Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Мекеме басшысының атына қызметке қабылдау туралы өтініш жазыңыз



бет44/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

67. Мекеме басшысының атына қызметке қабылдау туралы өтініш жазыңыз.



68. Ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның ішкі тәртібін реттейтін құжат. Жарғы үлгісін көрсетіңіз.
Жарғы – ережелер жинағы ұйымдардың қызметін реттейтін, олардың өзара қарым-қатынасы, басқа ұйымдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері саласында мемлекеттік немесе шаруашылық қызметі. Жарғы мәтінінің негізгі бөлімдері:
1. жалпы ережелер.
2. ұйымдастырушылық бірлігі.
3. қызметінің регламенті.
4. қаржы – материалдық база.
5. есептік және тексеру қызметі.
6. тарату тәртібі және жауапкершілігі ұйымның істері бойынша
Кəсіпорын жарғысының үлгісі:

1. ҚОҒАМНЫҢ АТАУЫ ЖƏНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
1.1. Қоғамның толық атауы: «АРНА» акционерлiк қоғамы;
Қоғамның қысқарған атауы: - «АРНА» АҚ;
2. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МƏРТЕБЕСІ
2.1Қоғам заңды тұлға болып табылады жəне өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына жəне осы Жарғыға сəйкес жүзеге асырады.
2.2Қоғамның қаржылық жəне өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.
2.3Қоғамның дербес балансы, банктік жəне басқа да шоттары бар, өз атауы көрсетілген мөрге ие.
3. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МƏНІ
3.1. Қоғам қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қызметтен таза кіріс алу болып табылады.
3.2. Қазақстан Республикасының заңдарында лицензиялау көзделген қызмет түрлерін Қоғам белгіленген тəртіппен тиісті қызмет түріне лицензия алғаннан кейін жүзеге асырады.


69. Құттықтаухат, Шақырухат, Алғысхат үлгісін көрсетіңіз.
Құттықтаухат!
Құрметті Мөлдір Мұхтарқызы!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сізді кандидаттық диссертация қорғауыңызбен шын жүректен құттықтайды. Біз сізді білікті маман, тәжірибелі заңгер ретінде зор құрмет тұтамыз. Ұжымда істеген 15 жыл ішінде сіз заң кеңесшісі қызметінен бөлім бастығы қызметіне дейін көтерілдіңіз, жас мамандарды даярлауға үлес қостыңыз. Қазақстандағы қаржы және экономика мәселелері бойынша байыпты еңбектер жарияладыңыз. Құрметті Мөлдір Мұхтарқызы, әріптестеріңіз сізді кандидаттық дәрежеге жеткен жетістігіңізбен құттықтайды. Сізге еңбекте табыс, отбасыңыздың амандығын тілейді.
Шынайы ниетпен: әріптестеріңіз.
________________________________________
Алғыс хат.
Құрметті Сәуле Жомартқызы! Сіздің жоғары кәсібилігіңіз, біліктілігіңіз, педагогикалық талантыңыз және көптеген жылдар бойғы игі ісіңізге деген адалдығыңыз үшін шын жүректен білдірген алғыс сөзімізді қабыл алыңыз.
Сізге жауапкершілігіңіз, ізгі ниетіңіз, жігеріңіз және әр оқушының тілін таба білгеніңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Сізге зор денсаулық, бақыт және жұмысыңызға сәттілік тілеймін!
Құрметпен, № 79 орта мектептің директоры Арман Жақсылықов
________________________________________
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы,
Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі №220
10 қыркүйек, 2004 жыл
Экономика және құқық факультетінің деканы,
профессор К. У. Тұрмағанбетоваға

ШАҚЫРУ ХАТ
Тілдер мерекесіне шақыру
Сізді 2004 жылы 21 қыркүйекте университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
ұйымдастыруымен өтетін Тілдер мерекесіне шақырамыз.
Басталу мерзімі – 15:00. Өткізілу орны – 116 аудитория.
Күн тәртібінде
I. Пленарлық мәжіліс.
1. Қазақ тілін үйретудегі өзекті мәселелер.
Баяндамашы доцент: Мусатаев Н. М.
2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктері.
Баяндамашы аға оқытушы: Серікқалиева Э. С.
II.Мәнерлеп оқу байқауы.
1. “Тілге құрмет – елге құрмет” атты мәнерлеп оқу байқауы.
2. Концерттік бағдарлама.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі профессор Сыдықов Т. С.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет