Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»



бет41/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

63. Қызметтік мінездеме үлгісін жаз.
Түркістан қаласының №15 гимназия мектебінің 11-сынып оқушысы Жүнісов Азамат Маратұлына
Мінездеме
Жүнісов Азамат Маратұлы жоғарыда аталған мектепте 1-сыныптан бастап оқиды. Азамат өте іздемпаз оқушы,әрдайым өз мақсатына жетуге тырысады.Сабырлы,парасатты және салмақты мінезімен ерекшеленеді.Құрдастарымен “ортақ тілді”оңай табады .Мұғалімдерді құрметтеп,жасалған ескертулерді адекватты қабылдайды.Күнделікті өмірде тек жағымды жақтарымен сипатталады.Дәлелді себепсіз сабақтан қалған емес. Оқу тапсырмаларынжүйелі түрде орындайды.Есте сақтау қабілеті жақсы,оқу материалын жылдам меңгереді.Әсіресе физика,география және тарих пәндеріне қызығушылық танытады. Физикалық дамуы жоғары деңгейде.Спорттық іс-шаралар мен олимпиадаларға белсене қатысып,бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.Футболмен және жеңіл атлетика мен әуестенеді. Толық отбасында тәрбиеленеді.Ата-анасы мектеп жиналыстарына үнемі қатысып,баласының оқу тәртібіне және тәртібіне ерекше мән береді. Салауатты өмір салтын ұстанады.Алкоголь немесе есірткі қолданбайды.Темекі шегуге көзқарасы теріс.
Мектеп директоры_______________ Б.С.Рахимов
Сынып жетекшісі_________________ А.Л.Қинаятова

64. Нотариус арқылы куаландыратын арыз түрлерін айқындаңыз және мысалмен дәйектеңіз.
Наториус арқылы куаландыратын арыз түрлері: сенімхат және кепілхат. Сенімхат-бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.Сенімхат мекеме атынан берілсе,арнаулы бланкке жазылады да,мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.Егре сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты жөні, құжатының аты мен номері жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына наториус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады. Кепілхат белгілі бір құндылықтардың алынғанын куаландыратынжәне оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретінін міндеттеп көрсетіп, келісімшарттың негізінде жасалатын ісқағаздың бір түрі.Кепілхаттың құқықтық дәрежесі жоғары.заңдық күші бар.Себебі кепілхат міндетті түрде наториалдық кеңседе нотариус жазбасымен расталады,мөр басылады.кепілхат алушы.беруші және нотариалдық кеңсе үшін 3 дана етіп толтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет