5.Ақпараттық хат және оның мазмұндық ерекшелігі туралы жазыңыз. Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және ақпараттық хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады және сұратуға жауап болып табылады.Ақпараттық хаттың мәтінінде қандай да деректер немесе шаралар туралы хабарланады. Ақпараттық хат арқылы көбіне ұйымның қызметі немесе әртүрлі өнімі насихатталады. Ақпараттық хат нақты адресатқа арналып, сұрау салуға жауап болып табылады. Ақпарат беру туралы Бірінші басшыға
(________ ауданы) әкімдігінің ________ жылғы № _______ (__________ ауданының)жергілікті атқарушы органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» Қаулысын орындау, сондай-ақ жоғарыда аталған Қаулыны іске асыру жұмыстарын сараптау мақсатында қосымша беріліп отырған нысан бойынша әр айдың 5-інде ақпарат беріп отыруларыңызды сұраймыз.
(__________ауданы) әкімі_____________ _________________________________ (қолы) (аты-жөні)
Бөлім бастығы______________ ________________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Ақпараттық хат дегеніміз- белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат.
1.Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттық дәлдігімен ерекшеленеді.
2.Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметтерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметткердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне жасаған тұлға ғана қол қояды.
3. Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.
Сұраныс хаттар. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады.
Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
Циркуляр хат. Ведомствалық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнетілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.
Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан – жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат. Ұйымның өз ішіне арналған баяндау хаттар оң қолмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады. Мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауы, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі. Баяндау хат мекеменің атынан жоғары жаққа арналса, машинкеге басылып, мекеме басшысы қол қояды.