Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Кезектен тыс еңбек демалысына кетуге байланысты өтініш үлгісін жазыңыз



бет3/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Кезектен тыс еңбек демалысына кетуге байланысты өтініш үлгісін жазыңыз.

Астана қаласы
Ішкі саясат басқармасының
басшысы ____________
Өтініш
Мені 2016 жылғы 21 қазаннан бастап 30 күнге кезектен тыс еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.
2016 жылғы «18» қазан қолы __________________
ӨТІНІШ – өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды адамға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сұрау салу немесе жауап. Осы құжат медициналық ұйымның қызметіне жасалған шағымға байланысты оған келіп түскен шағымдары бар өтініштің қағидаттары мен тәртібін айқындайды.
Кәсіпорынға келіп түсетін шағымдар екі түрлі болады:
пациенттердің қызметкерлердің әрекетіне көңілі толмауына;
медициналық қызметтердің сапасына қатысты
Өтініштерді қарау кезінде оның уақтылы орындалуы, объективтілігі, туралығы, өтініш берушіге және шағымға қатысты әділдік пен құпиялылық қамтамасыз етіледі. Шағымды қарау кезінде шағым жасауға түрткі болған адамдар қатыспауға тиіс.
1. Құжаттандыру
1. Шағымдарды тіркеу журналы
2. Өтініштерді қарау хаттамасы
3. Өтініш берушіге жауап
1. Рәсімдер
Процесс мынадай кезеңдерді қамтиды:
Шағымдарды қабылдау және тіркеу
1. Келіп түскен шағым медициналық ұйым кеңсесінің кіріс және шығыс хат-хабарлар журналында тіркеледі.
2. Субъектіге тікелей жазбаша жүгінген өтініш берушіге өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі мен атыжөні көрсетілген талон беріледі.
3. Өтініш, онда қамтылған мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды адамға арналуға тиіс.
4. Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы
бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы, заңды тұлғада – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
5. Өтінішке өтініш беруші қол қоюға не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
6. Шағым беру кезінде субъектінің немесе әрекетіне шағым жасалатын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөндері, өтініш себептері мен талаптары көрсетіледі.
Өтініштерді қарау мерзімдері
1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері күнтізбелік он
бес күннен аспайтын мерзімде қаралады.
Өтініштерді қарау
1. Өтінішті қарау кезінде Ішкі бақылау (аудит) қызметінің
қызметкерлері жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің объективті,
жан-жақты және уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет