Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет97/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Keywords: oratory, scientist, theory, formulation, audience 
Р. Сыздықованың Қазақ тілін ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу, жүйелеу жұмыстарына 
үлкен үлес қосқан 30-ға тарта кітаптың, 300-ден астам мақалалардың авторы Р. Сыздықова 
шешендік өнері және оның ең күрделі, қиын салаларының бірі ақындар айтысы жөнінде 
зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тың пікірлер айтты. «Ауызша әдеби сөзді оның қолданылатын 
кеңістігіне, мақсаттарына, эстетикалық-көркемдік тұрпатына, ресми, бейресми сипатына, 
дискурстық қатынасына, яғни адресаты мен адресанттарының қатысына қарай монологтік, 
диалогтік, полилогтік сөздер деп ажыратып қарастырамыз» деп жазады ғалым [1].
Бұдан әрі ол шешен мен аудиторияның, тыңдармандардың (шаршы топтың) қарым-
қатынасына кеңінен тоқтап, өткен ғасырлардығы шаршы топпен, қазіргілерінің арасында 
едәуір өзгешіліктер бар екенін алға тартады. Ғалымның айтуынша бұрынғы шаршы топтар бір 
киіз үйдің ішіне жиналған адамдар немесе әрқилы алқалы жиындарға, кеңестерге, жиын-
тойларға, астарға жиналған қауым болуы мүмкін еді. Дегенмен, қазіргі кездері шаршы топ 
ұғымының аясы кеңейіп, өсіп, өзгеріп кетті. «Олар: үлкен митингілерден бастап, әр алуан 
жиын-жиналыстарда, оның ішінде парламент сессиялары, конференциялар, симпозиумдарға 
қатысатын адамдар тобы; мектепте мұғалімдердің ауызша түсіндірмелерін тыңдайтын 
оқушылар, жоғары оқу орындарында оқытушылардың лекциясын тыңдайтын студенттер, 
магистранттар, аспиранттар қауымы; ресми, бейресми тойлар мен өзге де жиындарға 
қатысатын адамдар тобы, радио тыңдайтындар мен теледидардан ауызша айтылған ұзынды-
қысқалы сөздерді тыңдаушылар, сондай-ақ қазіргі кезде жиі көрініп жатқан айтыстарды 
тамашалаушылар шаршытоп субъектілері болып танылады» деп жазады Р. Сыздықова.
Р. Сыздықова шешен мен әрқилы сипаттағы аудиторияның, тыңдармандар қауымының, 
яғни а
дресант пен адресаттың арысындағы күрделі, жан-жақты дискурстық қарым-қатынас-
тарды жете талдап, тың қорытындылар жасайды. «Осындай шаршытоптардың алдында ауыз-
ша айтылатын сөздер де мазмұны мен мақсаттарына, әлеуметтік ортасына, яғни тыңдау-
шылардың түрлеріне (мектеп балалары, студенттер, өндіріс орындарындағы ұжымдардың қа-
лыпты жиналыстарына қатысушылар, той-домалақтар мен қаралы жиындарға қатысушылар, 
айтысқұмарлар т. т.) қарай жалпы жеткізілуі бірдей ауызша болғанмен, ішкі-сыртқы бітімі бір-
бірінен ажыратылып тұрады, әрқайсысының тілдік-көркемдік ерекшеліктері болады» деп 
жазады ол 
[1]

Ғалым айтыстың фольклорлық мұра емес, авторлы әдебиет үлгісі екенін атап өтеді. Және 
«Ауызша әдеби тілдің басқа түрлерінен айтыс түрінің айрықша көрінетін ерекшеліктері бар» 
деп, айтыстарды осы белгісіне қарай төмендегідей алты түрге жіктейді.
1. Айтыс стилі жағынан поэтикалық дүниелер болғанымен ол жазба поэзиядан көп 
тұрғыдан ерекшеленеді. Жазба өлеңдерді ақын кейін өңдеп, жетілдіріп өзгертуі мүмкін, бірақ, 
айтыс өлеңі бір рет айтылады да, кейін редакциялауға, өзгертуге болмайды. Айтыскер ақын 
қарлысасының сөзін тез түсініп, оған іле-шала дәлелді, өткір жауап қайтарып, жеңе білуі тиіс.
2. Айтыстың тағы бір ерекшелігі туралы ғалым: «Шаршы топ алдында айтылатын 
сөздердің барлығында екі жақ: айтушы мен тыңдаушылар орын алатын болса, айтыста мұндай 
дискурсивтік қатынаста тыңдаушылар бір емес, екі типте келеді: алдымен, айтысқан екі ақын 
кезекпе-кезек бір-біріне айтушы↔тыңдаушы болып отырса, олардың тағы бір қабылдау-
шылар тобы бар болады, олар екі адам айтысын тыңдаушылар, яғни қалың топ (алқа топ – 


154 
шаршы топ)» деп жазады. Сонымен қатар, жеңіске жетемін деген айтыскер ақын 
тыңдарманның да, қарсыласының да білім-танымын есепке алуы тиіс. «Демек, айтыскерге 
психологиялық жүк екі есе артық түседі екен».
3. Р. Сыздықова айтыс дискурсының да өзге ауызша сөз үрдістері сияқты бір кеңістікте, бір 
уақыт жағдайында жүзеге асатынын атап көрсетеді. Дегенмен, айтыскер ақын қарсыласын тез 
түсінуі, оған аяқ астынан ұтқыр жауап табуы, оны жедел өлеңге айналдыруы тиіс. Бұл кез 
келген ақынның қолынан келе бермейді. Бұған «өзін өзі ерекше баулыған дарынды ақындар» 
ғана қабілетті.
4. Айтыс өлеңінің тағы бір ерекшелігі оның әлеуметтік-саяси үнінде, қоғам мүддесін 
қозғауында, сөз этикеті мен сөз әдептілігін сақтауында.
5. Р. Сыздықова қазақ айтысы синкреттік құбылыс деушілердің пікірімен келісетінін 
айтады. Шын мәнінде айтыста көптеген өнерлер тоғысады – айтыс домбырамен не гармонмен 
сүйемелденеді, айтыскер сөзін әнші сияқты әндетіп айтады, айтыс кезінде ол әртістер тәрізді 
мимиканы, түрлі қозғалыстарды қолданады. Соған орай ғалым: «Демек, бұлардан 
«театрланған» қаракет көрінеді. Ауызша айтылатын әдеби сөздердің өзгелерінде бұл 
қасиеттер болмайды, кейбіреуі болса, олар да айқын көрінбейді» деген қорытынды жасайды.
6. Айтыстың тағы бір өзіндік ерекшелігі туралы ғалым: «Айтыс өлеңдерінде экспрессия, 
сөз әсерлілігі, сөз көркемдігі ауызша шаршысөздердің өзге түрлерімен салыстырғанда, 
әлдеқайда ерекше сипат алады, бұл – айтыс сөздерінің негізгі тілдік-стильдік белгісі болып 
танылады» деп жазады.
 Р. Сыздықова айтыс өнерінің замана сахнасынан ысырылып, өткен тарихтың мұрасы ғана 
болып қалмағанын, керісінше, қазіргі кезеңде де ол, әсіресе, жастардың сүйіп айналысатын 
шешендік жарысы болып кеткенін атап өтеді. Қазақ айтысының өміршеңдігіне себеп болып 
отырған құныдылқтардың қатарына ғалым – ақпараттық, идеологиялық, насихаттық, 
тәрбиелік, поэтикалық құндылықтарды немесе қажеттіктерді жатқызады 
[1]
.
С. Негимовтың 1997 жылы жарық көрген «Шешендік өнер» кітабында осы саланың теория-
лық, ғылыми метадологиялық мәселелері сөз болады. Ғалым өз кітабында шешендік өнерінің 
тақырып таңдау, міндет-мақсатты айқындау, материал жинау, іріктеу, реттеу, сөйлеудің 
композициясы мен логикалық құрылысы, айғақ-дәледелдер, сөзді айта білу шеберлігі мен 
дыбыстау мүшелерінің қызмет сияқты өзекті тақырыптарын көтереді. «Шешендік сөйлеудің 
сыры» деп аталатын тарауында шешеннің жеке тұлғасы, оның психофизиологиялық 
қасиеттері туралы сөз қозғайды. Автор «Асқақ шешеннің асыл қасиеттері тумысынан болады» 
деген тоқтамға келеді 
[2, 3]
. Яғни, ауыздыға сөз бермес нағыз дүлдүл шешен болу үшін 
адамның бойында соған бейімділік, туа-бітті ерекше қасиеттер болуы тиіс.
С. Негимов ұлттық шешендік өнердің қалыптасу процесін билер шешендігінен бастайды. 
Шешендіктің жай ғана көркем сөз немесе сөз жарыстыру еместігін ескерген ғалым: «Негізінде, 
шешен-билер мемлекет тағдырын шешетін шынайы тұлғалар» деп шешендіктің қазақ қоғамы 
үшін орасан зор маңызға ие болғанын атап өтеді. Қазақ шешендігінің көне тарихына көз 
жүгірткен ғалым, шешен билердің есімдерін сонау Шыңғыс хан тұсында жасаған Майқы би 
Төбейұлынан (1105 – 1225 жылдар шамасы) бастайды. Бұдан соң ол Аяз би Жаманұлының (ХІ 
– ХІІ ғғ.), Мөңке бидің (1207 – 1259 жж.), Едіге бидің (1354 – 1419 жж.), Бәйдібек бидің (1356 
– 1419 жылдар шамасы), Әз Жәнібектің (1406 – 1473 жж.), Жиренше шешеннің, Шоған бидің 
(1584 – 1642 жж.), Әнет бидің (1626 – 1723 жж.), Қадірғали бидің (1530 – 1605 жж), тағы 
басқалардың аттарын атайды. Бұдан бөлек, бұл еңбекте аудитория мен шешеннің өзара 
байланысы, шешеннің сыртқы түр мәдениеті мен ым-ишараты, дене қимылдарын пайдалануы, 
сөйлеуге жаттығудың сырлары, шешеннің мақсаты (сендіру, үйрету, тәрбиелеу), шешендік 
өнердің басқа ғылымдармен байланысы, шешендік өнердің тілдік, стильдік табиғаты
көркемдік кестесі тәрізді мәселелер талданады 
[2]
.
«Қазір жұртшылықтың арасында фольклордың бір жанры ретінде кең таралып жүрген 
шешендік сөздерді ғана танысақ, онда шешендік сөз соңғы дәуірлерде дамымай тоқтап қалған 
сала болып шығады» деп жазады ғалым.


155 
Г. Қосымова «Қазақ шешендік өнерінің негіздері» атты кітабында 
[3, 17]
. Біздің пікіріміз-
ше, ғалым бұл жерде дұрыс позиция ұстанып отыр. Себебі, шешендік сөзді фольклордың бір 
жанры деп қараған жағдайда, қазіргі дәуірде шешендік өнері мүлде тоқырап, тоқтап қалған 
сала болып шығар еді. Бірақ, адамзат қоғамы бар жерде шешендіктің тоқтап қалуы мүмкін 
емес қой. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соңғы кезеңде шешендік сөз өнері бұрынғыдан да гөрі 
өрістеп, дамып кетті.
Г. Қосымова өз еңбектерінде көп бағыттар бойынша батыл тың пікірлер айтып, әлі де 
тиянақты қарастырылмаған мәселелерді тыңғылықты түрде жете зерттеп, шешендік 
ғылымының өрісін ұлғайтты. Ғалым алдымен ежелгі грек, рим, қытай, үнді шешендігіне, 
Ресейдегі риториканың қалыптасуына шолу жасайды. Және қазақ шешендігінің тарихын 
сонау ежелгі түркі елінің шешендігінен бастайды. Г. Қосымованың «Қазақ шешендік өнерінің 
негіздері және тілдік танымы» атты кітабында белгілі бір хронологиялық тәртіппен көне түркі 
шешендігі, орта ғасыр түркі шешендігі, билер шешендігі, ақын-жыраулар шешендігі, қазіргі 
шешендіктің түрлі мәселелері, ерекшеліктері зерттеп-зерделенеді 
[3]
. Г. Қосымова еңбегінде 
ғалым Б. Адамбаевтың қазақтың шешендік өнерінің тарихын орта ғасырлардағы билерден 
бастап қарастырғанын атап өтеді.
Ж. Молдабеков өзінің 2009 жылы жарық көрген «Шешендік» атты кітабында шешендіктің 
ерекше табиғатын, өзіндік тылсым сырларын сөз етеді. «Шешендік – таңдамалы таным және 
тұлғалық талғам; көпті ойландырған, толғандырған ақыл-ойдың құдіреті, адамның ерік-
жігерінің қуат көзі; мәселені межелейтін және түсіндіретін күрделі этномәдени құбылыс, 
таңдаулы талғам және талпыныс; ой тудыратын, ойды толықтыратын өнер, тұлғалықты 
туралайтын, және шеберлікті өңдейтін ойдың жүйелі еңбегі» деп шешендік өнеріне өте зор 
баға береді
[4]
. Бұдан бөлек бұл еңбекте шешеннің тұлғасы, шешендік өнердің қолданбалы 
аясы, арнасы, шешендіктің логикасы сияқты мәселелер талданып, қарастырылады. Қазақ 
халқының Абай, Шәкәрім, Жамбыл сияқты алыптарының, басқа да айтулы тұлғаларының 
шешендігінің терең мән-мағыналары жеке-жеке зерттеліп-зерделенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет