Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет190/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Түйін сөздер: Оқу үдерісі, кәсіби дайындық, құзырет, құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік, дидактикалық 
жүйе, таңдау курстары.
Ключевые слова: Учебный процесс, профессиональная подготовка, компетенция, компетентность, 
профессиональная компетентность, дидактическая система, курсы по выбору.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында оқушылардан талап етілген 
құзыреттіліктерді меңгеруі арқасында, оқыту әдістері әрекеттік бастамаға сүйене отырып, 
оқушылардың түрлі әрекеттерінің дамуына тікелей әсер етуі қажет. Бастауыш сынып 
оқушыларының әрекеттерінің дамуына тікелей әсере ететін тұғырлардың бірі – жүйелілік 
тұғыр әдісі.
Жүйелілік тұғыр – ғылыми таным және әлеуметтік психология мен тәжірибедегі әдісна-
мадағы бағыттардың бірі, оның негізі жүйе ретінде объектілерді түсіну болып табылады. Жүйе 


290 
ұғымын жалпы мақсаттарды орындау үшін қызмет ететін және қалайда бірімен – бірі 
байланысты кез келген табиғаттың көптеген элементтерінің ұйымдастырылған түрі ретінде 
түсінеміз. Жүйелілік тұғырдың ерекшелігін С. И. Архангельский, В. П. Беспалько, Н. В. 
Кузьмина және т. б. дәлелдеуінше зерттеушіні объектінің біртұтастығын анықтауға 
бағыттайтын және күрделі объектінің әртүрлі типтерінің байланысын анықтау үшін және 
олардың біртұтас теориялық көрінісін қамтамасыз ететін, оның механизмдерін баяндау 
ретінде түсіндіріледі. Алынған нәтижелерге талдау жасау кезеңінде, жүйелілік тұғыр зерттеу 
мәліметтерін бірыңғай логикада қарастыруға мүмкіндік беріп, олардың әрекеттерін сол 
заңдылықтармен түсіндіретінін атап өтеміз. Ғалымдардың анықтауынша жүйелілік тұғыр 
ұжымды зерттеуде, тұлғалық қасиеттерге жылдам диагностика жасауда, тапсырылған тәрбие 
сапасының стратегиясын жасау секілді тәжірибиелік міндеттерді шешуде аса маңызды болып 
есептеледі. Бұл пікірлерден бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін 
қалыптастыру үдерісінде жүйелілік тұғырды қолдану тиімді деген қорытынды жасауға 
болады. Осыдан, егер оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жүйе 
бойынша жүзеге асырылса, онда коммуникативтік құзыреттілікке тән байланыстар мен 
механизмдер, оның тұтастығын құрайтын құбылыс біртұтастықта қарастырылса, онда бұл 
үдеріс тиімді болып табылады.
Экспериментті үлкен жүйемен жүргізу күрделі екендігін назарға ала отырып, шынайы 
жүйемен емес, оның үлгісімен эксперимент жүргізіліп, зерделенеді. Бұдан шығатын 
қорытынды, жүйелілік талдаудың негізгі тәртібі – бұл шынайы жүйенің үлгісін немесе кейінгі 
зерделеуге жағдаяттар жасау болып табылады. Сондықтан үлгілеу әдісін пайдалану қажет деп 
есептейміз.
Үлгілеу – бұл танымның негізгі әдістерінің бірі, шынайы жүйелер мен үдерістердің 
қиындықтарының көлемді түрі ретінде үлгі деп аталады. Оларға... схемалар, бейнелер 
(көріністері). немесе аналогтарды жатқызуға болады. Үлгілеу – объектілер мен олардың 
белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік шынайы үйлесімділік аналогтарын зерттеу жөніндегі 
әдіс. Үлгілеу ғылыми зерттеудің әдістерінің бірі болып табылып, педагогикалық зерттеудің 
эмпирикалық және шығармашылық бөлігін біріктіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар 
педагогикалық объектіні зерттеу барысында эксперимент пен оның логикалық құрылымын 
және ғылыми негіздерін біріктіреді.
Педагогикалық үлгілеудің негізгі ережелерін мынадай кезеңдер бойынша тұжырымдауға 
болады: 
1) зерттеу пәнін сапалық бейнелеуде, үлгі жасау үшін әдіснамалық негіздерді іріктеу 
үдерісіне кіру; 
2) үлгілеудің міндеттерін қоя білу; 
3) үлгілерді құруда зерттеліп отырған объектінің негізгі элементтері арасындағы 
тәуелділікті дәлелдеу, объектінің өлшемдері мен көрсеткіштерін, сол параметрлердің өзгерісін 
бағалау, өлшеу әдістемесін таңдау; 
4) қойылған міндеттерді шешуде зерттеу үлгісінің икемділігі; 
5) педагогикалық экспериментте үлгіні қолдану; 
6) үлгілеу нәтижелерінің мазмұндық түсіндірілуі (түсінікті болуы).
Зерттеу барысында жүргізіліп отырған тәжірибиелік-эксперименттік жұмыс, бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастыруда 
оқыту 
бағдарламасын құруға байланысты тек қана дидактикалық мәселелер туындайды. Бұл зерттеу 
жұмысында үлгілеу әдісін қолдануға түсіндірме беріліп, оны әлеуметтік психологияда 
белгіленіп-жинақталған мәліметтерді қабылдауға лайықты және үлгілердің байланыстарын 
талдау нәтижесінде объект жөнінде жаңа білімдерді анықтауға қызмет етеді. Дайындалған 
үлгінің ішкі байланыстарын зерттеуде зерттеліп отырған объектінің ең маңызды құрамдарын 
– бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруды 
бөліп алуға болжам жасалды. Біздің зерттеуіміздегі жүйелілік тұғыр мен үлгілеудің сәйкестігі 
логикалық заңдылық болып табылады. Шын мәнінде, жүйелілік тұғырда объектіні суреттеу 


291 
бір мезгілде оның үлгісі ретінде көрініп, жүйелі бейнедегі байланыс жөніндегі пікірлер оның 
аналогтары мен деңгейлері және қырлары арасындағы пікірлердің байланысуын білдіреді.
Т. А. Грошева халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларының коммуника-
тивтік құзыреттілігін қалыптастыруды бір адамның қажеттілігі мен қызығушылығы қарым-
қатынасқа бастамашылдығын тудырады. Қарым-қатынастың екі серіктестігінің қажеттілігі 
мен қызығушылығы қарым-қатынасқа түсуге ықпал етеді деп анықтаған [1]. Ал, В. Г. 
Гаджиагаева интегративтік тұғыр негізінде шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыла-
рының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың үлгісін мотивациялық, 
ұйымдастырушылық, мазмұндық, үдерістік, бағалау-нәтижелілік компоненттердің бірлігінде 
қарастырып, педагогикалық шарттарының жүйесін көрсеткен.
Коммуникативті құзыреттіліктің кейбір алуан түрлі түсіндірмелеріне қарамастан, барлық 
авторлар оның құрылымындағы жалпы үш компонентті бөліп қарастырады: теориялық, 
практикалық, тұлғалық. Авторлардың тұлғалық компонент сипаттамасына қатысты айтқан 
пікірлерінің әртүрлі болуы, педагогикалық біліктілік мәселесіне қатысты сұрақтарды зерттеп 
жүрген және тұлғаға бағдарланған, кәсібіне мотивациялық мақсаттың қатынасы ретінде 
әртүрлі түсіндіріледі. Р. Беллдің құзыреттілік үлгісінің айырмашылығы коммуникативтік 
құзыреттілікті әлеуметтік құрамға енгізбеу, соңғысын өзінің компоненттерінің бірі ретіндегі 
құрамға енгізген. Әңгімелесушілердің коммуникативтік құзыреттілігі – табысты қарым- 
қатынастың жалғыз ғана факторы емес, тиімді қарым-қатынас жасаудың критерийлерін 
анықтау өте маңызды болып табылады. Осы аталған қағидалар мен түсіндірмелерді ескере 
отырып, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың 
деңгейлері, өлшемдері мен көрсеткіштеріне сипаттама берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет