Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет101/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі /Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. 
– 968 б.
2. Раева Г. М. Түркі тілдеріндегі сингармониялық варианттар мен паралельдер: Филология ғылым. канд. 
ғылыми дәреж. алу үшін дайынд. диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2000. – 26 б.
3. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Лексика. – Москва: Наука, 2001. – 822 с.
4. М. Қашқари. Түрік тілінің сөздігі, 3-том. Қазақ тіліне аударған А. Егеубай. – Алматы: Хант. – 600 б.
5. Б. Сағындықұлы. Қазақ тілінің тарихы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2011.
6. Б. Серебренников, Н. Гаджиева. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. – Баку: 
Маариф. – 1979, – 304 с.
7. Э. Севортян. Этимологический словарь тюркских языков, 2-том. – Москва: Наука. 1978, – 349 с.
8. Э. Севортян. Этимологический словарь тюркских языков, 1-том. – Москва: Наука. 1974, – 768 с.
9. Л. Покровская. Историческое развитие лексики тюркских языков. – Москва: Академия Наук СССР, 1961 – 
81 с.
 
Құнанбай А. 
1-курс магистранты 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
ТІЛ ТАРИХЫНЫҢ АРХЕТИПТІК ҚҰРЫЛЫМЫН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ 
БАҒЫТТАРЫ МЕН СӨЗ ТӨРКІНІН АШУДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 
 
Аннотация. В статье описаны различные методологические подходы к выявлению определенных 
фонетических изменений, особенностей истории языка. Противоречивые мнения и научная методология в 
области когнитивных исследований описаны в контексте теорий языкового происхождения (моногенез, 
ностратика).
Ключевые слова: силлабология, моногенез, ностратика, архетип, архесиллаб.
Тілші ғалымдар өз нысанын жан-жақты танып білу үшін, оның сан алуан заңдылықтарын 
ашып-айқындау үшін сыннан өткен сипаттама әдісі, тарихи- салыстырмалы әдіс, салғас-
тырмалы әдіс, тарихи әдіс, құрылымдық әдіс, статистикалық әдіс, компонентті талдау 
әдісі, математикалық әдіс сияқты сандаған амал-тәсілдерді іске қосады. Мұның үстіне соңғы 
жылдары бұлардан сипаты өзгеше, тың әрі жаңа идеяларға негізделген лингвосиллабологиялық 
әдістер мен тәсілдер өмірге келіп отыр. Бұрыннан келе жатқан және жаңадан ашылған әдістер 
мен тәсілдерді ұтымды пайдаланғанда тіл ғылымы теңдесі жоқ жетістерге жететіні анық.


160 
Лингвистикалық әдіc – дегеніміз тіл білімінде қолданылатын зерттеулер. Кейбір еңбек-
терде лингвистикалық әдістерді бір сөзбен филологиялық немесе гуманитарлық әдіс деп те 
атаушылық бар. Қазіргі таңда тіл білімінде лингвистикалық әдістердің көпшілікке танылған, 
зерттеу объектісі айқындалған бірнеше түрлері бар. Олар: сипаттама, салыстырмалы-
тарихи, тарихи-салыстырмалы, құрылымдық, математикалық, математика-логикалық 
әдістер.  
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдерді ек түрлі тұрғыдан: 1) тілдік материалдың (түбірлер 
мен аффикстердің және сөздер) бірлігі, яғни шығу тегінің бірлігі тұрғысынан, 2) шығу тегіне 
байланыстырылмай, құрылысы мен типінің, ең алдымен, грамматикалық құрылысының ың-
ғайластығы, ұқсастығы түрғысынан топтастырылады. Топтастырудың бірінші түрі тілдердің 
генеалогиялық классификациясы делініп, екінші түрі тілдердің типологиялық класси-
фикациясы деп аталады.
Тіл тарихында белгілі бір дыбыстық өзгерістерді, ерекшеліктерді анықтауда әр түрлі 
методологиялық әдіс-тәсілдер, қажетті амалдар қолданылады. Ғылыми танымдық ізденістер 
кезінде кереғар пікірлер де көптеп кездеседі.
Соңғы жылдары тіл бірліктерін танымдық тұрғыдан зерделеу мәселесін арқау еткен тіл 
біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптаса бастауы ішкі мазмұн мен мағынаны ерекше 
назарға алуда. Нақты айтқанда, бұл сабақтастық гомогенді түбірлер мен түбір-негіздердің 
тұлғасын олардың ішкі мазмұнымен, яғни архетұлға мен архесеманын лингвогенездік негізін 
сипаттайтын онтологиялық қалпы мен бейнесімен біртұтастықта көрінеді. Осының негізінде 
қалпына келтірілетін лексикалық бірліктер тек табиғи-генеологиялық сабақтастықты ғана 
көрсетіп қоймай, жалпытүркілік рухтың биіктігін, жалпытүркілік тілдік сананың беріктігін де 
дәлелдейді. Түркілік ұлттың мәдени болмысын, тарихи-әлеуметтік сипатын танытуға қызмет 
ететін жалпытүркілік танымды жаңғыртып, түркі жұрты арасындағы рухани үйлесімділік пен 
тарихи тұтастықты сақтаудың негізі ретінде танылады.
Ал кез келген тілдің лексикалық жүйесінін даму жолын, этимологиялық
негіздерін анықтап, жаңғырту, ең алдымен, түбір құрлысын айқындап алуға сүйенеді. Бұл 
проблема бойынша алтаистика мен түркітануда моносиллабтық және дисиллабтық екі 
бағыт қалыптасқаны белгілі. Осы орайда казіргі түркі тілдерінің деректері негізінде 
морфемалық, компоненттік, семантикалық, модельдеу жүйесі, т. б. әдістер арқылы дисиллаб-
тар мен полисиллабтардын құрамындағы алғашқы буынды бастапқы тұлға ретінде қарауға 
теориялық негіз бар.
Соның ішінде ежелгі түбірлер мен қосымшаларды байырғы қалпына келтіруді мақсат еткен 
профессор Б. Сағындықұлының зерттеулері (Қазак тілі лексикасы дамуының этимологиялық 
негіздері, 2005) реконструкцияланатын деректердің сандық көлемі мен сапасын былай 
қойғанда, зерттеу әдіс-тәсілдерімен де ерекшеленеді (мысалы, компоненттік әдіс барысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет