ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Бірінші тарау « Аудармадағы теориялық және лингво-дидактикалық аспектілер» деп аталады.
Аударманы зерттейтін лингвистика ғылымы салыстырмалы түрде өте жас ғылым. Халықаралық қатынастардың даму шағында аударма щетел тілін меңгергендердің барлығының дерлік қолынан келе бермейтін, оны өз стилі бар,әдеби қоры мол аудармашылар ғана жасай алатын. Өндірістің және сауданың даму қарқынында тіларалық өкілдердің де саны өсті, оларға аударма тәжірибелері мен шет ел білімі аса қажет болды.
Аударманың түрлі топтарының негізгі қалыпты таңдауына болжамды аудармада аудармашының қалыпты ойдағы суреттеуі негізіне жатады. Сонымен, түпнұсқа қалпының өзгерулері белгіленген және де ішкі қосалқы түрлерінің өзгерістері, соның нәтижесінде түпнұсқаның қалпы мен мазмұны аз ғана өзгерістермен беріледі.
Берілген мәселені шешу аударманың концептісінің туындауына себеп болды, олардың ішінде денотативті, трансформациялы, семантикалық және деңгейлі теория сонымен қоса аударманың техникалық түрлері, оны аудармашы кездескен қиыншылықтарды жеңу үшін қолданады.
Аударма баламаларының айырмашылықтарымен ортақшылықтары аударма теориясының бастапқы дәрежесіне сай келеді.
В. Н.Комиссаровтың ойынша, берілген аударма моделі оның көптік жағдайында мына нұсқалар арасында әрдайым теориялық негізде таңдау жасай алмайды. Шындыққа сүйене отырып, денотативті теория түпнұсқалы мәтіннің мазмұнының жеткізілуінің шешіміне көмектеседі, бірақ аудармашының көңілін жағдайды сипаттауға бұрғызбайды.
Лексикалық ауыстырулардың ең қиын түрін В.Н.Комиссаров модуляция деп есептейді, немесе сөз тіркесін шет тілінің аударма тілінің бірлігімен оның мағынасы бастапқы бірліктің мағынасынан табылады.
Бұл жағдайда жиі трансформация байқалады,ол қатынастар дәрежесінде контекстті білген жағдайда. Мысалы, «үй тәрбиесі» -«отбасы тәрбиесі», «бұрынғы жауапты», «бұрынғы басқарушы». Жиі жағдайда модуляцаны пайдалану аудармашыны қиындыққа әкеліп соқтырады, себебі контекстуалды түсінікпен және оның логикалық ауыстырылуымен түпнұсқасында және аудармадағы байланыс кейбір жағдайда нақты болмауы мүмкін, мысалы : «angular horse»-«сүйекті ат» (жылқы). Бұл жағдайда байқалатын өзгеріс, біздер оны «жалған метафоризация» деп атаймыз – нақты емес белгісіз жағдайда нақты емес белгісін анықтау. Мысалы: «Nest of boxes»- «куча коробок», «коробкалар үйіндісі» бір- бірінің ішінде орналасқан коробкалардың орнына.
Келтірілген мысалдарда көрсетілгендей, мәтінін білу лексикалық айырбастауды жүзеге асыруда маңызды шарт болып табылады. Одан басқа логикалық тұсініктемелердің дамуы негізгі семантикалық белгісінің «метофоризацияның» сонымен қатар барлық жағдайда еместігі өзіндік лингвистикалық шеңберіндегі аудармаға әсері болуы немесе осындай белгілерінің анықтауы түсініксіз болуда.
Жалпы сипаттамалардың түрлері болып сөзбе сөз аударма болып табылады, онда негізгі бірінші мағынасы болып ең маңызды ерекше денотат қасиеттері рөлінде табылады.
Алайда, айта кету керек аударманың көпшілік таңдау топтарына немесе көп жағдайда ақпараттың нақты еместігінен келтірілген әдістерді пайдалану қиындау, немесе анықталмаған болып қалады ,бірнеше топтардың мағынасы берілген мәтін болады. Мысалы:сөзбе сөз аударылым және “Pull” сөзінің мағынасының қызметі “Have another pull”. “The well is far away” әр сойлемде әр түрлі мағына береді. «Тағы да азғантай іш.Құдық алыста» немесе «Шамалы жүрші.Құдық қашықта».
Көрсетілген мысалдардағыдай, аударма мәселесін шешуге лингвистикалық көзқарас шеңберінде аударма қиындайды аудармашының анықтау механизмінің болмауы салдарынан, көпсемантикалық топтың мағынасын ажыратуы қысқаша лексикалық бірліктердің қоспаларының мағынасы.
Бұл жөнінде аудармашы қателіктері көрсеткендей бастаушы да және тәжірибелі аудармашыларда да кездеседі. Көрсетілген мысалдардағыдай, аударма мәселесін шешуге лингвистикалық көзқарас шеңберінде аударма қиындайды аудармашының анықтау механизмінің болмауы салдарынан, көпсемантикалық топтың мағынасын ажыратуы қысқаша лексикалық бірліктердің қоспаларының мағынасы.
Бұл жөнінде аудармашы қателіктері көрсеткендей бастаушы да және тәжірибелі аудармашыларда да кездеседі.
Диссертацияның екінші тарауы «Лингво-когнитивті көзқарастағы аударманың қызметі»
Аударма қателерінің себептері сұрағына келгенде,айтылу мағынасы екі жағдайда қарастырылады:
а) Түпнұсқалы сөзбен аударманың құрылымының толық сәйкес келмеген жағдайында .
б) құрылымның бірнеше элементтері сәйкес келмеген жағдайда, нәтижесінде метофаризацияның жалған бағыты таңдалады. Баламаның дәрежелік теориясына сәйкес бірінші түрдегі қателер жағдайды суреттегенде және қарым- қатынастың мақсатын жеткізгенде көрінеді. Екінші жағдайда, аударма көбіне тілдік белгілер дәрежесінде жүреді.
Келтірілген аударма баламаларының құрылымы хабарлама құрылымы дәрежесінде, түпнұсқа және аударма мәтіндеріне сәйкес бірліктердің бір немесе бірнеше ортақ топтарының құрылымы қолданылады.
Мұндай жағдайда лингво-когнитивті әдістемесін қолдану мағынаның жалған метофоризациясы және фразаның жалған мағынасынан қашуға комектеседі. Келесі мысалдарды қарастырайық:
Хабарламаның дәрежесі:” The first house starts at five o’clock.”
Лингво-когнитивті модель-“Start”-“ to begin doing sth.”-бір нәрсені жасауды бастау.
Лингво-когнитивті модель- “House”-« ғимарат, басталатын және аяқталатын іс-әрекетті жүзеге асыратын адамдар жиынтығы қолданады».
Қайта жасалған нұсқа :«ғимарат, жиі қайталанатын жағдайларда қолданады».
Келтірілген мысалдардан көрініп тұрғандай, лингво-когнитивті модельдер негізінде біз ойлап тапқан методика аударманың әр түріндегі баламаларында аударма жасай алады. Сонымен қоса, анықталмаған және жалған түсініктер пайда болады, сонымен бірге аударманың бірнеше нұсқаларын таңдау жағдайы Зерттеудің мақсаты мен жауабын анықтағанда, біздің пайымдауымызша лингво-когнитивті модельдерді аударма жүйесінде қолдану аудармашы берілген әрекетті орындауда білім, біліктілік «спецификалық білімді » қажет етеді, бұл аудармашының «техникалық компетенциясының» бірі болып табылады. «Техникалық компетенциялы» біліктілік қатарына мыналар жатады:
Екі тілде қатар жұмыс істеу біліктілігі, бір тілден екінші тілге ауысу.
Мәтінді аудармада түсіну, мәтінде аударылатын сөз туралы ақпарат іздеу, мүмкін аудармалар арасында таңдау жасау.
Әрбір тілдегі айтылымдардың негізгі құрылымына өту және керісінше.
Аз уақыт ішінде мағынасы жақын синонимдерді қолданып, аз уақыт ішінде жұмыс жасау.
Түпнұсқа тіліндегі аудармадағы техникалық тәсілдерді және стилистикалық, грамматикалық, лексикалық қиыншылықтарға төтеп беріп , оны аудармада дұрыс қолдану.
Осындай жолмен оқытудың мағынасын анықтағанда, айтылым әрекеттерінің негізгі түрлерінің принцптерін басшылыққа алдық, аударма жүйесінің когнитивті кескінін техникалық тәсілдің бірі ретінде қарастыра отырып, мәтін теориясының балама дәрежесін аудармада оқытуда және басқа аударма түрлерімен оқытуда лексикалық трансформацияларды қолдандық.
Аударманың болжамы лингво-когнитивті модельдер негізінде Жоғарғы оқу орнында бастапқы оқыту сатысында, студенттерді ана тілі және шет тілдерінде когнитив негізінде сөздің семантикалық құрылымының талдауын оқытуда, аударма түрлерін жасауға қажетті біліммен біліктілікті қалыптастыруға көмектеседі және шет тілдік айтылымның терең мағынасын түсінуге ықпал етеді.
Сөздің семантикалық құрылымының негізінде жатқан лингво-когнитивті модельдерге қарау бізге лексикалық бірліктердің мағынасын анықтауға және айтылымның мағынасын жоғарғы ақпараттық белгісіздік сонымен қоса, жалғыз дәлме-дәл аударма баламасын табуда көмектеседі, егер ол сөздікте болмаса да.
Эксперимент 1)құрылғы 2)үйрететін 3) бақылау бөлігін қамтыды.
Бірінші бөліміне жататын а)үйренушілердің аударма дайындығына бағытталған анықтамалары, сонымен қоса лексикалық трансформациялар тәсілдерін қолдануды тексеру, когнитивті негіздегі полисемантикалық сөздердің лексикалық мағыналарының құрылымын талдау.
б) когнитивті теориялы элементтерімен әңгіме-презентация және әрекеттің негізіндегі бағыт жасау лингво-когнитивті модельдерді көрсетуге және оны аударма жүйесінде қолдануға бағытталған.
в) «пилотты эксперимент» эксперименталды оқытудың уақытын анықтауға бағытталған, сонымен қоса, жаттығулардың типін және санын анықтауға, полисемантикалық лексикалық бірліктер және аудармашының ана тілінің семантикасын аудара алу қажеттілігі.
Эксперименталды оқыту бөлімі 1 эксперименталды топты құрады. Онымен қатарласа дәстүрлі жүйеде бір бақылау тобында оқу әрекеті жүрді.
Бақылау бөлімі постэксперименталды бөлігін де қосты, бақылау топтарында және эксперименталды оқытуда эксперименталды оқытуды жүргізгеннен кейін аударма қателерінің түрлері мен оның сандарына бағытталды.
Эксперименталды материал ретінде сөз тіркестері, сөйлемдер, ағылшын және қазақ тіліндегі көркем, ақпаратты мазмұндағы мәтіндер(газетті және публицистикалық) еңбектер қолданылды.
Экспериментті жүргізу кезінде біздің атап көрсеткендеріміз:
-құрылатын - мәтіндегі жағдайлы сөздердің болуы,
-тұрақтылар- топтың санды және сапалы құрамы,экспериментті өткізу уақыты.
1.Ағылшын тілінен ана тіліне аударуда эксперименталды оқытудың құрылымы.
1) дәрежені анықтауға арналған тест және аудармада лингво-когнитивті модельдерді қолданумен оны атап көрсете алу қабілеті.
Тест аудармадағы тілдік белгілер дәрежесіндегі 25 сөйлемдерді қамтыды және синонимя мен полисемия тұрғысында болды.
Сөз дәрежелерінің аударманы шектеуінде аударма нұсқаларының аз бөліктері қарастырылады, олар лингво-когнитивті модельдерді көрсету арқылы жүзеге асады. Сөйлемдегі көп мағыналы сөздер мен синонимдер олардың перифериялық мағыналарында қолданылған және оларда бірнеше аударма баламалары бар. Дәлме-дәл аударма дегеніміз- нәтижесінде лексикалық бірліктің аналогы ретінде түпнұсқаға жақын таңдалған лингво-когнитивті сөзі. Мысалы : “force”- лингво-когнитивті модель - « эффектке күшпен жасанды жолмен жеткен». Түрлі мәтіндерде “Forced”-сөзін аударғанда лингвокогнитивті модель сөзінің түпнұсқасына жақын сөз таңдалады, «ойланған», «жасанды»,»сығылған», «саусақтан сорылған». Үйренушілерге сөздік қолдануға рұқсат болмады. Үйренушілерге аударма жасау кезінде келесі нұсқаулар берілді: келесі сөйлемдерді ана тіліне аударыңдар.
Бөліктің нәтижесі анықталды:
а)аударманың дәлме-дәл нұсқасының саны бойынша.
б)аудармаға жіберілген уақыт саны бойынша .
Бөліктің нәтижесі таблицада көрсетілген:
Таблица 8. Ана тілінен ағылшын тіліне аударғанда эксперимент алды бөлімінің нәтижелері.
Топтар
|
|
Эксперимент өткізу уақыты
|
Экспериментке дейінгі қателер саны
|
Эксперименталды
|
1
|
65 мин
|
=60%
|
Бақылау
|
|
70 мин
|
=58%
|
Үйренушілерге мұндай көрсетілім екі рет жүргізілді. Бірінші сатыда олар лингво-когнитивті аудармада көрсете білу қабілетін қалыптастыру тесті ретінде қолданылды. Біраз үзілістен кейін үйренушілерге қиындық тудырған сөйлемдерді қайта аударуға ұсынылды, бұл жолы ағылшын тілі түсіндірме сөздігімен. Алдын ала түпнұсқадағы дұрыс емес аударылған сөйлемдерді бұрын айтылған нұсқаларын айтпай карточкаға жазып алу. Бұл тапсырмаға келесі нұсқаулар ұсынылды:
Өтілген тестте сендер кейбір сөйлемдерді дұрыс аудармадыңдар. Ағылшын тілінің түсіндірме сөздігін қолданып тағы да оны аударып көріңдер.
Нәтижесінде үйренушілер лингво-когитивті модельдердің келесі сатылары болатынын тұжырымдады:
Лингво-когнитивті моделдер жайлы пайымдау-ағылшын тіліндегі сөзге анықтама беруге тырысу:
Сөздікте сөздің бірінші негізгі мағынасының құрылуына анықтама беріп, салыстыру.
Сөздің перифериялық мағынасына талдау жасау, оның алғашқы анықтамасына толықтырулар мен өзгертулер енгеніне қармастан;
Берілген сөзді оның синонимімен салыстырып, лингво-когнитивті модельдердің дұрыс белгіленуін тексеру.
Мысалда лингво-когнитивті модельдердің методикасының күштілігін тексеру өтті.
Әңгімелесудің келесі сатысы аудармада лингво-когнитивті модельдердің рөлі туралы болды. Сонымн қоса, қатысушылар қандай мақсатпен және қандай жағдайларда лингво-когнитивті модельдер көрсетілетініне жауап берді. Аудармада берілген сөздерде лингво-когнитивті модельдер неге түсініксіз екеніне көңіл бөлу қажет. Қандай сөздер және аудармада неге қиындық тудырмады? Синонимдер жағдайында: синонимдер немен ерекшеленеді?
Әңгімелесудің соңғы сатысы аударма әректеттеріндегі нұсқаулық кескіні болды. Сөйлемнің біреуіндегі аударма жүйесі тағы да талданды. Қатысушылар аударма жасау үшін не істегендері жайлы жауап берді. Лингво –когнитивті модельден перифериялық мағынаның бөлінуі лексикалық ортаға қалай әсер етеді? Қазақ тілі аударма мақалаларында лингво –когнитивті модельдер көріне ме?
Талқылау кезінде аударма жүйесінің бірыңғай кескіні шығарылды. Сонымен қоса, үйренушілерді қазақ тіліндегі аудармада, ағылшын тіліндегі көпмағыналы сөздегідей макрокогнитивті модель болатынына назар аудару қажет.
Құрылған кескіннің эффекктілігін тексеру ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда жүзеге асты:
Қатысушылар сөйлемдерді бірге аударып, сосын әрбір қатысушы өз сөйлемдерін аударып, өз әрекеттерін айтып берді.
Эксперименттің оқыту бөлігі ағылшын студенттері тобында өтті, мақсаты оның әрбірінің эффектілігін тексеру.
Кеңейтілген жүйеде қатысушылар аударманың кеңейтілген жоспарын қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |