Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет100/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Жеміс сөзі көне түркі тілдерінде jemiş, tüş, mi:va болып жарыса қолданылған. Ғалымдар 
jemiş формасын je – жеу етістігі мен –miş аффиксінің қосылуы арқылы жасалған дейді. Б. 
Серебренников пен Н. Гаджиева «Отглагольное прилагательное на –мыш, -миш обозначало 
результат действия. Эта его особенность создавала благоприятные возможности для субстан-
тивации» [6, 109 б. ] дей келе, оған дәлел ретінде тұрмыс, жазмыш, жеміс, қылмыс сөздерін 
келтіреді.


158 
Өзге түркі тілдерінде қолданылатын tüş (көне ұйғыр, татар, чуваш) және mi:va (түрік, 
гагауз, әзірбайжан, түкімен, өзбек, ұйғыр диалектілерінде) сөздері қазақ тілінде де қолданысқа 
ие. Оған бір дәлел, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде жеміс сөзіне мынадай анықтама беріл-
ген: 1) Жеміс беретін ағаштар мен сабақты өсімдіктер басына шығатын шырынды мәуе, миуа. 
2) Ауыспалы. Бір нәрсенің, еңбектің табысты нәтижесі, қорытындысы. (1, 294 б.). Екінші бір 
дәлел, қазақта «Мәуелі ағаш – майысқақ» деген мақал бар. Бұл – жемісін көтере алмай, басы 
жерге иіліп тұрған ағашқа айтылған сөз. Ал түсім деп өндірілген өнім, алынған табысты айта-
мыз. Яғни, түсім, өнім, жеміс сөздері бір-бірімен семантикалық жағынан тығыз байланысып 
жатыр.
Түс атауы жергілікті сипатқа ие диалект сөз болса, миуа – парсы тілінен енген кірме сөз. 
Оған мына пікір дәлел: «Архетип *jemiş в значении плод, фрукт употреблялся наиболее 
широко, архетип tüş носил локальный характер, а mi:va – персидское заимствование – 
ограничивался южными и среднеазиатсками языками» [3, 114 б. ]. Проф. Б. Сағындықұлының 
пікірінше, -міс аффикс емес, м эпентезасы мен –іс жұрнағының қосындысы. Сондықтан 
же+м+іс, м көбінесе сына дыбыс қызметін сөз ортасында атқарады, ал же және іс – 
түбіртектер. Іс көне заманда өте өнімді жұрнақ болған.
Өсімдік – жер бетіне өніп-өсіп шығатын ағаш, бұта, шөп тәрізді тірі организмдер [1, 660 б. 
]. Көне формасы: *ösüm, жасалу жолы: ös етістігі +üm аффиксі. Бұл сөз қыпшақ және қарлұқ 
тілдерінен басқа оғыз тілідерінде битки деп айтылады. ös түбір етістігі көне түркі тілдерінде 
өсу, көбею, көтерілу мағыналарын берген. Bit етістігі кейбір зерттеулерде өсіру мағынасында 
қолданылған. Э. Р. Севортян «Помимо основы бит в словаре Паве де Крутейля приводится 
форма битимек – расти, которая может быть распространенной модификацией глагола бит. От 
той же основы образовалось турецкий диалект bitiğen – урожайный [7, 155 б. ] дейді. Бірақ бұл 
сөз сирек кездеседі. Десе де, қазақта «егін бітік шықты» тіркесі оғыз тілдерінде айтылатын 
bitki сөзімен мағыналас екенін байқаймыз.
Өсімдік өзге түркі тілдерінде осимлик (қарақалпақ), өсүмдүк (қырғыз), өсүмлик (түркімен), 
усимлик (өзбек), өсүлмүк (ұйғыр) болып айтылады. Жоғарыда келтірілген мысалдардан 
мынандай фонетикалық өзгерістерді байқаймыз:
1) сөз басында ө-ү сәйкестігі; 
2) сөз ортасында, сөз соңында ү-и сәйкестігі; 
3) дүк, лүк қосымшаларының әр тілдің үндестік заңына сай жалғануы.
Ұрық сөзі тура мағынада тұқым, дән мағыналарын берсе, ауыспалы мағынасы – негіз, түп, 
тамыр. Өсімдіктер әлемінде де ұрықтанған өсімдік гүлінен өсіп шығатын бөлік, жеміс [1, 861 
б. ] мағынасында қолданылады.
Ұрық сөзінің түркі тілдерінде қолданылу аясы өте кең: 
а) Тура мағынасында көне ұйғыр, ескі осман, қарақалпақ, қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, 
чуваш тілдерінде;
ә) Шыққан тегі, тайпасы мағынасында көне ұйғыр, түркімен, татар, башқұрт, ноғай, 
қырғыз, өзбек, ұйғыр тілдерінде;
б) туған бауыр, отбасы, ұрпақ мағынасында көне ұйғыр, шағатай, ескі осман, әзірбайжан, 
башқұрт, өзбек, якут, чуваш тілінде;
в) қыз бала мағынасында чуваш тілінде; 
г) үйлену той мағынасында якут тілінде жұмсалады.
Э. Севортян « уру:ғ, уруғ, уруқ и. т. д., производное, образовавшееся с помощью афф. -у[ғ], 
-у[қ] в значении названий субьекта, обьекта и результата действия от глагола * ур 
приблизительно со значениями «зачать», «рожать», «приносить потомство», а также 
«оплодотворять» [8, 605б. ] деп, ur етістігіне + аффиксін қосу арқылы жасалғанын алға 
тартады. Ғалым *Ур етістігінен пайда болған сөздер қатарына қазақ, қырғыз, қарақалпақ 
тілдерінде қолданылатын ұр+пақ сөзін, орал-алтай тілдеріндегі ор, ол формасында жарыса 
қолданылатын ұл сөзін, монғол тілдеріндегі оры – жас жігіт, ер бала сөздерін жатқызады.
Бұл жерде алғаш пайда болған сөз ұрық па, әлде ұрпақ па деген заңды сұрақ туындайды. 
Бұл туралы да түрколог ғалымдардың пайымдаулары бар. Атақты ғалым Г. Вамбери 


159 
өсімдіктер әлемінде қолданылатын ұрық сөзін алғашқы, ал, ұрпақ, үрім-бұтақ екіншілік мағы-
насы деп топшылайды. Г. Вамберидің бұл пікірін кейіннен В. Банг, Г. Зомбоц мақұлдайды. 
Ресей ғалымы, шығыстанушы Л. А. Покровская ұрық сөзінің жаңаша сипат алып дамуын 
мынадай схемамен береді: семя, зерно>род, племя>родственники, поколение, родня, 
потомство> дитя, дочь [9, 42б. ].
Ұрық сөзі қарлұқ тобы тілдерінде уруғ, оғыз тобы тілдерінде тохум болып айтылады. 
Қарлұқ пен қыпшақ тобы тілдерінің арасында сөз басында ұ-у, сөз ортасында ы-у және сөз 
соңында қ-ғ фонемаларының алмасуы байқалады. Оғыз тілдерінде айтылатын тохум сөзі 
қыпшақ тобындағы тұқым сөзімен мағыналас болып келеді.
Ұлт, ұлыс сөздері де осы сөзден шыққан. Бұған р-л сәйкестігі дәлел бола алады.
Түркі тілдері бір тектен шығып, туыстас болғанымен, әрқайсысының өзіндік даму жолда-
ры, фонетикалық, грамматикалық, семантикалық тұрғыдан өзгеру, түрлену заңдылықтары 
бар. Жоғарыда келтірілген мысалдар осы даму, өзгеру заңдылықтарынан хабар береді. Ең жиі 
кездескен ерекшелік – дауысты мен дауыссыз дыбыстар сәйкестігі болды. Сөздердің форма-
сында, дыбысталуына айырмашылықтар болғанымен, негізгі ортақ мағынасы сақталып қалға-
нына куә болдық. Сонымен қатар, кейбір атаулар жаңа мағыналық сипатқа ие болса (ұрық – 
үрім-бұтақ, тамыр), екінші бір атаулар бірнеше сөздің бірігіп, бір атауға ғана ие болғанын 
(жапырақ) байқадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет