Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет115/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы: Тоғанай Т, 2004. – 560 б.
2. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филол. ғыл. докт... авторефераты. – Алматы, 2007. – 
56 б.
3. Потебня А. А. Из записок по теории словесности. – М., 1988. – 140 с.
4. Кубрякова Е. С. и др. Краткий словарь когнитивных терминов. – М.: МГУ, 1996. – 245 с.
5. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті меселелері//Актуальные вопросы казахского языка. – Алматы: Ана тіл, 1998. 
– 304 б.
 
 
Өмірзақова А.К.
филология ғылымдарының кандидаты 
 Сәтбаев университеті, ассистент-профессор
 
Н. САУРАНБАЕВ ЖӘНЕ ІРГЕЛЕС ҚҰРМАЛАС
СӨЙЛЕМДЕР МӘСЕЛЕСІ 
Аннотация: Научные исследования Н. Сауранбаева определяют основные теоретические направления 
сложного предложения, что является неоценимым в современном развитии и решении актуальных проблем 
синтаксиса сложного предложения современного казахского языка.
В данной статье рассматривается научно-теоретический концептуальный уровень сложного бессоюзного 
предложения.
Ключевые слова: Н. Сауранбаев, құрмалас сөйлем синтаксисі, іргелес құрмалас сөйлем 
Қай халықтың болмасын өсіп өркендеген ғылымы мен білімінің көш басында сол 
халықтың ғылымына, әдеби-мәдени, қоғамдық саяси өміріне еңбегін сіңірген, оның іргелі 
теориялық тұжырымдарына елеулі үлес қосқан ардақты есімдердің тұрары сөзсіз. Ғалымның 
көз көрген замандастары, тәлім-тәрбиесін көрген, үлгі-өнегесін алған ізбасар шәкірттері сол 
ғалымның артынан қалдырған мұрасының салмағына қарап, оның ғылымдағы орнын уақыт 
елегінен өткізіп, тарихи тұрғыдан таразылап, баға береді.
Қазақ тіл білімнің ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан дамуына үлес қосқан, 
жаңа тың мәселелер көтеріп, қазақ тіл білімінің барлық деңгейлерінде өз ойларын айтып, 
ерекшеленген ғылымның бірі – академик Н. Сауранбаев.


181 
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тіркесе, іргелесе құрмаласып 
іргелес құрмалас сөйлемдер жасайды. Іргелес құрмалас құрмалас сөйлем компоненттері 
арасындағы бірлікке, жақындыққа қарамастан оларды бір-бірімен құрмаластыратын 
жалғаулықтардың немесе жалғаулық мәнді сөздің жоқтығына қарап, кейбір тілдерде құрмалас 
сөйлемнің бұл түрін салаласқа да, сабақтасқа да қоспай құрмалас сөйлемнің үшінші түрі 
ретінде қарастырылады.
Проф. Н. Сауранбаев тілдің даму тарихында құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдердің 
іргелесіп құрмаласуынан басталады, ал құрмаластырушы жалғаулықтар мен демеуліктер жеке 
сөздерден пайда болған «... қазіргі қиын тәсілмен құрмаласатын салалас, сабақтас құрмалас-
тардың құрылысы жай, қарапайым іргелес құрмаласпен осынша жақындас болуы кейдесоқ 
оқиға емес. Жалпы Еуропа тілдерінің көне дәуіріне, сонымен бірге жеке халықтардың тіл 
тарихында алғаш құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтардың болмағандығы, 
ерекшеленбегендігі, сонымен бірге жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, демеуліксіз іргелесіп 
қана құрмаласатындығы айқындалады. Құрмалас сөйлемнің ең алғаш түрі осы жалғаулықсыз 
іргелес құрмаластар екендігі тіл ғылымында әлдеқашан дәлелденген қағида» 
1, 36-37 бб.  
десе, башқұрт тілінің маманы проф Г. Саитбатталов «Күлтегін» ескерткішінен жалғаулықты 
салаласты кездестіреміз дейді 
2.
Г. Г. Саитбатталов башқұрт тілінде жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтан 
бұрын пайда болғанына күмән келтірмейді. Бірақ Г. Г. Сайтбатталов халық ертегілерінде
эпостарында, аңыздарында «
да –дә, за-зә, ла-лә, та-тә, ә, ләкин
» жалғаулықтарымен келген 
салалас құрмалас сөйлем де кездесетінін жоққа шығармайды. Бұл авторлар жалғаулықты 
салалас сөйлем пайда болуын, негізінен, башқұрт әдеби тілі қалыптасып болғаннан кейін ғана 
дүниеге келді деп есептейді. Г. Г Сайтбатталов жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің ең 
ескі формасы деп, башқұрт тілінде өте жиі кездесетін компоненттер баяндауышы көсемшенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет