Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Келісімшарт жазылатын жағдайлар туралы тұжырымдаңыз



бет45/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
70. Келісімшарт жазылатын жағдайлар туралы тұжырымдаңыз.
Келісім-шарт — жеке түлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат. Шарттың (келісім-шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмүны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді. Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) түрғын үйді сатып алу — сату туралы. о) түрғын үйді сыйға беру туралы. б) түрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт; ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;
б) жер учаскесін сатып алу — сату туралы келісім-шарт.
3. Көлік қүралдары жөніндегі мәмілелер:
а) автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт; ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.
4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер: а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.


71. Анықтама. Жеке іс-парағы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
Анықтама (лат. defіnіtіo) — кең мағынада, ұғымның мазмұнын ашуға көмектесетін логикалық амал. Кез-келген анықтама анықталушы (defіnіendum) және анықтаушы (defіnіens) ұғымдарды білдіреді; анықталушы ұғымның мазмұнын ашуға көмектеседі; сол ұғымды оған ұқсас ұғым; термин мағынасы берілетін пайымдау немесе үрдіс. Ең дұрыс анықтама анықталатын сөз немесе терминге логикалық түрде сай болады. Анықтама деп жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді айтамыз. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы жұмысқа орналасу және аспирантураға түсу кезінде, ұйымдар, мекемелер талап еткен кездерде т.б. жағдайларда жазылады. Жеке іс парағы арнаулы бланк түрінде берілген ресми құжат. Мұнда жеке адам аты-жөні, жынысы, туған жылы, туған жері, ұлты, білімі, мамандығы т.б. өзі туралы қысқаша мәліметтер беріп өтеді. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен сәйкес жазылады. Жеке іс парағы мынандай жағдайларда жазылады:
Жұмысқа қабылдану үшін;
Сайланбалы органдарға сайлану үшін;
Аспирантураға түсу кезінде;
Қызметкердің лауазымын көтеру кезінде т.б.
Жеке іс парағында көрсетілетін деректемелер:
Құжат аты (жеке іс парағы)
Жеке адам туралы мәлімет (аты-жөні, ұлты, азаматы)
Кәсібі мен мамандығы
Қоғамдық қызметі: еңбек жағдайы
Отбасы жағдайы
Мекен-жайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет