286
оларды функционалдық өзара әрекеттестікке келтіре отырып, мақсат жетістігінің ең жақсы,
оңтайлы нұсқасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заманауи жағдайда «теориялық және практикалық проблемаларды шешудің жүйелік
тәсілдерінің қажеттілігі өмірдің өзімен, бәрінен бұрын, бұрын-соңды бәрі барлығымен
байланысты болғанындай қоғамдық үдерістердің интеграциясының жоғары деңгейімен: бір
проблеманың шешілуі басқаларымен байланысты шешілсе, проблеманың өзі жүйелік
кешендік сипатты болумен анықталады» [2, с. 180].
Жалпы мағынасында жүйе белгілі бір тұтастықты, бірлікті көрсететін, бір-бірімен қарым-
қатынастарында және байланыстарында табылатын элементтердің жиыны ретінде түсініледі
[3, с. 32]. Жүйелерде элементтер, үдерістер және олардың өзара
әрекеттестігі қаншалықты
ажыратылса, жүйелердің құрылымы және функциялары туралы соншалықты айтуға болады.
Оқыту және тәрбиелеу функциялары жүзеге асырылатын жүйе ерекше тектегі жүйе –
әлеуметтік-педагогикалық жүйе деп аталады. Мұндай жүйеде оқыту және тәрбиелеу үдерісі
мақсаттардың түрленуі шарттарында және қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық
прогресі дамуының өлшемі бойынша ғылыми ақпараттардың тұрақты жаңалануы, оқыту мен
тәрбиелеудің дәстүрлі және жаңа формаларының жетілдірілу жағдайындағы оқу пәндері
қалыптастырылатын негізде оқыту және тәрбиелеу саласындағы жаңа міндеттердің пайда
болуы өтеді. «Жүйе» ұғымын анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Анықтаманың бірінші
тобында авторлар кез келген жүйелердің елеулі белгілері ретінде тұтастығын айтса, екінші бір
авторлар (Н. В. Кузьмина) – жүйені өскелең ұрпақ пен ересек адамдарды тәрбиелеу, білім беру
және оқыту мақсаттарына бағынышты, өзара байланысты құрылымдық және функционалдық
компоненттердің жиыны ретінде көрсетеді. П. Г. Анохин жүйелерді қалыптастыру үшін
қандай да бір элементтердің қарапайым өзара әрекеттестігінің қаншалықты принципті екендігі
емес, жалпы әсердің, нәтиженің, мақсаттың интегралдық жетістіктеріне бағытталған және
жүйеде элементтердің жиыны ұйымдастырылатыны арқасында олардың өзара әрекеттестігі
болып табылатындығын атап көрсетеді. Осылайша, жүйелер – бұл олардың өзара әрекеттестігі
кезіндегі байланыстар мен қарым-қатынастарда табылатын, бұл компоненттерге тән емес жаңа
сапаны тудыратын компоненттер жиынтығы [3, с. 32].
Жүйелік тәсіл болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқыту нәтижелерін бағалауға
кәсіптік даярлау үдерісінің моделін сипаттау негіздемесін төмендегі блоктар арқылы береді:
мақсаттық, мазмұндық, технологиялық және критерийлік-нәтижелілік.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін бастауыш сынып оқушылардың оқу нәтижелерін
бағалауға даярлау модельдерінің мақсаттық
блогы мынадай мақсатты кіріктіреді: жеке
бағдарланған білім беру жағдайында болашақ мұғалімдерді оқушылардың оқу нәтижелерін
бағалауға даярлау сапасын арттыру. Көрсетілген мақсат студенттің оқуының теориялық және
әдістемелік даярлық кезеңін қамтиды.
Қойылған мақсат мына міндеттер қатарында нақтыланады:
студенттерде бағалаушылық іс-әрекет туралы тұтас түсініктер қалыптастыру;
оқушылардың оқу нәтижелерін бақылау және бағалау туралы білімін жетілдіру;
бастауыш білім беру жағдайында таңбалы және таңбасыз бақылауды және бағалауды,
оның нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды жүзеге асыру іскерлігін жетілдіру;
бағалаушылық іс-әрекет саласындағы педагогикалық шеберлікті меңгеруге тұрақты
қажеттілікті дамыту.
Көрсетілген міндеттер педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларының талдау іс-
әрекетінің нәтижесі бола отырып, даярлық үдерісінде түзетілуі мүмкін.
Мотивациялық-құндылықтық компонент
Студенттердің оқушылардың оқу нәтижелерін бағалауға даярлығын бағалаушылық
іскерліктің өзінен, яғни оқытудан емес, бағалаушылық іс-әрекетті тағайындау туралы
көрсетілімді өзгертуден бастау керектігін көрсетеді.
Бұл компонент өзіне мыналарды кіріктіреді:
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
бақылаушылық-бағалушылық
іс-әрекетінің
маңыздылығында көзін жеткізу;
287
– оны табысты кәсіби қалыптасудың қажетті шарттары ретінде сезіну;
– бақылау-бағалау іс-әрекетін көздеуі, оны шығармашылықпен іске асыруға ұмтылысы;
– әрбір баланың оқу іс-әрекетінің субъектісі екендігін мойындау, ішкі дайындықты баланы
жағымдылықпен қабылдауын қалыптастыру және оның жеке проблемаларын шешуде көмек
көрсету;
– шығармашылыққа, өзіне-өзі білім беруге және өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу.
Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалауға даярлық үдерісінің мотивациялық-құндылықтық
компоненті – бұл маңызды, бірақ бұл үдерістің ғылыми-негізделген ұйымдастырылуына
жасалған тек бірінші қадам, одан кейін маңыздылығы кем емес – когнитивтік ілесуі керек.
Когнитивтік компонент
оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау үшін қабылданған қажетті
кәсіптік білімдер жүйесін сезінуді болжайды. Ол өзіне мына білімдерді кіріктіреді:
– педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі бағалаушылық компоненттің әлеуметтік мәні мен
маңызыдылығы туралы;
– оқушылардың оқу нәтижелерін бақылауды және бағалауды іске асырудың мақсаттары,
міндеттері, мазұны, формалары, әдістері мен құралдары туралы;
– бағалаушылық іскерлік құрамы туралы;
– педагогикалық бағалау стилінің оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне ықпалы туралы.
Әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педагогикалық
мәселені зерттеудегі
қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тәсілдер жиынтығы. Тұғырлардың мынадай түрлері бар:
Іс-әрекет тұғыры – педагогикалық құбылысқа әрекеттің бүкіл компоненттерінің тұтастығы
позициясымен, яғни мақсаты, мотиві, әрекеті, операциясы, ретке келтіру жолы, жөндеу,
жеткен нәтижені бақылау және талдауға мүмкіндік береді.
Мәдениеттану тұғыры – оқушының жеке тұлғасын зерттеп, құндылық бағдарын қалып-
тастыруда аксиологиялық құндылық іліміне сүйеніп, нақты ғылыми әдіснама ретінде таным
мен педагогикалық іс-әрекеттерді қайта құруға немесе өзгерістер енгізуге бағыт-бағдар береді.
Жүйелілік тұғыры – зерттелетін педагогикалық құбылысты және оның арасындағы байла-
ныстың көптеген элементін анықтау. Зерттелуші объектіні жүйе ретінде, оның элементін,
олардың арасындағы байланысты және оны жіктеп, құрылымын және ұйымдастыруды,
тұтастай білім беру ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады.
Этнопедагогикалық тұғыр мәні – оқушы этностың біріне жататын әлеуметтік-мәдени
ортада өмір сүреді, білім мен тәрбие алады. Халықтың ұлттық салт-дәстүріне, оның мәдение-
тіне, діліне, ұлттық-этникалық
психологиясына, әдет-дағдыларына сүйеніп, педагогикалық
үдерістің жобасын жасап, жоспарлап ұйымдастырады.
Құзыреттілік тұғыр – бұл педагогтен өзінің біліктілігін тез өзгеруші орта мен белгісіздік
жағдайларына бейімделуге мүмкіндік беретін, икем-ділікті, мобильділікті, зерттеушілік іс-
әрекет дағдыларын, алынған білімдер жиынтығының нәтижесін алғы шартқа қоятын тұғыр.
«Парадигма» (грек сөзі paradeigma – үлгі-бейне) педагогтың ғылыми немесе жобалау-қайта
құру қызметінің үлгі-моделін көрсетумен байланысты. Бұл белгілі бір уақыт ішінде ғылыми-
педагогикалық мәселелерді алға қоюдың моделін және оларды шешудің үлгісін,
педагогикалық болмысты қайта құру моделін ғылыми қауымдастыққа ғылыми жетістік
ретінде ұсынады [4].
Оқыту қағидалары – мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер.
Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту қағидаларына сәйкес оқытуға
қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы
табыстарға жетеді. Оқыту үдерісінің бірнеше қағидаларын атауға болады:
Оқытудың ғылымилық қағидасы. Оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге
көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді;
Оқытудың сабақтастық қағидасы. Сабақтастық педагогика категорияларының оқыту,
тәрбиелеу, дамытудың жалпы дидактикалық функциясын орындайды. Сабақтастықтың
орындалу көрсеткіші – ол үздіксіз білім беруде адамның
келесі білім баспалдығына
дайындығының сандық сипаттамасы. Ол арнайы әдіс арқылы оқушының жауабы көрсеткіші
және бақылау жұмысының диагностикасы арқылы есептеледі;
288
Оқытудың саналылық қағидасы. Саналылық дегеніміз білімді саналылықпен белсене
қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқытылатын фактілер мен
құбылыстардың мәніне түсіну болады;
Оқытудың жүйелілік қағидасы. Оқыту үдерісінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс
істеуге, сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды
күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді;
Оқытудың көрнекілік қағидасы. Бұл қағиданы алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я. А.
Коменский, К. Д. Ушинский т. б. Көрнекілік қағидасының оқыту материалдарын, әсіресе,
теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше [5, 384-б].
Педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері» – мұғалім мен оқушылар жұмысының
тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны үйренеді, оқушылардың
дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды, – деп жазылған.
Сase-study – таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс.
Ол нақты ситуацияларды (жағдаяттарды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде
кезігетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді. Сол себепті де кейс-стадиді кейде
«нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды;
Достарыңызбен бөлісу: