Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
1.Лингво-когнитивті модельдерді атап көрсету шет тіліндегі полисемантикалық сөздің және оның дәлме-дәл аудармасын табуға көмектеседі
2.Лингво-когнитивті модельдерді полисемантикалық бірліктер мағынасында атап көрсету арнайы жаттығулар арқылы жүзеге асады.
3.Бұл жұмыстағы аудармашының кескіндері әр дәрежедегі мазмұнның баламасын табуға көмектеседі
4.Бұл зерттеудегі әдістемелік ұсынылымдар жүйелі жаттығулар тілдік белгілер дәрежесіндегі, хабарлама құрылымындағы ,нақты жағдайларды суреттеуде және қарым-қатынас мақсатында жасалды.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде диссертациялық зертеудің өзектілігі қарастырылады, оның ғылыми жаңалығы анықталады, теориялық мәні, практикалық бағалылығы , сонымен қоса, зерттеудің мақсаты мен шешімі қойылады және мақсатқа жетудегі тәсілдері мен алға қойған талаптардың шешімдері көрсетіледі.
Бірінші бөлімде, лингво-когнитивті модельдерді аудармада қолданудың негізгі когнитивті семантикасы қарастырылады және аудармашының аударманың баламасын табудағы іс әрекет кескіні айтылады.
Екінші бөлімде ,лингво-когнитивті модельдер негізінде аударма түрлерін оқыту методикасы сонымен қоса, оқытылатын эксперименттегі берілген әдістеменің нәтижесі жайлы айтылады.
Қортындыда диссертациялық зерттеудің теориялық және практикалық бөлімдеріне қорытынды жасалады, осы ауқымда қосымшада алдын ала эксперименттелген және постэксперименттелген материалдар сонымен қоса, мәтіндер мен тапсырмалар аударманың әр түріндегі баламалармен берілген мысалдар келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |