Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет193/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   225
Түйін сөздер: Лексика, технология, тақырыпты меңгерту, интербелсенді әдіс-тәсілдер, білім беру 
мазмұны, сабақ құрылымы.  
 
Аннотация. В статье отмечается, что методика преподавания казахского языка – это наука, которая учит 
смыслу, методам, подходам и методам преподавания и изучения родного языка казахского литературного 
языка. Учитель опирается на самосознание учащегося, давая ему знание родного языка. В то же время 
методика не только знакомит преподавателя с основами педагогики, но и воспитывает преподавателя 
казахского языка, уважая профессию. Методы могут помочь вам изучить эффективные методы обучения, а 
также направить ваше обучение к творческой деятельности. Использование инновационных методов 
обучения способствует развитию учебного процесса, углублению смысла предметов, повышению 


294 
профессионализма и творческой работы учителя, помогает эффективно организовать урок, повышает интерес 
студента к предмету, расширяет знания студента по предмету.
Совокупность современных подходов играет ключевую роль в объяснении темы лексикологии студентам 
в одной из казахских лингвистик. Цель обучения словарного запаса состоит в том, чтобы научить студентов 
овладевать универсальным языком нашего языка, овладеть нашим словарным запасом и развивать 
нравственные, этические и моральные качества учащихся с помощью разнообразных моральных, 
пресловутых и пресловутых словарей. и образование.
 
Abstract. The article notes that the methodology of teaching the Kazakh language is a science that teaches the 
meaning, methods, approaches and methods of teaching and studying the native language of the Kazakh literary 
language. The teacher relies on the student’s self-awareness, giving him knowledge of his native language. At the 
same time, the methodology not only acquaints the teacher with the basics of pedagogy, but also educates the teacher 
of the Kazakh language, respecting the profession. Methods can help you learn effective teaching methods, as well 
as direct your learning to creative activities. The use of innovative teaching methods contributes to the development 
of the educational process, deepening the meaning of subjects, increasing the professionalism and creative work of a 
teacher, helping to effectively organize a lesson, increasing student interest in the subject, and expanding the student’s 
knowledge of the subject.
The combination of modern approaches plays a key role in explaining the topic of lexicology to students in one 
of the Kazakh linguistics. The purpose of vocabulary training is to teach students to master the universal language of 
our language, master our vocabulary and develop the moral, ethical and moral qualities of students using a variety of 
moral, notorious and notorious dictionaries. and education.
 
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі 
мазмұнының орнын жаңасы басуда жаңа білім пирадигмасы бірінші орынға баланың білімін, 
білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Білім беру саласы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке 
тұлғаның қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. 
Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу 
қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы 
мен әдістері бойынша анықталады, сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де баланың 
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгерту – өте күрделі де ұзақ үрдіс. Кейде ол 
мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан 
мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. 
Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үрдіс. Сабақ – білім беруді 
ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды 
беруді көздейді.
Мұғалім қолданған әр түрлі әдіс-тәсілмен, тынымсыз еңбектің арқасында баланың 
белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса бастайды беделі артып, танымдық қызығушылығы 
бекиді. Мұндай толық дербестікке жеткеннің өзінде де мұғалім әлі де болса оқушының 
танымдық қызығушылығын бағыттап отырады, себебі ол терең білімнің шешендіктің оқу 
әрекетін ұйымдастырудың үлгісі ретінде танылады.
Оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерді ғылыми негізінде меңгерту және 
терең білімді, ұлтжандылық ұрпақ тәрбиелеу мәселесін өз жұмысына арқау ету мұғалімнің 
мақсаты. Сабақта жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, 
олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып педагогтердің кәсіби 
шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Қазіргі әдіс-тәсілдер жиынтығы қазақ тіл білімінің бір бөлімі лескика тақырыбын 
оқушыларға түсіндіруде үлкен рөл атқарады. Қазақ тіл білімінің лексикология саласын оқыту 
аса маңызды қызмет атқарады. Лексиканы оқытудағы мақсат – оқушыларға тіліміздің сан 
қырлы сөз байлығын меңгерту, сөз сырына үңілту және сөздік қорымыздың небір өнегелі 
нақыл, мақал-мәтелдері, тұрақты тіркестері арқылы оқушыларды адамгершілік, ізгілік, 
имандылық қасиеттерге баулу болып табылады. Сондықтан да лексика тақырыбын 
меңгерткенде жаңа технология түрлерін сабақта қолдану арқылы оқушыларға адамгершілік, 
имандылық тәрбие бере отырсақ, мақсатымыздың бір баспалдығына көтерілген болар едік. 


295 
Әдіскер А. Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын былайша дәйектейді: «Ана тілінде 
сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын 
толық біле береді деуге болмайды. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу 
(орфоэпиялық), жазылу (орфографиялық) нормасын саналы түсінуге, әр сөздің орынды 
қолданысын білуге, мәнерлі сөйлеуге, көркем әдеби тілдің бейнелі әуезділігін, әсерлігін 
түсінуге дағды алады. Лексиканы оқытудағы мұндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын 
жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды, өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен 
анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгеру бар. Сондай-ақ оның күнделікті 
қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын түсіндіру керек». Білім мен тәрбиені қазіргі 
талапқа сай жаңа технологиялар арқылы сабақта ұштастыра білу мұғалімнің асқан шеберлігіне 
байланысты. Сөз мағынасын түсіндіргенде сөз бен ұғымды түсіндіру, сөз біткеннің бәрі 
мағына бере бермейтіндігін де айтып отырған жөн. Омоним, антоним, синоним сөздерді өткен 
кезде көбіне СТО технологиясының салыстыру әдісін және сол сөз мағыналарына тән 
ерекшеліктерді көрсету үшін топтастыру әдісін пайдалануға болады. Мұғалімнің көркем 
әдебиеттен мәтіндерді оқып, синоним сөздерді тапқызып, орнына басқа синонимдес сөздерді 
қойғызып, мәтіннің көркемдік ерекшелігіне талдау жасатқызуы да өз нәтижесін береді. 
Сондықтан лексиканы оқытуда оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Ж. 
Қараевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының» маңызы зор. Баланың танымдық 
ойлау қабілетінің дамуына деңгейлік тапсырмалардың тиімді әсер ететіндігі тәжірибе жүзінде 
дәлелденіп келеді. Деңгейлік тапсырмаларға қатысты талаптардың мәні зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет