285
Қойшыбаев М.Н.
филология ғылымдарының кандидаты
«Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі
Алданышқызы М.
магистрант
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА
ДАЯРЛАУ МОДЕЛІ
Аңдатпа. Жұмыстың «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық өлшемдерді жүзеге
асыруға даярлау моделі» бөлімінде: білім беру жүйесінде педагогикалық өлшемдерді жүзеге асырудың пайда
болуы мен оны тарихи кезеңде жүзеге асыру барысы, бағалаудың проблема ретінде орын алуы мен жүзеге
асырылуындағы қарама-қайшылықтар, оңды бүгінгі күнге жарамды тәжірибелер; болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін педагогикалық өлшеуге даярлаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері және жүзеге
асыруға даярлау моделі қарастырылады.
Модельдің технологиялық блогы студенттердің бастауыш сынып оқушыларының
оқу нәтижелерін
бағалауға кәсіптік даярлығының технологияларын кіріктіреді және ол үш сатыны құрайды:
кәсіптік-
бағдарлық, теориялық-аналитикалық және кәсіптік-шығармашылдық. Болашақ мұғалімнің оқу жетістіктерін
бағалауға даярлығы кезінде оқу жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалану аса маңызды
нәрсе: лекциялар, практикумдар, зертханалық жұмыстар, өзіндік жұмыстар, ғылыми-зерттеушілік жұмыстар,
педагогикалық
практикалар, дербес, топтық,
ұжымдық кеңес берулер; түсіндірме-иллюстрациялық,
репродуктивтік, ішінара-іздестірушілік, зерттеушілік және оқытудың шығармашылық әдістері, «портфолио»
презентациясын жасау технологиялары қарастырылған. Модельдің әрбір
компоненті болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерін оқыту нәтижелерін бағалауға даярлау үдерісінде қарастырылған.
Түйін сөздер: Оқыту нәтижелері, өлшеу,
педагогикалық өлшемдер, бақылау, тексеру, баға, бағалау,
бастауыш сынып,
мұғалімдер,
бастауыш сынып мұғалімдері, болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерін
даярлау.
Достарыңызбен бөлісу: