Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар Семей, 2013



Pdf көрінісі
бет16/55
Дата28.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#70432
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Қанағат- 
тандырылған
Мұғалім Бағдарламаның жеті модуль идеяларын қолданғанының 
видео, фото материалдарын сенімді дәлел ретінде көрсетеді. 
Дәлелдемелер мұғалімнің таныстырылым кезінде сөйлеген сөзімен 
логикалық байланысты. 
Алайда,оқушылардың сабақта не үйренгені туралы дәлелдері 
жеткіліксіз
Шекті 
Мұғалім сабақтардың видео, фото материалдарын көрсетеді. Алай-
да, оқушылармен жасаған жұмысының дәлелдері аз не мүлдем 
жоқ. Дәлелдемелер мұғалімнің таныстырылым кезінде сөйлеген 
сөзімен байланысты. 
Өтпеді
Дәлелдемелер жоқ.
Сөйлегенде өзіңді қалай ұстау керек? 
• Таныстырылымды бастамас бұрын аудиторияда өзіңізге қолайлы жағдай 
жасаңыз: сізге қай жерде тұрған ыңғайлы, аудитория сізге қатысты қалай 
орналасатыны жөнінде ойланыңыз
• Жымиыңыз. Жымию кез келген аудиторияны игеруге көмектеседі.
• Ұғымды және асықпай сөйлеңіз. Кейбір мұғалімдер тез сөйлейміз деп 
аудиторияға керекті әсер ете алмайды. Сөзіңізді дайындағанда уақытқа 
сиятыныңызға көз жеткізіңіз. 
• Аудиторияға тура қараңыз. Сөйлегенде, бір секундқа болсын, 
тыңдаушылардың әрқайсысына көзіңізді тоқтатыңыз. Көбінесе, мұғалімдер 
таныстырылым жасағанда тренерге не бағалау бойынша экспертке қарайды. 
Одан сіз әріптестермен өзіңіздің жасаған жұмыстың нәтижелерімен бөлісіп 
емес, есеп беріп тұрғандайсыз.
• Аудиториямен өзара әрекет жасауға тырысыңыз. Мүмкін аудиторияны 
пікірталасқа тартсаңыз, сіздің сөйлегеніңіз оларға үлкен әсер ететін шығар. 
Бірақ, ол көп уақыт алмайтынына көзіңізді жеткізіңіз. 
• Сіз бір нәрсені басқаша айтып қоямын деп ойламаңыз. Жоспарланбаған 
нәрсені айтып қалғанның өзінде, ақталмаңыз және еш сыр бермеңіз. Оны 
сізден басқа ешкім білмейді. 
• Бір нәрсе дұрыс болмай жатса, әзілді пайдаланыңыз: күлкі кез келген 
жағдайды бәсеңдетеді. 
• Соңында жимыиңыз. Аудиторияның назарына рақмет айтыңыз және 
сұрақтарға жауап беруге дайын екеніңізді көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет