327
дүниеге келген. Соның өзінде де, Е. Э. Бертельстің есептеуі бойынша Науай поэмасына
саналанған 63 тәпсілдің 12-сі ғана аттар
тәмсілімен сәйкеседі екен, ал қалған 51 тәмсіл
түгелдей Науай қиялының жемісі. Әдетте нәзира дәстүрін еркін аударма деп қарайтындар
нәзира дәстүрінің табиғатын, мұрат-мақсатын, өзіндік ерекшеліктерін жете түсінбейді.
Нәзирагөйлік ағымның дінмен байланысын қарастырған кезде негізінен қисса-
дастандардың басым бөлігінің діни сюжеттері арқау еткенін ескерген орынды болар. Себебі,
араб-парсы әдебиетінің озық үлгілерінің нәзира дәстүрімен түркі тілдеріне, қазақ тіліне
жаңғыртылып аударылуы мұндағы діни оқиғалардың барлығының әр сипатта өрбуіне жағдай
жасады. Діни қиссаларда баяндалатын көптеген жайттар Ислам дінінің орнығуына, дін
жолында кәпірлермен соғысқа байланысты болып келеді. Қазіргі кездегі қазақ қисса-
дастандарының діни сипаттағы дастандар екендігі оның дінмен арақатынасы айқындап ашып
қарастыруға мүмкіндік туғызып отыр.
Екіншіден, кейбір әдебиет зерттеушілерін еліктеу
ұғымының теріс түсіндіріліп келгенін айтады. Көркем әдебиеттегі еліктеудің сыртқы
формасын көреді де, ішкі табиғатына қатысты еңбектерді аңғармайды. Соның салдарынан
нәзира дәстүрін сырттай еліктеу құбылысы деп бағалайды. Ал профессор Н. Ғабдуллин
нәзираның араб сөзі екенін, шығыс халықтары әдебиетіндегі осы дәстүрді ұстанған Фердауси,
Низами, Науай және орыс ақын-жазушыларының Тургенев, Лермонтов т. б) да
шығармашылығында орын алған үлгілерін атайды, осы дәстүрдің
табиғатына ғылыми
сипаттама береді: Нәзирада кейінгі ақын алдынғы ақын жырлаған тақырыптың сюжет желісін
алады, шығарманың негізгі қаһармандарын, оқиғаның ұзын ырғасын ұсақтайды. Сол себепті
екі шығармадағы әңгіме бірдей сияқтанып тұрады. Нәзира екі шайырдың бәсекесі емес
өнермен өнерге қайтарылған жауап. Нәзирада алдынғы ақын суреттеген оқиғалар мазмұны
қайталанғанымен, кейінгі ақынның сол оқиғаларды айтуында қаһармандардың әрекеттерін
бейнелеуінде осы шайырдың өзіндік сарынмен танытатын ерекшелігі болады. [3, 66-67]
Алтын Орда кезінде туған нәзирагөйлік дәстүр өзімен бірге діннің көптеген элементтерінің
дастандарда бейнеленуін ала келді. Зерттеуші Алма Қыраубаева сол кездегі Яссауи
хикметтерінің сарынында жазылған «Махаббатнамада» көптеген сыры мол діни нышандар
кездесетіндігін айтқан. Оның бірін ғалым шарапқа қатысты деп көрсетеді. Дастанда «Шарап
культы» жырланады. Шығыс поэзиясындағы «шарапқа мас болу» ұғымының мәні тереңде.
Шарап – бұл жерде символдық нысан ғана, Алланы жүрекпен ұғып- білуге ұмтылған, Аллаға
ғашық, жаны пәк адамның жан рахатына бөленгенін елестететін нышан. [1, 118]
Нәзирагөйлік дәстүрдің көрнекті белгісі – айтылған ойдың шарап төңірегінде көрініс
табатыны. «Шарап» шындығында қазіргідей ішіп мас
болатын масайтатын шарап емес,
Құдайдың нұрына мас болу. Бұл сарын Алтын Орда кезеңінен бастап, бертінде Шәкәрім
Құдайбердіұлының өлендерінде өз жалғасын тапқан. Одан бұрын Қожа Ахмет Яссауидің
«Диуани хикметтерінде» де осы «шарап» туралы ойлар кездесіп отырады. Шығыстың жеті
шайыр өкілдерінің ішінде, әсіресе Омар Хайям рубайларында «шарапқа» қатысты мынандай
жолдар кездеседі:
Бір жұтым шарап жүз мың діннен артық,
Бір жұтсаң, бүкіл байтақ Чиннен артық.
Ашқылтып удай дәмі балдан артық,
Шашылған шұғыласы күннен артық.
Алдымда ақ бидайдың наны болса,
Шарап пен қойдың бір жақ саны болса,
Отырсам ару құшып ескі жұртта
Мен сәлем бермес едім ханыңа онша
Түсімде көпті көрген дана бір күн,
Тұр-тұрлап алғаны бір мазаны тым
«Өзіңе-өзің өлім тілегенше,
Шарап іш», – деді, «өлсең қанар ұйқың». [5, 54]
Мұндай «шарап ішу» сюжеттері ғашықтық қисса-дастандарда кездеседі.
Мәселен, назирашы ақын Жүсіпбек Шайхұсламұлының қиссасында Ислам әлеміне белгілі
сопылық тұлға Мансұр Халлаждың Құдайдың нұры шараптан үлес алған кезде «Ән – әл Хаққ»
328
(мен ақиқатпын) дегені үшін өлім жазасына кесетіні баяндалады. Демек, нәзирагөйлік дәстүр-
дің негізінде қисса- дастандарда көрініс тапқан шарап ішу әрекеті қайта қарастыруды, сырын
ашуды талап ететін күрделі тақырып. Сонымен қатар Майлықожа Сұлтанқожаұлының жыр-
лауындағы «Зарқұм» қиссасында дінге қатысты сюжеттер мол. Қиссаның өзінің қысқаша
мазмұны мынандай: бір күні Мұхаммед пайғамбарға Алла Тағаланың бұйрығымен жәбірейіл
періште келіп, парсы мемлекеті және оның ержүрек халқы туралы айта отырып, олардың дінсіз
кәпір екендігінен хабар береді. Егер оларға тойтарыс беріп өз діндеріне кіргізбесе, онда Ирак-
тың аса қуатты патшасы Зарқұмның өзінің Мәдинеге келіп, зор қауіп тудыруы мүмкін екенді-
гін баяндайды. Зарқұм –Қожаның тікелей ұрпағы, батылдығы жағынан Рүсемнің өзімен теңе-
седі, оны жеңу қиынға соғады. Қанқұйлы соғы үш айға созылып, мұсылмандар жеңілістің та-
лай ащы дәмін татқанымен, аяғында Жаратушы жәрдемінің
арқасында дінсіздерді тізе
бүктіреді.
Бұл жерде дін үшін болған соғысты байқауға болады. Ислам діні мұсылмандар үшін нағыз
хақ дін болғандықтан, оның жолында күрес жүргізу әр мұсылманның маңдайына жазылған
бақыт болып есептелген. Ал осы жолда ғазауат соғысы болғаны туралы небір қиссалар
таратылған. Діни дастандар өзінің сюжеттері, мазмұны, шығу тарихы, даму, таралу жолдары
жағынан әр түрлі. Бірақ олардың барлығының идеясы бірдей. Ол исламның руханият
құндылықтарын үгіттеу, мұсылманшылықты өмір сүрудің негізі деп түсіндіру идеясы. Діни
дастандар мазмұнына және тақырыбына сәйкес бірнеше топқа жіктеледі. Солардың бірі –
исламды тарату мен орнықтыру жолында дінсіздермен күресті суреттейтін туындылар.
Мұсылмандар да өзге халықтар сияқты өз дінін ғана нағыз ақиқат деп санады. Мұслман
еместерді «кәпір» деп қарап, мұсылманшылыққа тарту, дінді қабалдату әділетті де, қасиетті іс
саналды. Өзінің бар мүмкіндігін күш-қайратын ислам дінінің негізінде жұмсау оның кең
таралып, салтанат құруына сарп ету – әрбір мұсылманның басты орышы болып есептеледі.
Назира дәстүрінде өркендеп-дамыған қисса- дастандарда діннің ең басты нақты белгілері ол
сөз болады. Оның бірі зікірмен байланысты. Зікір туралы ұзақ жылдар бойы біздерге
толымсыз, тіпті теріс мәліметтер беріліп келді. Оны бақсының ойыны деп қарайтындар да көп.
Ал шын мағынасында зікір – ес, жад. Ұлық Алланы еске алу. Жоғарыда айтылған «Зарқұм»
қиссасында зікірмен байланысты мынандай жолдар кездеседі:
Қорықпасын, жыламасын тұрсын жайға,
Енді не жылағаннан табар пайда.
Сонсоң көңілінен қорқу кетер,
Әуелі зікір айтсын бір құдайға.
Былайша хабар берді Пайғамбарға,
– Сізден баян болсын – деп, – асхабтарға.
Зікір тахлип Құдайға айтыңыз, – деп
Жүріп айтты жылап тұрғандарға
Бұ сөзді ұғып алды сахабалар,
Құдайға зікір айтып бәрі де олар,
«Иә, Тәңірі кәпірлерге қор қылма» деп
Дұғаға қол көтерді хақ Пайғамбар.
Осылайша зікір арқылы Құдайға жалбарыну қиссаларда көп болғандығын көруге болады.
Жалпы нәзирагөйлік үлгідегі діни қисса-дастандардың қырағы, оларды батырлық жырлармен
салыстырғанда, ортақ ұқсастықтарының көп екендігін аңғарамыз.
Қазақ батырлық
жырларында құдайға жалбарыну, құдайдан жолдың ашық болуын сұрау мотивы көп кездеседі.
Мұның өзі қазақ фольклорлық дәстүрінің терең тамыры бар екендігін көрсетеді. «Алпамыс»,
«Қобыланды», «Ер Тарғын» сында батырлар жыры көп орайда нәзирагөйлік үлгідегі қисса-
дастандармен ұқсас болып келеді. «Алпамыс» жырында Байбөрі мен Аналық құдайдан бала
тілеп жүріп, Баба Түкті Шапты Әзиз әулиенің басына түнейді. Осы жерде әулиенің көк есектің
үстінде, сахара яғни таңсәрі мезгілінде зікір салып келе жатқаны айтылады. Діни қисса-
дастандарда сонымен бірге Құдайды дос тұту, жар тұту көп ұшырасады. Жар парсы тілінен
аударғанда «яр» – дос, жұбай деген мағынаны білдіреді. Құдайды дос тұту, жар тұту тек жүрек
көздері ашылған адамдардың ғана қолынан келетін іс.
329
Қорыта алғанда біздің мынандай шешім шығаруымыздың реті келіп тұр. Нәзирагөйлік
дастандардың мазмұны мен ұқсастықтары көп болғанымен олардың әр түрлі ақынның өзіндік
шеберлігімен жазылған бір бірінен айқындалып тұратын ерекшелігі бар туындылар екенін
білуіміз шарт. Нәзирагөйлік дастандардың басты нақыштылығы оның дінімізбен байланысты
ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар Батырлық қисса-дастандарды жырлаушы
нәзирагөйлік ақындар көп ретте батырлардың өздерінің тегін адам еместігін, яғни әулие
болғандығын жеткізуге талпынып, халықтың рухани
ойлау санасына жеткізуге
тырысқандығында байқай аламыз. Түйіндеп айтқанда нәзирагөйлік дастандардың тәрбиелік
мән мағынасы өте терең жатқан ізгілікке, кемелдікке шақыратын айрықшы туындылар.
Достарыңызбен бөлісу: