Реферат термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары Орындаған: Рахимберді Ә


І тарау. Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы



бет3/10
Дата07.01.2022
өлшемі59,92 Kb.
#18501
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
І тарау. Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы.

А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, Е. Омаров, Т. Шонанов, Ә. Ермеков, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Күдерин, М. Жұмабаев, Н. Төреқұлұлы сияқты ағартушы қазақ зиялыларының өкілдері өткен ғасырдың бірінші он жылдығынан бастап қазақ тілінде алғғашқы оқулықтарды шығарып, орыс тілінен кейбір шығармаларды ауыстыра бастады. Қазақ зиялыларының өкілдері ғылымның кейбір салалары бойынша сол тарихи кезеңнің қажеттіліктеріне сәйкес терминологиялық атаулар жүйесін іріктеуді ғылыми негізінде жүргізді.

Ұлттық терминологияның қалыптасуына, әсіресе нақты ғылыми салалар жекелеген пәндерге деген мұқтаждықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан ұлы ғалым Б. Байтұрсыновтың еңбегі айрықша маңызға ие болды.

Қоғамдық санасын ғылыми нысанын дамытуда және оны тереңдетуде, ғылыми танымның ауқымын кеңейтуде жоғарыдағы аталған ғалымдар еңбектерінің ықпалы өлшеусі мол болды. Осылайша, тілде терминологиялық сипаттағы жаңа атаулар мен сөз орамдары пайда болды.

ХХ ғасырдың 10-30 жылдарындағы, А. Байтұрсынов кезеңіндегі ұлттық терминологияның ең басты ерекшелігі – бұл термин ретінде қазақтың байырғы сөздерін кәдеге жарату және жалпы халық тілінің сөз байлығын барынша пайдалану болды. Алайда, бұл қағидаттың ғұмыры қысқа болды. [3.5]

1940 жылдан бастап идеологиялық қысымның салдарынан терминдерді аудармасыз қолдану не орын тіліндегі нысанын өзгеріссіз сақтак практикасы кеңінен енгізіле бастады. Әсіресе, 1960 жылдардан бастап жасалған тер терминдердің ішінде қазақ терминдерінің саны шектеулі болды. Дегенмен, 1940-1990 жылдар кезеңінде 150-ден астам терминологиялық сөздік шығарылды. Олардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы сөздік шығарылды. Олардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы оң маңызын теріске шығаруға болмады.

Кеңес дәуіріндегі қазақ терминологиясында орыс және шетел терминдері сыни талғамсыз қолданылды, қазақ терминологиясының басты қағидаттары еленбей қалды. Орыс тілінен енгізілген терминдер және орыс тілі арқылы келген халықаралық терминдер орыс тіліндегі сияқты өзгеріссіз қолданылуы тиіс деген реже күштеп енгізілді және нұсқау заңдастырылды.

Осы кезде шығарылған терминолгиялық сөздіктердің көпшілігі басқа тілдерден алынған терминдердің негізінде әзірленді. Нәтижесінде терминология жүйесінде қазақ сөзінің үлес салмағы мүлдем аз болды. Осылайша қазақ терминологиясыны өзінің ұлттық келбетін жоғалта бастады.

Егемендік алуға және қазақ тіоліне мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуіне байланысты ұлттық терминология проблемаларына ерекше мән беріле бастады. Қазақ терминологиясының ұлттық ерекшелігін жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бұрынғы ондаған шет ел терминдері сәтті қазақша баламалар таңдалып алынды. Тәулсіздік жылдары әртүрлі ғылым салалары бойынша шығарылған сөздіктердің жалпы саны жүзден асып жығылады.

Соңғы жылдары ресми іс жүргізу саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында және білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді пайдаланудың үлес салмағы арта бастады. Қазақ тілін жазбаша және ауызша нысанда қолданудың жандануына байланысты зерттеушілердің басым көпшілігінің назары тілдің ішкі мүмкіндіктерін зерттеуге аударылды. Сондай-ақ, сөзжасамдық белсенділік те жаңа сапалы деңгейге көтерілді.

Іс-тәжірибесінде қолданылып жүрген терминдердің едуәір бөлігі ғылым – білім, оқу – тәрбие, әлеуметтік – саяи салалардағы ежелгі сөздерді «жаңғырту» жолымен жасалды.

Алайда, соңғы жылдары қазақ тілінің терминологиялық жүйесін әзірлеу белсенділігінің күрт өсуіне қарамастан, ұлттық нақыштағы терминдерді жасау кезінде қазақ тілінің ішкі ресурстары, лингвистикалық ғылымның жетістіктері барынша толық пайдаланылмай келеді. Қолданылып жатқан шаралар жеткіліксіз болуда. Оның басты себептері: өзара әрекеттесетін екі негізгі фактордың — тілдік фактордың әсіресе бағалауынан және тілдік емес (әлеуметтік, саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи, географиялық, өзге де) фактордың ескерулерінен тілдік ахуалдың қалыптасуы болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет