Реферат термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары Орындаған: Рахимберді Ә


Қазақ лексикасының қазіргі кездегі терминденуі



бет8/10
Дата07.01.2022
өлшемі59,92 Kb.
#18501
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қазақ терминологиясы

2.2. Қазақ лексикасының қазіргі кездегі терминденуі

Бір орталықтан басқарылып келген кеңес одағының ыдырауы сол құрама кіретін республикалардың саяси – экономикалық, рухани – мәдени өміріне үлкен өзгерістер әкелді.

Тәуелсіздікке қолы жеткен елдердің тілдері Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, сол елдерде қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ете бастады. Қазақ тілінің сол қатарға қосылуына байланысты кешегі комунистік идеологияның талаптарын толық қанағаттандырып келген қағидалар мен ережелердің біразы бүгінгі күннің ерекшеліктеріне орай сөзсіз өзгертілуі қажеттілігі айқын көрініп отыр. Солардың бірі қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың принциптері.

Кеңестік дәуірде жасалған терминдердің біразының бүгінгі таңда өзгертіліп жатуының ең басты себептерінің бірі – олардың қазақ тілінің өз ерекшелікетері ескерілмеген терминжасам принциптері бойынша жасалғандығынан екендігін мойындауымызға тура келеді.

Тіл – халық өмірінің айнасы іспетті. Ұлттың өміріндегі болып жататын барлық өзгерістер мен жаңылықтар тілден көрініс табады. Әсіресе терминологиялық лексикадан мұны анық көруге болады. Қазақ тіліндегі термин шығармашылығының әрбір кезеңі халық өміріндегі тарихи – мәдени және әлеуметтік – экономикалық өзгерістермен тікелей байланыстылығымен ерекшеленеді.

Сөз болып отырған қазіргі кезеңде лт тіліне термин жасау, жалпыхалықтық тілдің әр түрлі қабаттарын құрайтын лексиканың терминденуі біршама жанданып отыр. Бұл ғылыми – техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыруға бағытталған дұрыс үрдіс. Оған теріс баға берудің орны жоқ. Тек қазіргі кезде термин шығармашылығында орын алып отырған кемшіліктерді түзетіп, терминологияны жетілдіру жолындағы терминологиялық жұмысарды жоғары кәсіби деңгейде жүргізу – ең басты міндет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет