Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет103/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

аффрикаты / немесе тс / ц / тш / ч / аффрикаттары/, *һ, *р, *н. Қалған фонемалардың 
барлығы – осы архетиптерден бөлініп шығып, қалыптасқан бір кездегі аллофондар.
4. дыбыстарды (түсіп қалған) бұрынғы қалпына келтірудің өзінше амал-тәсілдері 
ұсынылған; дауыссыз дыбыстардың сәйкестігі; мәтіндегі сәйкестіктер;
5. лексикадағы (құрылымдағы) өзгерту тетіктерін айқындайтын басты заңдылықтары: 
протезалык, эпентезалық дыбыстар; үнемдеу заңы; сингармониялық варианттар, парал-
лельдер.
Тіл білімінде әбден сыналған тарихи-салыстырмалы әдіс біздің жұмысымызға көп кемегін 
тигізді. Зерттеу обьектісі ретінде – байырғы түбірлер мен қосымшалар – көне түркі жазба ес-
керткіштері, қазіргі түркі тілдері, диалектілері мен говорлары материалдарымен 
салғастырылды.
Осының нәтижесінде олардың фонетикалық, семантикалық, грамматикалық айырмашы-
лықтары анықталды. Бірақ көне формаларды бұрынғы қалпына келтіруде тарихи-
салыстырмалы әдіс едәуір дәрменсіздік көрсетеді. Лексикалық мағыналардың біртіндеп кеңею 
яки тарылу жолдарын айқындауда компонентті талдау әдісінің, фонетикалық, морфологиялық 
элементтердің ең ескі типін іздестіріп табуда математикалық әдістің берері мол. Мысалға 
компонентті талдау әдісі бойынша, белгілі бір лексеманың мағыналық мазмұны бірнеше ұсақ 
семаларға бөлінеді де, сол лексемадан пайда болған екінші бір туынды сөздің семаларымен 
салғастырылады. Сонда түбірдің даму барысында қай семаның қай семаны ауыстырғаны 
белгілі болады. Сонымен бірге салыстырылып отырған екі сөзге ортақ жалпы семалар өз 
келбетімен айқын көрінеді. Бұл әдістің архетиптерді табуға көмектесе алатыны өз алдына, 
семантикалық жағынан вариантталған сөздерді топтастыруға мүмкіндік береді.


162 
Математикалық әдіс-тәсілдердің де лингвистикада қолдануға келетін реттері бар. Мысалға 
орта мектеп көлеміндегі элементар теңдеу теориясын алалық. Бұл теория бойынша белгілі 
сандар арқылы белгісіз сандарды табуға болады. Айталық х+3=5 теңдеуі берілді делік. Есеп 
былай шешіледі: I/ x=5-3; 2/ x=2.
Екі белгісіз болған жағдайда теңдеу былай құрылады: 
5
2
7
Шешуі: I/ y=5-x; 2/2x+/5-x/ =7;3/ 2x+5-x=7; 4/x+5=7; 5/x=7-5; 6/x=2; 7/ /2/+y=5; 8/ y=5-2; 9/ 
y=3. Есептің дұрыс шыққан – шықпағанын білу үшін табылған сандарды өз орнына қойып 
көреміз I/ 2 /2/ +3=7; 2/4+3=7; 3/7=7; 
Тағы бір мысал. «Екі санның қосындысы 12-ге, ал олардың айырмасы 2-ге тең. Осы 
сандарды табыңдар.
Бірінші санды х әрпімен, ал екінші санды у әрпімен белгілейік. Есептің шарты бойынша 
сандардың қосындысы 12-ге тең, яғни х+у=12. Ал сандардың айырмасы 2-ге тең болғандықтан 
х-у=2. Құрылған теңдеулер жүйесін былай жазуға болады:
12
2
Екі теңдеуді бір-біріне қосу арқылы х-тің 7-ге, у-тің 5-ке тең екендігін білеміз. Үш, төрт, 
одан да көп белгісіздерді табу осы тәріздес тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Бұл әдістерді енді тіл білімінде пайдаланып көрелік.
Белгілі: 1. тоғул – страд. от тоғ=: тоғулса оғул /если родится сын/ (ДТС, 571); 2. төл – 
"малдың жаңа туған құлыны, бұзауы, ботасы, қозысы, лағын ; т з/ қары ̴ кәрі, ажым ̴ әжім 
сияқты сингармониялық варианттар түркі тілдерінде жарыса қолданылады. Жуан 
дауыстылармен айтылатын сыңары көне де, жіңішке дауыстылармен айтылатын сыңары жаңа, 
кейін пайда болған. Аса ежелгі дәуірде түркі тілдерінде жіңішке дауыстымен айтылатын 
бірде-бір вариант болмаған; 4/ сөз ортасында, сөз соңында ғ, г дауыссыздары жиі түсіріліп 
айтылады. Белгісіз: І/ қазақ тіліндегі "төл" сөзі бұрын қалай дыбысталған? 
Түркі тілдерінде ілгері заманда жіңішке дауыстылар болмағандықтан, ө-нің жуан сыңары 
о қолданылуы мүмкін. Алайда архетипті тол- /бір нәрсенің іші деңгейіне, кенересіне жете 
шүпілдеу/ түрінде қалпына келтірсек, мағынасы үйлеспейді. Мүмкін белгісіз дыбыс о-мен 
төркіндес ұ, ү дыбыстары шығар. Тілімізде тул тұлғасы жоқ; тұл – "отасқан ері өлген не 
айрылысып кеткен, баласы жоқ жесір /әйел/". Бұл да емес. Өзге түркі тілдерінде басқадай жуан 
варианты кездеспейді. Ең соңғы мүмкіндікке дейін іздестірелік. Бәлкім, сөз аралығында ғ 
дыбысы түсірілмей айтылатын варианты бар болар? Бар. Тоғул. Және жіңішке айтылатын төл 
вариантымен семантикасы жағынан сәйкес. Бірақ тоғул = архетип емес. Өйткені о дыбысы – 
белгілі бір дәрежеде у дыбысының аллофоны. Қазақ тілінде ту- – "ана құрсағынан шығу, 
дүниеге келу". Демек, іздестіріп отырған дыбыстың көне формасы қазақ тіліңде сақталыпты. 
Сонымен “туғул- етістігінен, біріншіден, жіңішкеру арқылы, екіншіден, сөздің ортанғы 
позициясындағы ғ дыбысының түсіріліп айтылуы арқылы, үшіншіден, конверсиялануы 
нәтижесінде төл зат есімі жасалған.
Қалпына келтірілген > туғул формасынан фонетикалық, семантикалық даму жолымен 
"төлден" басқа да сөздер туындауы мүмкін екендігін ескере отырып, зерттеуді одан әрі 
жалғастырамыз. /ребенок был закутан в пеленки/ /ДІС, 363/; 2/ ЫН "ребенок, мальчик": бу оғул 
не тер /Ято говорит этот ребонон/. /Д1с, 364/; көне түркі жазба ескерткіштерінде оғул түбірі 
қыз балаға да, ұл балаға да жұмсала береді: бегилик ұры оғлың қул болты, силик қыз оғлың 
күң болты /Айдаров, 197І, 295/ Үбек ұл балаң құл болды, пәк қыз балаң күң болды/; З/ оғул 
адамның баласына ғана емес, жан-жануарлардың төлдеріне де, құстардың балапандарына да 
/котенок/, арслан оғлы /львенок/, бөр и оғлы /волченок/ е, 364/; 4/ ұл – "еркек бала, ер бала"; 5/ 
ұлан – "жас өспірім, жеткіншек, өрен"; 6/ үнемдеу Заңының ықпалымен сөз басында, сөз 
аяғында буындар, дыбыстар түсіп қалады. Белгісіз: 1. қызға да, ұлға да, жануарлардың 
баласына да, тіпті құстардың балапандарына дейін бір ұғымның пайдаланылуында қандай сыр 
бар? Жоғарыда келтірілген фактілерге қарағанда, оғул аса жалпы мағына беретін сияқты. Бірақ 


163 
оның алғашқы ұғымы, түсінігі әлдеқандай себептермен ұмытылған. Үнемдеу заңының 
әсерінен басқы дыбыстары түсіп қалды ма екен? 2. дыбыс түсіріліп айтылған жағдайда ол 
қандай дыбыс болуы мүмкін? [2] 
*р, *н, *с, *т ең ескі фонемалардың қатарына жатады. Сонор *р, н дыбыстары сөз басында 
жұмсалмайды. Олай болса, с пен т-нің біреуі болар... Тоғул. Бұл сөз туылған барлық жанды 
мақұлқаттардың жалпы атауы бола алады. Бала два, жануарлар төлі де, балапан да т. б. 
туылады. Демек, оғул /үл/ зат есімі тоғул етістігінен пайда болған. Бұдан мынадай қорытынды 
шығады: белгілілер арқылы белгісізді математикада ғана емес, тіл білімінде де табуға болады 
екен.
Тоғул~оғуле = фонетикалық варианттарының бір заманда жарыса жұмсалғаны ақиқат 
факт. Фонетикалық, семантикалық өзгерістер бұл тұлғаларды екіге ажыратқан. Бір-бірінен 
қашықтағаны соншалық тіпті адам танымастай дәрежеге жеткен. “Туғуле архетипі қолданылу 
барысында есім жасайтын көне -ан жұрнағын жамап алған. Бұл сөз оғыз тілдерінде былай 
Дамыған: жтуғулан --- тоғулан --> оғлан. Қыпшақ тілдерінде: “туғулан --> уғулан -->улан --> 
ұлан --> ұл. Қысқасы, “туғуле -- тоғуд- әз оғул жы төл.
Белгілі: 1/д, ж ұяңдарының қатаң варианттары т, ш. 2/ тш/ч/ аффрикаты т және ш 
дыбыстарының қосындысынан, дж аффрикаты д және ж дыбыстарының қосындысынан 
тұрады. З/ осы негізде дж аффрикатының қатаң сыңары тш/ч/ болып есептеледі. Белгісіз: 1/ дз 
қатаңының қатаң сыңары түркі тілдерінде көздеспейді. Сонда оның қатаң варианты болмағаны 
ма? 
Егер д ұяңының қатаң сыңары т, сондай-ақ 8 ұяңының қатаң сыңар с екендігі рас болса, дз 
аффрикатының қатаң варианты тс/ц/ аффрикаты екендігі шүбәсі жоқ, ақиқат. Ілгері заманда 
тс/ц/ түркі тілдерінде өмір сүргенімен, кейінгі кезеңдерде сан алуан ішкі, сыртқы 
факторлардың себеп-салдарынан тілден шығып қалған.
Тілдің пайда болуына, дамуына, өзгеруіне, жаңаруына, қалыптасуына, қайта қалыптасуына 
сыртқы фактор мен ішкі фактордың қатты ықпалететіндігін зерттеушілер әлдеқашан-ақ 
анықтаған еді. Тілдердің мың-мыңдап көбеюіне де, олардың сөздік құрамына қисапсыз 
атаулардың қосылуына да осы екі фактордың әсері барынша шексіз болғандығы сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет