4. Күнделікті еңбек қатынасында жиі кездесетін құжаттар. Өтініш туралы пікіріңізді жазыңыз. Мекеменің басқару қызметі кадрларды іріктеуді және орналастыруды,азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және босатуды да қамтиды. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, кезекті еңбек демалысын беру, көтермелеу кезінде ресімделетін құжаттар жеке құрам бойынша құжаттар тобын құрайды. Бұл жеке құрам бойынша бұйрықтар, өтініштер, мінездемелер, еңбек кітапшалары, жеке карточкалар, сондай-ақ жеке іске тігілетін барлық құжаттар.Кадрларды есепке алуға байланысты құжаттар нысанына мыналар жатады: Қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (өкім); Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (өкім); Мемлекеттік қызметшінің жеке карточкасы. Штаттық кесте. Кезекті еңбек демалысының кестесі. Ғылыми, ғалым-педагог қызметкерлерді есепке алу карточкасы. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық. Қызметкерге кезекті еңбек демалысын беру туралы бұйрық. Қызметкермен жасалған еңбек шартын тоқтату туралы бұйрық. Қызметкерді іссапарға жіберу туралы бұйрық. Іссапар куәлігі. Іссапарға жіберуге арналған қызметтік тапсырма және оның орындалуы туралы есеп. Қызметкерді көтермелеу туралы бұйрық. Жеке құрам бойынша құжаттарға төмендегілер жатады: түйіндеме, өтініш, жеке құрам бойынша бұйрықтар, еңбек кітапшалары, жеке істер, жеке карточкалар. Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жаз- баша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат. Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы журналы- на тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш негізінде бұйрық шығарылады. Өтініш мекеме басшысына келіп түскеннен кейін, өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мыса-лы: «Қарсы емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б. Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс) мерзімі көрсетілуі тиіс. Өтініш, негізінен, мынандай жағдайларда жазылады:
оқуға түскен кезінде;
басқа оқу орнына ауысқанда;
бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;
жатақханадан орын сұрағанда;
жұмысқа қабылдау кезінде;
басқа жұмысқа ауысқанда;
жұмыстан босату кезінде;
кезекті демалыс сұрау кезінде;
кезектен тыс демалыс сұрағанда;
материалдық көмек сұрағанда;
денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.
Өтініштің жазылу тәртібі: Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағанның бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.