Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»



бет47/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
73. Резюме үлгісін жазыңыз.
Аты-жөнi: Айбек Нұргүл Хамитқызы
Мекен-жайы: Астана қаласы, Абылай хан даңғылы 25 үй, 33 пәтер
Телефон: 8 (7178) 45-96-73; ұялы телефон: 8 777 123 45 67
Е-mail : nurgulaibek@hotmail.com
Жалпы ақпарат
Жұмыс тәжiрибесi:
“Аймаусым” ЖШС, 2007 – 2008 жыл, Астана қаласы. Бухгалтер
“Қайсар” АҚ, 2008- осы күнге дейін, Астана қаласы. Бас бухгалтер.Бiлiмi: – Орта 1989 – 2000 жж. – №12 орта мектеп
– Жоғары:
2000-2004 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – бухгалтер, бакалавр.
2004-2006 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – экономист, магистр
Тiлдi бiлуi:
Қазақ тілі – ана тілі
Орыс тілі – еркін
Ағылшын тілі – еркін
Компьютердi игеруi:
1 C бухгалтерия, Microsoft Office, Enternet Explorer
Жеке қасиеттері: ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады.
Қосымша ақпараттар: Көлік жүргізуші
Халықаралық бухгалтерлер конгрессінің қатысушысы
Құштарлығы: Тілдер үйрену
Кітап оқу.
саяхат жасау.

74. Хабарландыру. Жарнама туралы пікіріңіз, мысал келтіріп өтіңіз.
Хабарландыру дегеніміз – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін ісқағазының бір түрі. Хабарландыру қандай да бір іс-шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Хабарландырулармен теледидар, радио, газет және хабарландыру тақталары арқылы танысуға болады. Хабарландыруда хабарланғалы отырған нәрсенің мерзімі, күні, айы, жылы және уақыты мен мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Хабарландырудың соңында хабарландыру беруші мекеме, ұйым, әкімшіліктік атауы жазылады. Хабарландыру көлемі жағынан әртүрлі және еркін мәтінді болып келеді. Хабарландырудың басты мақсаты – көпшілікке нақты бір мәліметті жеткізу. Бұл мәлімет әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер тұлға өз мүлігін сатса, ол хабарландыруда оның сипаттамасын міндетті түрде жазу керек. Ал егер мекеме ішінде бір шара өткізілсе, онда оның уақыты мен өткізілетін орны жазылуы керек. Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жа- рияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады. Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабар- ландыру тақталары арқылы танысуға болады. Хабарландыру әртүрлі жағдайлар, мысалы, бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандай да бір қызмет түрлерін ұсыну туралы, сондай-ақ қандай да бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабар- лау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады. Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші – қандай мекеме байқау жариялайтыны, екінші – қандай қызмет орнына жария- лайтыны, одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекен- жайы көрсетіледі. Жарнама — тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату. Жарнама дегеніміз тауарлар мен қызметтердің сатылуын арттыру үшін қолданылатың іс-әрекеттер. Жарнаманың көмегімен компаниялар өздерінің тауарлары мен қызметтерінің сатылуын едәуір арттыра алады. Жарнама сатылымдарды арттырудың негізгі құралы. Жарнаманың негізгі түрлері Теледидардағы жарнама — теледидарда қысқа бейне роликтерді көрсету көмегімен жүзеге асырылады. Жарнаманың бұл түрі ең қымбат әрі әсері ең көп болады. Сондықтан жарнаманың бұл түрің негізінен ірі компаниялар қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет