады. 1833-1841 жылдары В.И.Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына қолдау білдірді. “Бөкей мен Мәулен” повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.XVII ғасырда Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болған алғашқы ірі экспедиция басшысы А.Бекович-Черкасский болды. І Петрдың жеке тапсырмасы бойынша “Азияға жол іздеу” талабымен құрылған әскери экспедицияны И.Д.Бухгольц басқарды.1833жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинақтады. “Пугачев бүлігінің тарихы”, “Капитан қызы” шығармалары орыс демократиялық өкілдерінің қазақ халқының тарихына көңіл аударуын күшейтті. 1848-1849 жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізіне, А.Бутаков Арал теңізіне экспедиция жасады. Олар Сырдария өзенінің жағалауларын суретке түсірді. Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картаға белгіледі. Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин қазақ жерін топографиялық картаға түсіріп, табиғат байлықтартарын зерттеді.