165
әсіресе қазақ тіл білімі үшін қажеттілігі қаншалықты деген сауалдарға жауап іздегенде,
мынадай жайттарға тоқталып кеткен орынды.
Ең алдымен тарихи-салыстырмалы бағыттағы зерттеулер бүгінгі күні
әлемдік тіл
ғылымында
моногенез және
ностра тілдері теориялары аясында қайта жаңғырып, өзектілігі
артып отырғанын айту керек.
Моногенез теориясы бойынша әлем тілдерінің барлық макротоптарының ататілдері
жалпыадамзатқа ортақ бір ататілден тараған деген болжам ұсынады. Қазақ тілі білімінде
бұндай көзқарасты профессор Б. Сағындықұлының гипотезасымен байланыстырсақ болады.
Соңғы жылдары бұл ұстанымның қарсыластарынан гөрі жақтастарының пікірлері дәлелді
шығып отыр. Мұны ностра тілдері сияқты үлкен тілдің макротоптардың ататілдері адамзатқа
ортақ ататілдерін табу әрекеттерінің,
негізінен, болжалды болса да жемісті нәтижелері
қуаттайды. Мәселен, ностра тілдері теориясы бойынша (латын тілінен
noster, nostra – біздікі
дегенді білдіреді)
үндіеуропа, картвель, семит-хамит, орал, алтай (түркі, моңғол, тұңғыс-
манчжұр, корей, дравид тілдік макротоптардың бір ататілден тарағаны көрсетіліп, осындай
басқа да топтардың ортақ ататілдері айналып келгенде жалпыадамзаттық ататілден бастау
алады деген болжам айтылады.
Ностра тілдері бойынша аталған
тілдік топтардың салыстырмалы сөздігін құрастыру
алғаш қадамын жасаған ғалым
В. М. Иллич-Свитычтың еңбектері бүгінде жалғасын тауып
келеді [4, 341]. Қазіргі кезде лингвистикалық компаративистика тарихи білімдер жүйесінің бір
бөлігін құрап, көне және ежелгі заман тарихының жазуы болмаған және жазуға дейінгі
кезеңдерді зерттеуде этногенез, этникалық байланыстар туралы ақпараттар алатын, сондай-ақ
реконструкцияланатын тілдік жүйелердің кезіндегі тұтынушыларының өмір сүру ортасы мен
мәдени ерекшеліктері туралы сенімді дереккөздердің біріне айналып отыр.
Бұнымен қатар тарихи-салыстырмалы тіл білімінің бір тармағы ретіндегі ностра тіл білімі
Жер лингвогенезінің картинасын, әлем тілдерінің ортақ топтастыруын жасауда зор мүмкінді
беретін ғылым саласына айналып отыр.
Сөз түбір формасында бұрын негізінен оның фонетикалық және морфологиялық келбеті
басты белгі болып келсе, енді мағына да, яғни түрлі деңгейдегі семалар да сөз (түбір), түбіртек
тарихына жарығын түсіреді. "Мағына өзгергіш, ол сөз дамуының
арғы дәуіріне куә бола
алмайды" деген қағиданың ескіргендігін қазақ тілі материалдарының өзі жоққа шығара алады.
Жалпыадамзаттық ататілдің өзін қайта құрау үшін
3000 сөз жеткілікті деп көрсетеді
профессор Б. Сағындықұлы. Бір түбірлі түптүбір, түбіртектердің корпусын жасап біткен кезде
– семантика ең алдыңғы қатарға шықпағанмен, архетипті қалыптастыруда фонетикалық және
морфологиялық өзгеріс, құбылыстардан кем рөл атқармайды.
Бүгінгі тарихи мофология жетістіктері туралы түркітанудың көптеген даулы мәселелерін
шешуде. Ал тарихи фонетика туралы бұлай деп айта алмас едік. Тарихи фонетика жекелеген
кейбір заңдылықтарға, сұрақтарға жауап бергенімен, түпқазық түбірін реконструкциялауда
мағыналық өзгерістерді еске алмаса, ойдағыдай нәтижеге қол жеткізбейді. Мәселен, "ақыл",
"ой", "ойлау" мағынасында түптүркі тілінде
*аң синкретті тұлғасы пайдаланылғаны даусыз.
Бірақ түркологтар осы мағынада оның
*es, *uq формалары болғанын айтады. Және бір қызығы
осы 3 форма да қазіргі қазақ тілінде ұшырасады. Сонда бұлардың архетипі қайсы? Әлде олар
әр түрлі сөз (морфема) ма? Міне, өкінішке орай осындай күрделі
сұрақтарға тарихи
фонетканың қазіргі даму дәрежесі жетпей отыр.
Достарыңызбен бөлісу: