Басшы бұйрықтар арқылы қызметкерлерін, ұйымды және оның қызметін басқаруды жүзеге асырады. Бұйрықтың мақсаты – нақты мәселені шешу. Құжаттау мен іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша басылым топтамасын жалғастыра отырып, осы мақалада біз бұйрықтарды әзірлеу мен ресімдеу тәртібін қарастырамыз. Бұйрық – ұйымның алдына қойған негізгі және жедел міндеттерді шешу мақсатында, дара басшылық қағидасының негізінде әрекет етуші, осы ұйымның (мекеменің, кәсіпорынның) басшысы шығаратын, кең тараған құқықтық акт.
Ішіндегі ең жоғары күші бар бұйрықпен бірге, басқару актілері арқылы, басшы қарамағындағы қызметкерлерді, жалпы ұйымды және оның қызметін басқаруды жүзеге асырады.
Бұйрықта ұйымның негізге қызметіне байланысты, ең маңызды мәселелер көрсетіледі. Бұйрықты шығару мақсаты – ұйымның алдында тұрған нақты міндетті шешу.
Әдетте ұйым бұйрықтарының бүкіл ауқымы мазмұнына және ресімдеу әдістеріне қарай негізгі қызмет бойынша бұйрықтарға және жеке құрам бойынша бұйрықтарға бөлінеді. Біріншілері үшін басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі – БҚҚ қызметі) жауап береді, кадрлық мәселелер бойынша бұйрықтар кәсіпорынның кадрлық қызметімен тиісті құжаттардың негізінде (еңбек шарттары, өтініштер, баяндау (қызметтік) хаттар, ұсыныстар және т.б.) әзірленеді.
Бұйрық – ол бүкіл компанияның қызметіне қатысты немесе ұйымның жеке қызметкерінің әлде құрылымдық бөлімшесінің қандай да бір тапсырманы орындауын талап ететін өкімші құжат.
Жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдеу ережесі негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды ресімдеуден өте ерекшеленеді. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар тұрақты, ал жеке құрам бойынша бұйрықтар 75 жыл сақталады (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» № 22 бұйрығы) Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұрық беру құқығына, әдетте, бірінші басшы – несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары – құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.