Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет116/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

-ып, -еп және -оп, -өп жұрнақтарына біткен салалас құрмалас сөйлемді атайды 
2.
Іргелес құрмаластарды құрмалас сөйлемдердің ерекше-құрылымдық-семантикалық түрі 
ретінде қарастыру көптеген түрколог ғалымдардың еңбектерінде де айтылған 
3-6.
Қазақ тіл білімінде іргелес құрмалас сөйлемдерді алғаш рет құрмалас сөйлемнің жеке түрі 
ретінде Н. Сауранбаев қарастырған. Н. Сауранбаев еңбегінде «Іргелес» деген термин бұған 
дейінгі лингвистикалық әдебиеттерде «жалғаулықсыз» деп аталатын терминнің орнына 
қолданылған. Бірақ онымен тепе-тең мағынада емес, біраз басқаша мағынада жұмсалған. 
Бұған дейінгі әдебиеттерде жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер салалас құрмаластың бір түрі 
ретінде қарастырылса, Н. Сауранбаев оны салаласқа да, сабақтасқа да қоспай, құрмалас 
сөйлемнің бір жеке түрі ретінде қарастырады. Өйткені, «Іргелес құрмаласта салаластың да, 
сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық 
жағынан бір-бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және сөйлемнің баяндауышы тиянақты 
қалыпта болатындығы. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі 
жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сыйпаттап, бір-біріне тәуелді болып 
байланысады» 
1, 36 б. .
Кейінгі еңбектерінде ғалым бұл пікірінен қайтып, іргелес құрмалас сөйлемдерді салалас 
құрмаластың бір түрі деп қарастырғанмен, жалғаулықсыз деген термин ыңғайсыз, іргелес деп 
аталатын болсын деген пікірінен қайтқан жоқ. Ғалымның пікірінше, жалғаулықсыз атаудың 
мынадай ыңғайсыздықтары бар: «жалғаулықсыз деген атау жай сөйлемдердің іргелесіп 
құрмаласу тәсілін көрсетпейді. «Іргелесу» термині лайықты сияқты. Біріншіден, іргелесу бұл 
құрмаласқа енген жай сөйлемдердің қалай құрмаласатынын білдіреді. Екіншіден, іргелес 
ғылыми әдебиетте орныққан «примыкание, замыкание» ұғымдарға адекватты түрде сай 
келмесе де, жақын келеді» 
1, 32-33 бб. .
Ал Т. Қордабаев пікірінше: ««жалғаулықсыз» деген терминнің қолданылғаны жөн. Оған 
мынадай екі түрлі себеп бар: біріншіден, бұл термин лингвистикалық әдебиеттерде болсын, 
оқыту ісінде болсын әбден қалыптасып кетті, екіншіден, бұл атау тілімізде күні бүгінге дейін 
қолданылып жүрген «жалғаулықты салалас» деген атаудың антонимі екендігі бірден 


182 
байқалып тұрады. «Жалғаулықты салалас, іргелес салалас» деуден гөрі, «жалғаулықты, 
жалғаулықсыз» деп атау айтуға жеңіл, ойға да қонымды» 
7, 113 б. .
Н. Сауранбаев іргелес құрмалас сөйлем деп мағына жағынан бір-бірімен тығыз 
байланысты, бірақ ешбір дәнекерсіз дауыс ырғағымен ғана тұтасып айтылатын бірнеше жай 
сөйлемдердің тобын таниды.
Құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда, іргелес құрмалас сөйлемнің құрамындағы 
жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы онша тығыз, берік болмайды, оларда дербестік, 
тұлғалық тиянақтылық басым келеді. Іргелес құрмалас сөйлемнің қалыптасқан, тек өзіне тән 
баяндауыштық тұлғасы жоқ, жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқаратын сөз таптарының 
қай қайсысы болса да іргелес құрмалас сөйлемнің баяндауышы бола алады. Бірақ іргелес 
құрмалас сөйлемнің алдыңғы компонентінің баяндауыштары көпшілік жағдайда еді, екен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет