Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет192/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   225
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Сыздыкбаева Г. У. Формирование профессионально-личностной компетентности студентов 
педагогического вуза. 13. 09. 2006. www. kaznpu. kz 
2. Мудрик А. В. Социализация человека. Издательство: Academia Серия: Высшее профессиональное 
образование, 2006.  304 с.
3. Леонтьев А. Н. О некоторых психологических вопросах сознательности учения /Хрестоматия по 
педагогической психологии: Учебное пособие для студ. – М.: Международная педагогическая академия, 2015.
4. Нұрланова Қ. Ш. Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамалық және теориялық мәселелері 
//Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағы. – 2006, наурыз.  27.  Б. 21-22.
Иманалиева Ғ.Қ.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Мейіркамал А.М.
магистрант
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
Аңдатпа. Мақалада қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, 
амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым екені айтылады. 
Мұғалім ана тілінен білу беру арқылы оқушының өзін қоршаған көзқарасын қалыптастырады. Сонымен бірге 
әдістеме мұғалімді педогогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта 
отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Әдіс-тәсілдер мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан 
жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Оқытудың 
инновациялық әдістерін қолдану – оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік 
шеберлігін арттыруға және шығармашылықпен жұмыстануға жол ашады, сабақты тиімді ұйымдастыруға 
көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқушының тақырып бойынша танымын 
кеңейтеді.
Қазіргі әдіс-тәсілдер жиынтығы қазақ тіл білімінің бір бөлімі лескика тақырыбын оқушыларға 
түсіндіруде үлкен рөл атқарады. Қазақ тіл білімінің лексикология саласын оқыту аса маңызды қызмет 
атқарады. Лексиканы оқытудағы мақсат – оқушыларға тіліміздің сан қырлы сөз байлығын меңгерту, сөз 
сырына үңілту және сөздік қорымыздың небір өнегелі нақыл, мақал-мәтелдері, тұрақты тіркестері арқылы 
оқушыларды адамгершілік, ізгілік, имандылық қасиеттерге баулу болып табылады. Лексикалық 
тақырыптарды жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы оқушыларға білім мен тәрбиені жүйелі түрде жеткізе 
аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет