Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Өмірбаян құжатының жазылу үлгісіне мысал келтіріңіз, дәйектеңіз



бет7/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

7. Өмірбаян құжатының жазылу үлгісіне мысал келтіріңіз, дәйектеңіз.
Өмірбаянды қалай дұрыс жазу керегін түсіну үшін, оның жазылу үлгісімен танысып алыңыз:
Өмірбаян (үлгі)
Мен, Жансұлтанов Қайрат Бауыржанұлы, 1987 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келдім. 1994 жылы №2 орта мектепке бардым. 2004 жылы мектепті үздік тәмамдап, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетіне түстім. 2008 жылы оқу орнын қызыл дипломмен бітірдім. Сол жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін «Алматы ақшамы» газетінде журналист қызметінде жұмыс істеймін. Сотталмағанмын.
1989 жылы 4 наурызда дүниеге келген Аманова Майра Думанқызымен некелескенмін. Ол Нұр-Сұлтан қаласында туылған. Мұғалім мамандығы бойынша жоғары білімі бар, мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Менімен бірге Алматы қаласы Төле би көшесі 20-үй 45-пәтерде тұрады. Балаларымыз жоқ.
Қосымша мәліметтер:
Әкем: Есенбеков Бауыржан Жансұлтанұлы 1967 жылы 13 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Жоғары техникалық білімі бар, инженер болып жұмыс істейді. Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 15-үй 10-пәтерде тұрады. Сотталмаған.
Анам: Орынтаева Зәуре Еркінқызы 1968 жылы 16 наурызда Атырау қаласында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар, бас есепші болып жұмыс істейді. Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 15-үй 10-пәтерде тұрады. Сотталмаған.
Інім: Жансұлтанов Азамат Бауыржанұлы 1995 жылы 1 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетінің 3-курс студенті. Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 15-үй 10-пәтерде тұрады. Сотталмаған. Енді сіз өмірбаянды қандай үлгі арқылы жазу керегін білесіз. Алайда мәліметтерді өзіңіздің жағдайыңызға байланысты нақтылап көрсету керек. Оқушыға өмірбаян жазғанда оқуда, үйірмелерде қандай жетістіктері бар екенін көрсеткені жөн. Сонымен қатар байқаулар, көрмелер, олимпиадаларға қатысқаны туралы жазып, жалпы білім берудегі қосымша шаралардағы белсенділігін көрсету керек. Егер оқушы спорт секцияларына барса, разрядтары және белгілі бір жетістіктері болса, бұл мәліметтерді де көрсеткен дұрыс.
Студент өмірбаянға нені жазуы керек:
Оқудағы жетістіктерінен бөлек, оқу кезінде жүргізілген ғылыми жұмыстары туралы мәлімет беру қажет. Сондай-ақ, конференцияларға, оқу орнының қоғамдық өміріне, өндірістік тәжірибеге қатысқаны жөнінде қысқаша мәлімет берген жөн. Студенттің өмірбаянында оқудың жеңіл түсіп, жоғары деңгейде білім алып жатқанын атап өткені маңызды. Сонымен қатар белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз, курстарға, спорттық шараларға, байқаулар мен оқу орнының қоғамдық өміріне қатысқаныңыз туралы мәліметке аса мән беріңіз.
Өмірбаян жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылатын ресми құжат. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады.
1.Адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты- жөнін, туған күнін толық көрсетеді. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады , көлемі жағынан шағын болады.
2. Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады.Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп, қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі.
3.Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық саяси қызметтері өз тарапынан емес,басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар – А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, А.С.Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әртүрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді. Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың бірі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза,жүйелі түрде сиямен жазылады. Арнайы қағазға да жазылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет