Рефераты Қызылорда, 2013


Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет2/20
Дата09.05.2022
өлшемі180,5 Kb.
#33755
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Рефераты ызылорда, 2013

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Бұл диссертациялық жұмыс жоғарғы оқу орнындағы тілдік мамандықтарда лингво-когнитивті модельдер негізінде аударма түрлерін оқытуға арналған.

«Лингво-когнитивті модель» ұғымы әр ғалымдардың ,жазушылардың еңбектерінде әр түрлі түсіндірілген.Е.Г.Белявскийдің айтуынша «лингво -когнитивті модельді» зерттеулерде концептуалды негіздің кескінді негізді мағынасы деп атаған. «Лингво- когнитивті модельдерде» сөздің лексикалық мағынасы ,сөз тіркесі ,сөйлем және мәтін мағыналары бар.

Лингво-когнитивті модельдердің аудармадағы рөлі студенттердің қиын түрдегі аудармалары ,дәлме-дәл аудармаларын тауып,полисемантикалық лексикалық бірліктермен сәйкестігін тексеріп, ана тілінде сөздің баламасын тауып, оны салыстыру.Ғалымдардың зерттеулері бойынша студенттердің аудармадағы түрлерінің басты қателігі интерференция болып табылады.Ол дегеніміз- «шет тіліндегі лексикалық бірліктің өз тіліндегі семантикалық құрылымы».Сонымен қоса, мұндай қателер полисемантикалық сөздерді аударғанда кездеседі. Бұған аудармадағы қазіргі таңдағы зерттеуші авторлар әртүрлі тәсілдер тапқан. Сонымен, шет тіліндегі сөздер мен оның аударма баламаларының семантикалық құрылымын сәйкестендіру мен талдауының қажет екендігін көрсетеді. Осындай сәйкестендірудің арқасында «терең мағыналы категория» көрсетіледі .Мысалы, «қара қайрымсыздық».

«Қара» сөзінің қазақ тіліндегі «терең мағыналы категориясы» -жағымсыз қасиеттердің жоғарғы дәрежедегі қоспасы.

Ағылшын тіліндегі терең мағыналы категорияның трансформациясы «possessing cetain qualities to an extreme degree»;

В.Н.Комиссаровтың ойынша, бұл категорияның лексикалық бірлігін анықтайтын бірегей бағалаулар болмаған ол үлкен қиындықтармен байланысты. Сонымен қоса,бір ғана жағдайды жеткізу үшін, әр тілде әр түрлі мазмұнды категориялар қолданылатыны сұрақ болып қала береді.Мысалы, бұл «сен жағынан өте нашар» - «it’s small of you», «нашар» сөзінің мағыналы категориясы «жағымсыз қасиет», «small» -бір нәрсенің аз көлемі деп трансформацияланады.

«Лингвистикалық категоризация» мәселесін шешу үшін,тілдегі мәселелерді когнитивті қайта өңдеу,анықтау қолданылады.

Берілген сөздің лингво-когнитивті моделінің лексикалық мағынасы талдау жүйесінде .

Лингво-когнитивті моделді бөліп көрсету түсінікті,әрі пайдалы бір категорияға әкелу, ол бір сөздің әр түрлі жағдайларда қолдануға болатынын түсіндіреді. Мысалы: «қара» сөзінің лингво-когнитивті моделі қоғамдағы кез-келген құқық бұзушылық лексикалық бірлігін білдіреді.

«Қара қайрымсыздық»- моральді нормалардың бұзылуы;

« Қара археолог» –ресми емес жұмыс істейтін, заң бұзушылық.

Мысалы , «it’s small of you» сөйлемінің қазақ тіліндегі лингво-когнитивті моделін анықтау;

«Small» -сөзі лингво-когнитивті модель – «бір қасиеттердің аз мөлшері»

«Small» cөзінің -бұл жердегі аудармасы –«нашар» . Мұнда лингво-когнитивті модельдің мағынасы-« жақсы қасиеттері аз»

Сонымен қоса, лингво-когнитивті модельдерді көрсету интерпретация мен белгісіздігі жоғары , анық емес аудармаға сай келеді.Мысалы, « Have another pull, the well is far away» сөйлемі мынадай қате түсінікпен берілуі мүмкін «Әлі біраз жүр, құдық алыс».

Мұнда «pull» сөзінің лингво-когнитивті моделін табамыз–жылдам, бір минуттай созылыңқы күш, ол төменнен жоғары қарай әрекет етеді.Ал оның дұрыс аудармасы -«тағы бір рет іш, құдық алыс».

Келтірілген мысалдардан лингво-когнитивті модельдердегі бір сөздің мағынасын анықтау сөйлемді толық түсінуге мүмкіндік береді.Лингво-когнитивті модельдердің лексикалық бірлік мағынасы айтылулардың интерпретациясында анық бейнеленеді, егер ол фраза аудармада мақал-мәтел, фразеологизм болса .Мына ағылшын мақалының аудармасын қарастырайық, «A rolling stone gathers no moss». В.Н.Комиссаровтың айтуы бойынша бұл айтылым былай деп қате түсінілуі мумкін: «Бір орында тұрып қалмау керек ,істе ілгерілеушілік болу керек»ал оның дұрыс аудармасы «Арам шөп басып кеткендей боп ,отырсыңдар.

Ағылшын сөзі «moss» лингво-когнитивті модель «moss» –тың, ылғал - жерде өсетін кішкентай жасыл-сары түсті гүлсіз өсімдік және оны ағылшын тіліндегі лингво-когнититивті модель «gather » сөзі - шашылған заттарды бір жерге жинау , бір ыдысқа жинақтау мағынасын білдіріп, орыс тіліндегі «По свету бродить добра не нажить» мақалымен баламаланады.В.Н.Комиссаровтың айтуынша , бұл сияқты айтылымдардың ,мақал-мәтелдердің және фразеологиялық бірліктердің аудармалары өте қиын болып келеді,бұл тұста аудармашы әр сөздің мағынасын ғана жеткізу емес, лексикалық бірліктің арқасында мағынасына талдау жасап, қарым -қатынас мақсатын тұжырымдап және аудармада оны сақтау.

Қарым-қатынас деңгейінің мақсатынан басқа да өте төмен аударманың деңгейі бар, ол іс-әрекетті суреттеу: «Pull» -өзінен әрі қарай ашылу хабарлама құрылымын жеткізу: «Thank you for not smoking»- «Бізде шылым тарпайды».

Айтылымдардың жеткізу құрылымы: «He found him in his slippered ease by the fire»- Ол досын пештің жанында үй аяқ киімімен демалып отырған жерінен көрді.

Тілдік белгілерді жеткізу мағынасы: « to take steps»-«қадам жасау».

Тәжірибелі оқытудың нәтижелері көрсеткендей, лексикалық бірлікте және айтылымдарда лингво- когнитивті модельдерді көрсету аудармада дәлме-дәл аударманың сәйкестігін барлық көрсетілген дәрежеде табуына көмектеседі. Мұндай әмбебаптық лексикалық трансформация (нақтылық, жалпылаулық, және модуляциялық түсініктер),ларды қолдауда нәтижесіне жете алмайды, олар негізінен тілдердің белгілерінің дәрежесінде және айтылымдардың құрылымында қолданылады.

Сонымен қоса, логикалық ойдың түсінігін хабарлама құрылымының дәрежесінде, нақты жағдайды сипаттағанда және қарым- қатынас мақсатында қолдану жалған белгілерге әкеп соқтыруы мүмкін немесе белгісіз болып қала береді, мұндай жағдайда логикалық ойлауды қолдану қажет.Осындай жолмен, лингво -когнитивті модельдерді полисемантикалық бірлікте көрсету аудармада басқа аударма тәсілдерімен салыстырғанда жетілдіргені көрініп тұрады,әсіресе қарым-қатынас мақсатын жеткізген кезде, нақты жағдайды және хабарлама құрылымын суреттегенде.

Лингво-когнитивті модельдерді қолдану қажеттілігі полисемантикалық сөздер мен бірліктерде аударманың дәлме-дәл сәйкестілігін тапқан кезде ана тілімен салыстырғанда, аударманың әр түрлі дәрежедегі баламаларында, аудармада лингво-когнитивті модельдерді қолдану арқылы оқыту әдістемесін Жоғарғы Оқу Орындарында тілдік мандықтарда қолдануды қажет екенін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет