Региональный №1(65)2015 гуманит indd Тіркеу нөмірі 204-ж


Keywords: geographical term, apelyativ, the nouns, toponimical term, nomenclature. Географиялық терминнің өзіндік ерешеліктері



Pdf көрінісі
бет25/60
Дата15.03.2017
өлшемі14,99 Mb.
#9288
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60

Keywords: geographical term, apelyativ, the nouns, toponimical term, nomenclature.

Географиялық терминнің өзіндік ерешеліктері

Алғашында  топонимикада  тау,  өзен,  көл,  дала,  орман  тәрізді  жалпы 

есімдер жалқы есімдік қызметте жүріп, кейіннен күрделене бастаған деген пікір 

ғалымдар  арасында  берік  қалыптасқан.  егер  осы  айтылған,  көптеген  ғылыми 

әдебиетте қолдау тапқан пікірге сүйенсек, онда ең алғашқы атаулардың үлгілері 

қазіргі географиялық терминдер (апеллятивтер) болып табылады. Оның ішінде, 

академик Ә. Қайдардың айтуынша, түркі тілінде ең алғаш бір буынды сөздер 

пайда болған (Г, СГ, ГС, ГСС, СГС, СГСС): бел, дөң, жол, жер, жұрт, көл, қыр, 



сай, тау т.б. [1]. Уақыт өте келе түбірлердің бірігуі, қосымшалардың жалғануы 

арқылы әр географиялық нысанның өзіндік ерекшелігіне қарай жеке-жеке атай 

бастады. Мысалы, Ақбел, Қарадөң, Жалды, Көлшік, Қырат т.б.

«Географиялық термин (қысқаша ГТ) – белгілі бір географиялық объектіні 

және географиялық ұғымдарды білдіретін сөз. Мысалы, қаз, өзен, көл, тау, саз, 

қала, ауыл т.б. Географиялық терминдер көбінесе топонимдер құрамына кіреді 

немесе топоним функциясында дербес қолданылады. Мысалы: Алатау, Ақөзен» 

[2]. «Географиялық термин» ұғымы тіліміздегі жалпы есім, апеллятив, номен, 

номенклатура, топонимикалық термин ұғымдарымен барабар қолданыла береді. 

Бұлардың барлығы жалқы есімдерге қарсы қойылады. Жалқы есім нақты затқа, 

нысанға берілетін атау (оним) болса, жалпы есім нақты затты емес, сол зат кіретін 

класты жалпы атайды. Мысалы, тау – бүкіл тауларды атап тұр, яғни жалпы есім, 

ал Алатау – жеке таудың аты, яғни жалқы есім. екеуі тығыз байланысты және 

біріне-бірі айнала алады. Жалпы есімдер жиі және кең қолданысқа еніп немесе 

нақтыланып  барып  жалқы  есімге  айналады  (онимденеді).  Мысалы:  тақыр  – 

«өсімдігі аз, жазық жерлер». Тақыр – Шығыс Қазақстандағы елді мекеннің аты. 

Керісінше жалқы есімдер нақты бір нысанды атау функциясын кеңейтіп барып, 

жалпы есімге өтіп кетеді (деонимденеді). Мысалы: Қарасу – нақты өзеннің аты, 

қарасу – қыста қатпайтын жерасты суларының жалпы аты. 

Атаулар жасау барысында онимдену, деонимдену құбылыстарын орынды 

пайдаланып  отыру  керек.  Мұнда  жалпы  есімдердің  жалқы  есімдерге  айналуы 

сирек кездеседі. егер жазық жердегі жалғыз тауды Тау деп атауға болатын болса, 

таулы жерде Тау оронимі жеке қолданылмайды. Оны басқа таулардан ажырату 

Б.Н. БИЯРОВ, Г.Н. АлКАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 252-260 

 

 

 



                iSSN 1683-1667 

254

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

үшін, ерекше белгісін көрсету қажет болады. Мысалы: Айыртау, Үшкіртау т.б. 

Ал жалқы есімнің географиялық терминге айналуы ұзақ уақытты талап етеді. 

«Географиялық  терминдер  ландшафтың  ерекшеліктерін  білдіретіндіктен, 

географиялық  орта,  әсіресе,  топонимдерде  айқын  көрінеді»,  –  дейді 

А.В.  Суперанская  [3].  Барлық  тілдердегі  сияқты  қазақ  тілінде  де  өзіне  тән, 

өз  қажетін  өтеуге  жетерлік  географиялық  терминдері  бар.  Ғ.  Қоңқашпаев, 

е. Керімбаев, Ш. дәулетқұлов, Ғ. ермекбаевтардың ғылыми еңбектерінде 150-

200 шамасындағы апеллятив қолданылса, 2002 жылы жарық көрген «Инструкция 

по  русской  передаче  казахских  и  казахской  передаче  русских  географических 

названий  Республики  Казахстан»  атты  кітапшада  730-ға  жуық  географиялық 

терминдер  мен  жалпы  есімдер  берілген  [4].  Бұл  апеллятивтер  қазақ  тілді 

топонимдерді жасауға белсене қатыса отырып, лексикамыздың біршама тұрақты 

бөлігін  құрайды.  Олардың  тұрақты  болатын  себебі  де  сол  –  өздері  белгілеп 

тұрған  болмыс,  табиғи  нысан  салыстырмалы  түрде  тұрақты  болып  келеді. 

«Сондықтан  географиялық  апеллятивтерді  зерттеу  халық  пен  оның  тілінің 

тарихын  қарастыруда  үлкен  мәнге  ие  болады»,  –  дейді  л.В.  дмитриева  [5]. 

Осындай өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оларды «халықтық географиялық 

терминдер» деп атау қалыптасқан.

Тізімдегі  географиялық  терминдер  көбінесе  анықтауыш  +  Гт  моделі 

бойынша атау жасауға қатысып, соңғы позицияда тұрады: Сарыалқа, Ақбауыр, 

Мұзбел, Қарабөрік, Алтынемел, Қарасеңгір, Қызылтас, Сұлутөр т.б. Сонымен 

бірге тау аттарын білдіруге анықтауыш ретінде қатысатын терминдер мен жалпы 

есімдер болады. Олар әдетте алдыңғы позицияда келеді: Айыртау, Айғыржал, 

Егізқара,  Жалпақтас,  Жуантөбе  т.б.  Кейде  бір  термин  екі  позицияда  да  тұра 

береді: Төрқуыс, Сұлутөр, Таскезең, Керегетас т.б.

Географиялық  терминдердің  басым  көпшілігі  жер  бедеріне  қарай 

шоғырланатыны айқын байқалады. Мәселен, В.А. Жучкевич ол туралы былай 

дейді:  «Орта  Азия  мен  Қазақстан  суға  кедей.  Қай  жерде  су  болса,  сол  жерде 

өмір және елді мекен бар. Керісінше сулы Балтық бойында су мол. Бірақ дәл 

Орта Азия мен Қазақстанда көптеген жер-су аттары сумен байланысты болып 

келеді. Балтық бойында мұндай атаулар аз. Бұл Орта Азияда су – ерекше белгі 

екендігімен түсіндіріледі» [6].

Географиялық терминдердің тікелей топонимге айналуы

Қазақ  топонимиясында  географиялық  терминнен  лексика-семантикалық 

жолмен жасалған түбір топонимдер бар, бірақ олардың саны қалған аналитика-

лық,  синтетикалық  жолмен  жасалған  топонимдерден  әлдеқайда  аз.  Оның 

себептері мынадай: 

1  Түбір  топонимдер  (көбінесе  ГТ)  «чуваш  және  басқа  түркі  тілдерінде 

тегі жағынан ең көнелері» (Г.е. Корнилов). Алғашқы жер-су аттары Тау, Төбе, 

ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР



255

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально



Өзен,  Көл  түрінде  жалпы  есімдерден  жасалғаны  топонимикада  қалыптасқан 

пікір. Алайда көне атаулар тілдің даму барысында күрделеніп отырғандықтан 

және  басқа  да  толып  жатқан  экстралингвистикалық  факторлардың  әсерінен 

ығыстырылып отырылған. 

2  Түбір  топонимдер  жалпы  түркі  топожүйесіне  тән  «типтік  құбылыс 

емес» (О.Т. Молчанова). Түркі (қазақ) топонимдерінің басым көпшілігі лексика-

семантикалық тәсілмен емес басқа сөзжасам тәсілдерімен жасалады.

3  Топонимжасам  тұрғысынан  алып  қарағанда,  түбір  топонимдер  жаңа 

атауға негіз болу арқылы белсенділік танытқанымен, жеке тұрып атау жасауда 

өте өнімсіз болып табылады. Мәселен, географиялық терминді (апеллятивті) атау 

етіп беру үшін оның денотаты (географиялық нысан) сол маңайда жалғыз болуы 

қажет. Ал бірнеше бірдей нысан қатар тұрса, бір-бірінен айыру белгісін тауып, 

географиялық терминге анықтауыш қосу керек. Тарихта тиісті анықтауыш қоса 

алмаған  соң,  біртектес  нысандарға  Бірінші,  Екінші,  Үшінші  сияқты  реттік  сан 

есімді атау орнына пайдаланған жағдайлар да болған. В.А. Никонов: «Орманды 

өлкеде Лесная деп ат қоюдың мәні жоқ, онда барлық елді мекен – орманды», – 

дейді [7]. 

Таза географиялық терминнен (апеллятивтен) жасалған топонимдер өзіндік 

топонимикалық  категория  құрайды  және  жер  бедерінің  типтерін  белгілейді 

(Адыр,  Дала,  Жота  т.б).  Мұндай  атауларды  жасауға  қатысқан  сөздердің  көбі 

лексикамызда  бар  сөздерден  алынған  да,  лексика-семантикалық  тәсіл  арқылы 

жалқы  есімге  айналған.  Апеллятив  атаулардың  біразы  зат  есімнен  жасалған 

(Арал, Арық, Жон, ҚопаТүбек т.б.), енді біразы басқа сөз таптарынан заттану 

(субстантивтену) арқылы жасалады (Ащы, Биік, Қоңыр, Тұйық т.б). Соңғылары 

лексика-семантикалық  тәсілмен  тығыз  байланысты  конверсиялық  жолмен 

жасалған  топонимдерге  жатқызылады.  Конверсияның  негізгі  талабы  –  сөз  бір 

сөз табынан екінші сөз табына өтуі тиіс. 

Апеллятив (жалпы есім) біртектес заттарды жалпы атайды, ал ол жалқы 

есімге айналғанда, барлық жалқы есімдер сияқты, «нақты бір нысанды жекелеп 

атайды» [8]. Сонда кәдімгі лексикамыздағы айдын, арна, өзен сөздері қажетіне 

қарай Айдын, Арна, Өзен гидронимдеріне айналып шыға келеді деген сөз. 

Географиялық терминдердің топонимге өтуі тарихи құбылыс дедік, бірақ, 

сонымен  бірге  өнімсіз  болса  да,  жаңа  топонимдер  жасаудың  бір  жолы  болып 

табылады. Мұнда қойылатын жалғыз шарт – Бұлақ атауын алу үшін, ол бұлақ 

сол маңдағы жалғыз бұлақ болуға тиіс, Тоғай атану үшін, ол тоғай да оңаша, 

шоқталған тоғай болуға тиіс. Апеллятив атаулардың пайда болуы да осы талаптан 

туған,  яғни  жалғыз  бұлаққа  басқалардан  ажыратарлық  анықтауыш  белгі  іздеп 

әуре болмаған деуге болады.

Ғалымдар арасында апеллятив атауларды тілдегі эллипсис құбылысының 

Б.Н. БИЯРОВ, Г.Н. АлКАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 252-260 

 

 

 



                iSSN 1683-1667 

256

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

нәтижесі  болуы  мүмкін  деген  көзқарас  та  жоқ  емес.  Біздің  ойымызша,  түбір 

топонимдердің  басқа  түрлерінде  (мәселен:  антротопоним,  этнотопоним  т.б.) 

эллипсис кездессе де, апеллятив атауларда эллипсис құбылысы байқалмайды. Олай 

дейтініміз географиялық терминнен жасалған топоним нақты бір географиялық 

нысанды,  ландшафтың  бір  түрін  атайды.  Алдына  дифференциялаушы 

анықтауыш қосудың немесе қосымша қабылдаудың қажеті болмаған. Апеллятив 

атаулар тек қана дара тұрған нысандарға беріледі. Чуваш тіліндегі топонимдерді 

зерттеген Г.е. Корнилов бұл мәселе жөнінде былай дейді: «Шынында бұлар таза 

апеллятивтер,  бірақ  олардың  дифференциялаушы  элементтерінсіз-ақ  жалқы 

есім ретінде бұрыннан топонимдік қолданыста болып келгеніне күдік келтіруге 

болмайды» [9].

Сайып келгенде: «Барлық топоним апеллятивтен пайда болған... Топонимнің 

этимологиясы дегеніміз апеллятивті қалпына келтіру», – деген пікір де өз мәнін 

жойған  жоқ  [10].  Бұдан  географиялық  терминдер  ең  алдымен  тілде  пайда 

болып, түбір топонимдер жасады және кейінгі күрделі, қосымшалы атаулардың 

жасалуына ұйытқы болды деген қорытынды шығады. 

Географиялық терминдердің күрделі атаулар құрамына енуі

Сөзжасамның  аналитика-семантикалық  тәсілінің  қағидасы  топонимжа-

самға толығымен сәйкес келеді. Оған басты себеп – топонимнің сөз категориясы-

на жақындығы. Тіліміздегі туынды сөздер тәрізді топонимдер де бірігу (кірігу) 

тәсілі  арқылы  күрделі  атауларға  айнала  алады  екен.  Күрделі  топонимдер,  сөз 

жоқ, дамудың кейінгі сатысының жемісі және олар түбір (бірнегізді) топонимдер 

арқылы жасалады.

Топонимтанушы-ғалымдардың  барлығы  дерлік  түркі  топонимиясында 

біріккен  атаулардың  мол  кездесетінін  ескеріп,  негізгі  топонимжасам  типіне 

жатқызады.  Мәселен,  О.Т.  Молчанова  Таулы  Алтай  өлкесінің  топокеңістігін 

саралай  келіп:  «Көп  жағдайда  түркі  географиялық  атаулары  екі  негізді  болып 

келеді», – дейді [11]. 

ең  алдымен  екі  не  үш  сөздің  мағыналары  бірігіп,  жаңа,  тың  сонымен 

бірге,  күрделі  мағына  туғызатыны  топонимжасамда  тура  сол  жолмен  туынды 

топонимдер  жасайды.  Мысалы,  сары  +  өзек  =  Cарыөзек,  екі  +  бас  +т  ұз 

=  екібастұз.  Мұндағы  себепші  негіздердің  мағынасы  жоғалып  кетпейді, 

керісінше өз мағыналық үлестерін қоса отырып, жаңа мағына тудыруға бірдей 

дәрежеде атсалысады. Қатысушы себепші мағыналар (екі, үш т.б.) жаңа туынды 

атаудың уәжі болып табылады. Жаңа мағынаны кейде екіншілік мағына, кейде 

сөзжасамдық мағына деп атайды. Ал топонимжасамдағы екіншілік мағына (жаңа 

сөз) – туынды топонимнің өзі.

Зат  есімдер  бүкіл  сөз  табының  ішіндегі  логикалық  ұғымы  жағынан  ең 

айқын сөз табы десек, зат есімнің ішіндегі ең нақтысы жалқы есімдер екені мәлім. 

ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР



257

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Жалқы есімдердің ішіндегі денотаттың мағынасы басым болып келетіні – жер-су 

аттары. Сондықтан топонимжасам процесі тайға таңба басқандай ашық түрде 

өтеді, яғни себепші негіздің де, туынды топонимнің де мағыналары айқын білініп 

тұрады. Бұған жер-су аттарына экстралингвистикалық әсердің мол болатыны да 

өз ықпалын тигізеді. Мәселен, Жетісу атауы жеті +су сөздері арқылы бірігіп, осы 

өлкедегі басын Алатаудан алып, далаға қарай ағатын жеті өзеннің болуы арқылы 

уәжденіп тұр дей аламыз. Біріккен сөздердің құрамындағы себепші негіздердің 

біріншісі  үнемі  екінші  сыңарының  сын-сапалық,  сандық,  қасиеттік  белгілерін 

таңбалайды  десек,  топонимжасамда  да  көбінесе  анықтауыш  +  географиялық 

термин (ГТ) үлгісімен біріккен топонимдер жасалады. Бұл бірінші сыңар сын, 

зат,  сан  есімдер  немесе  етістік  болып  келсе,  екінші  компоненті  зат  есімдер 

(индикатор, термин) болып келеді.

Сын есім + зат есім үлгісі бойынша сөздердің бірігуі сөзжасамның өзінде ең 

өнімді тәсіл болып саналса, топонимжасамда да мұндай лексикалық бірліктердің 

үлес салмағы басым. Мұнда екі немесе одан да көп түбірлердің бірігуі арқылы 

мағынасы да, тұлғасы да біртұтас туынды атау пайда болады және оның мағынасы 

құрамындағы компоненттерінің мағынасы арқылы уәжделеді. Мысалы, Ақжар < 

ақ +жар «топырағы ақ түсті жар».

Сын  есім  +зат  есім  үлгісі  анықтауыш  +  Гт  макроүлгісінің  құрамына 

енетіні түсінікті:

Анықтауыш + термин 

сын есім + зат есім  

зат есім + зат есім  

сан есім + зат есім

Анықтауыш + термин макромоделі де, оған жататын сын есім + зат есім үл- 

гісі де түркі тілдерінде жер-су атын жасауға аса қолайлы, сол себепті аса өнімді 

болып  келеді.  В.Н.  Попова  мұндай  құрылымның  қосымшалы  (славяндық) 

құрылымнан  әлдеқайда  ыңғайлы  екенін,  денотат  туралы  хабар  беруге 

мүмкіншілігі  мол  екенін  атап  көрсетеді  [12].  Шынында  да  географиялық 

нысанның ерекше бір белгісін екшеп алып, сол арқылы ат беруде таптырмайтын 

тәсіл. Мысалы, Ащытақыр, Жіңішкеқұм, Дөңгелектоғай, Ескіжұрт, Шоққамыс 

топонимдерінің бірінші сыңарлары (ащы, жіңішке, дөңгелек, ескі, шоқ) екінші 

сыңарының (денотаттың) көзге түсер ерекше бір белгісін тап басып айқындап, 

атаудың  семантикасын  толықтырып  тұр.  Тақыр  деген  апеллятив-атаудың 

мағынасы  Ащытақырдың  мағынасынан  әлдеқайда  жұтаң  екенін  байқау  қиын 

емес. 

 

Б.Н. БИЯРОВ, Г.Н. АлКАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 252-260 



 

 

 



                iSSN 1683-1667 

258

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Географиялық терминдердің туынды атаулар құрамына енуі

Қазақ  тілі  сөзжасамын  зерттеуге  қатысқан  ғалымдардың  барлығы 

(А. ысқақов, С. Исаев, Н. Оралбаева, Ғ. Қалиев, А. Салқынбай т.б.) бірауыздан 

синтетикалық тәсілді сөзжасамның ең өнімді тәсілі деп таниды. Оның себебін 

тілші-ғалым,  профессор  Қ.  Шаяхметұлы  былайша  атап  көрсетеді:  «Сөзжасам 

мен  сөзөзгерімнің  басқа  да  амал-тәсілдері  бар  болғанмен,  солардың  ішінде 

қосымшалар  ең  пәрменді,  төтенше  шара  ретінде  қазіргі  сөздің  құрылымдық 

құбылыстарында өзгеше оқшауланады. Бұл жағдайдың ақиқат-шындық екендігі 

түркі тілдерін бүтіндей типологиялық беті бойынша агглютинативті (жалғамалы) 

деп  танудан-ақ  байқалса  керек.  демек  қосымшаларды  түркі  тілдерінің 

дериватологиялық  және  морфологиялық  бейне-бітімін  жан-жақты  ашып  білу 

үшін қажетті басты тетік, кілт десе де болғандай» [13].

Қазақ  тілі  топонимжасамында  синтетика-семантикалық  тәсіл  жалпы 

сөзжасамдағыдай  өнімді  емес:  аналитика-семантикалық  жолмен  жасалған 

атаулардан  кейін  қосымшалы  атаулар  келеді.  Ал  славян  топонимиясында 

«аффиксация бірінші орын алатыны» белгілі. 

Солай  дегенімізбен,  қазақ  топожүйесінде  Гт+  сөзжасамдық  жұрнақ 

үлгісімен жасалған туынды топонимдер аз емес. Э.В. Севортян айтқандай, «сөз 

тудырушы формалар өздерінің жалпылық сипатына қарамастан түркі тілдерінде 

шектеулі қолданыста болса» да, «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» біршама 

мол, әдемі атаулар жасап шыққан [15]. 

Сонымен  ГТ  қосымшалы  топонимдер  жасауға  да  қатысады:  Тау+лы, 



Томпақ+ша,  Қыр+аш,  Арқа+лық,  Тас+тақ  т.б.  Бұл  мысалдар  географиялық 

терминдердің атау құрамындағы орны мен қызметін көрсету үшін беріліп отыр. 

Топонимжасамда  негіз  сөзді  –  топонегіз,  сөзтудырушы  жұрнақты  – 

топоформант деп атау қалыптасқан. Топонегізге түбір атау мен күрделі атаулар 

бірдей  қатыса  береді,  өйткені  негіз  сөздің  тұлғасы  емес,  оның  лексикалық 

мағынасы маңызды болып келеді (Айдар+лы, Ақбақа+лы, Ақсан Қоян+ды т.б.). 

Бұдан сөзжасамдағы негіз сөз бен жұрнақтың дәрежесі тең екені белгілі болса 

да, синтетикалық тәсілде қосымшаның салмағы артатыны аңғарылады. 

Қорыта  келгенде,  ГТ  географиялық  атаулар  жасауда  аса  маңызды  рөл 

атқаратындықтан,  оларды  әр  аймаққа  тән  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

атауларды реттеуге, ауыстыруға, жаңғыртуға, жаңадан жасауға орынды пайдалана 

білу қажет демекпіз.

ӘдеБИеТТеР ТіЗіМі

1.  Кайдар  А.Т.  Структура  односложных  корней  и  основ  в  казахском  языке.  – 

Алматы: Арыс, 2005. – С. 32, 43.

2. Сүлейменова Э. Тіл білімі сөздігі / Э. Сүлейменова, Г. Мәдиева, Н. Шәймерденова 

[т.б.]. – Алматы: Ғылым, 1998. – Б. 76.

3. Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. – М.: Наука, 1973. – С. 39.

ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР


259

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

4. Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских гео-

графических названий Республики Казахстан. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2002. – С. 26, 

63.

5. Алтайские этимологии: сборник научных трудов. – ленинград: Наука, 1984. – 



С. 130.

6. Жучкевич В.А. Общая топонимика. – Минск: Вышэйшая школа, 1980. – С. 20, 21.

7. Никонов В.А. Пути топонимического исследования // Принципы топонимики / 

В.А. Никонов. – М.: Наука, 1964. – С. 58-86.

8. Подольская Н.В. Какую информацию несет топоним // Принципы топонимики 

/ Н.В. Подольская. – М.: Наука, 1964. – С. 87-99.

9.  Корнилов  Г.е.  Опыт  исследования  по  чувашской  диалектологии  и  булгаро-

чувашской топонимике: дисс. ... канд. филол. наук / Г.е. Корнилов. – Чебоксары, 1964. 

– С. 174, 186.

10. Савукинас Б.И. Из прений // Принципы топонимики / Б.И. Савукинас. – М.: 

Наука, 1964. – С. 122-123.

11. Молчанова О.Т. Топонимический словарь Горного Алтая / О.Т. Молчанова. – 

Горно-Алтайское отделение алтайского книжного издательства, 1979. – С. 102, 397.

12.  Попова  В.Н.  Структурно-семантическая  природа  топонимов  Казахстана 

(сравнительно-историческое исследование): автореферат дисс. ... на соискание уч. сте-

пении доктора филол. наук / В.Н. Попова. – Алматы, 1997. – С. 9, 62. 

13.  Шаяхметұлы  Қ.  Қазіргі  қазақ  тілі  (Сөзжасам  –  дериватология,  сөзөзгерім  – 

морфология) / Қ. Шаяхметұлы. – Семей-Новосібір: Талер-Пресс, 2007. – Б. 8, 334.

14. Никонов В.А. Введение в топонимику / В.А. Никонов. – М.: Наука, 1965. – 175 с.

15. Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджанском язы-

ке / Э.В. Севортян. – М.: Наука, 1966. – С. 344, 437. 

 

REFERENCES



1. Kajdar A.T., Struktura odnoslozhnyh kornej i osnov v kazahskom jazyke. Almaty: 

Arys, 2005. 304 (in Russ).

2. Sүlejmenova Je., Madieva G., Shajmerdenova N. t.b., Tіl bіlіmі sоzdіgі. Almaty, Qy-



lym, 1998. 544 (in Kaz).

3.  Superanskaja  A.v.,  Obshhaja  teorija  imeni  sobstvennogo.  Nauka,  1973.  366  (in 



Russ). 

4. Instrukcija po russkoj peredache kazahskih i kazahskoj peredache russkih geogra-



ficheskih nazvanij Respubliki Kazahstan. Almaty. Sozdіk Slovar’, 2002. 63 (in Russ).

5. Altajskie  jetimologii.  Sbornik  nauchnyh  trudov.  Leningrad:  Nauka,  1984.  224  (in 



Russ). 

6. Zhuchkevich v.A., Obshhaja toponimika. Minsk: Vyshjejshaja shkola, 1980. 287 (in 



Russ). 

7. Nikonov v.A., Puti toponimicheskogo issledovanija. Principy toponimiki. Moskva: 



Nauka, 1964. 58-86 (in Russ). 

8. Podol’skaja N.v., Kakuju informaciju neset toponim. Principy toponimiki. Moskva: 



Nauka, 1964. 87-99 (in Russ). 

9. Kornilov G.E., Opyt issledovanija po chuvashskoj dialektologii i bulgaro-chuvashs-



koj toponimike. Diss. kand. filol. nauk. Cheboksary, 1964. 186 (in Russ). 

10. Savukinas B.i., Iz prenij. Principy toponimiki. Nauka, 1964. 122-123 (in Russ). 

11. Molchanova O.T., Toponimicheskij slovar’ Gornogo Altaja. Gorno Altajskoe otdele-

nie altajskogo knizhnogo izdatel’stva, 1979, 397 (in Russ). 

12.  Popova  v.N.,  Strukturno  semanticheskaja  priroda  toponimov  Kazahstana 

Б.Н. БИЯРОВ, Г.Н. АлКАНОВА. 1 (65) 2015. Б. 252-260 

 

 



 

                iSSN 1683-1667 



260

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

sravnitel’no-istoricheskoe issledovanie. Avtoreferat diss. na soiskanie uch. stepenii doktora 

filol. nauk. Almaty, 1997. 62 (in Russ). 

13.  Shajahmetuly  Q.,  Qazіrgі  qazaq  tіlі  Sozzhasam  derivatologija,  sozozgerіm  mor-



fologija. Semej Novosіbіr. Taler-Press, 2007. 334 (in Kaz).

14. Nikonov v.A., Vvedenie v toponimiku. Nauka, 1965. 175 (in Russ). 

15. Sevortjan Je.v., Affiksy imennogo slovoobrazovanija v azerbajdzhanskom jazyke. 

Nauka, 1966. 437 (in Russ). 

УдК 336.14(574)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет