Термин – (лат. terminus деген сөзі, қазақша мағынасы – бір нәрсенің шегі, шекара) шекралық белгі. Терминдер – ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы сөздері. Терминдер – нақты бір ұғым атауы. Терминдердің лексмканың басқа түрлерінен басты айырмашылығы олар көп мағыналы емес, бір ғана нақты мағыналы болып келеді: оларда эмоционалды бояу, экспрессивті – стилистикалық қызмет болмайды.
Терминдер ғылым – білімнің бір саласына – бір терминологияға тән болып келеді. Сонымен бірге кейбір термин ғылымның бірнеше саласында қолданылуы мүмкін. Жеке бір ғылымның өзіне тән негізгі терминдері мен терминологиясы болады.
Терминология кең мағынасында «адамның кәсіптік қызмет саласындағы қолданылатын арнаулы лексиканы қамтитын, тілдік сөздік құрамынының бөлігі». Терминология – арнаулы ұғымдарының жүйелік ерекшелігін көрсете отырып, оның коммуникативтік қажеттілігін өтеуге қызмет ететін атаулар жиынтығы.
Терминология терминінің өзі көп мағыналы термин. Ғалымдар оынң 5 түрлі мағынаны білдіретінін көрсетеді.
Термин – сөздердің жиынтығы немесе жалпы көптеген саны белгісіз терминдер;
Қандай да бір сала терминдерінің (ұғымдары мен атауларының) жиынтығы (медицина терминологиясы, география терминологиясы);
Терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы ілім;
Белгілі бір тілде қолданылатын белгілі бір білім саласы терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі жәгне олардың басқа тілдердегі баламалары туралы ілім;
Жалпы терминологиялық ілім.
Осы көпмағыналықтан арылу мақсатымен болса керек, соңғы он шақты жыл көлемсінде Ресей ғалымдары термин, терминология мәселелерін зерттейтін ілімді терминоведение деп атап жүр. Біз де ұғымдар ара – жігінің бұлайша ажыратылуын қолдаймыз. Сондықтанда терминоведение атауын терминтану деп қолданып жүрміз. Тілдегі барлық терминдер жиынтығын – терминология, ал белгілі бір арнаулы сала терминдерінің жиынтығын — салалық терминология, ал общая терминология атауын – жалпы терминтану деп бір ізді атаған дұрыс болар деп ойлаймыз.
Терминологиялық лексиканың әдеби тілге қатысы туралы мәселеге деген ғылымдардың көзқарасы да бірдей болмай келгендігі белгілі. А. Суперсканская және басқа ғалымдар ондай пікірлерді үш топқа жіктейді:
Терминология — әдеби тіл лексикасының құрамына кіретін бір бөлігі.
Терминология — әдеби тілмен аз ғана ортақтығы бар ұлттық тілдің дербес лексикалық бөлігін құрайды.
Терминология — ешқандай тіл емес, ол жасанды таңбалардың жүйесі болып табылады.
Бұл үш түрлі пікірдлің алғашқы екеуінің қайсысы дұрыс деген мәселе туралы ойлануға, пікір таластыруға болар, ал үшіншісінің ғылыми негізі берік деп аутуға болмайды.
Терминдердің негізгі басым бөлігі белгілі бір ұлт негізінде жасалған сөздер екендігін ескерсек, бүкіл терминологияны жасанды таңбалар жиынтығы деп оны тілден мүлде бөліп қарастырудың реті бар деп айту қиын. Ал алдыңғы екі көзқаоасты жақтаушылардың да алға тартатын өзіндік деректері мен дәлеледері бар. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдарға дейін тек «Терминология — әдеби тіл лексикасының құрамына кіретін бір бөлігі» деген пікір ғана орын алып келеді. Екінші көзқарасқа назар аударушы зерттеушілер бізде соңғы кездері ғана пайда болды. Жалпы терминологиялық әдеби тілге қатысы туралы мәселе әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Ғылым мен техниканың, өндіріс пен өнердің алуан түрлі сондай арнаулы салаларындағы деректі және дерексіз ғымдардың атаулары мыңдап саналады. Сонда белгілі бір арнаулы сала атауларының жиынтығын – салалық терминология деп атайды. Мұндай терминдер жиынтығын география терминологиясы, физика терминологиясы, математика терминологиясы, музыка терминологиясы деп саласының атауларын негізінен осы салаларды зерттейтін ғалымдар мен практик мамандар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |