налдық, олардың тiларалық ұқсастық деңгейлерiн, тiлдердегi өзiндiк айырмашылықтары мен
ұқсастықтары қарастырыла бастады. Көптеген зерттеуші ғалымдардың осы уакытқа дейін
айтып келгеніндей, түркі халықтарының ерте заманнан бері жасап келе жаткан сөз өрнегінде
ұксастык басым. Соның ішінде, ортақ мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Жеке тілдердегі ММ-
дерге бағышталған паремиологиялық зерттеулерді қарастырсақ, олар әр деңгейде әр түрлі
мақсатқа, ММ-дер жинағын, не сөздігін жасауға, бұл құбылыстың жеке аспектілерін
айқындауға бағытталған.
Мақал-мәтелдердегі түркі әлеміне тән даналықтың ұйытқысы болып саналатын мақал-
мәтелдердің шығу төркінін, қалыптасу зандылығын, жіктелуіндегі, ой-толғанысындағы,
қолданысындағы ортақтық пен ұқсастықты айқындауда қажет мағлұматтар. Алдымен қазақ
мақал-мәтелдерінің топтастырылып, жинақ ретінде жарияланғандар: паремиологиялық
деректерге қарағанда қазақ мақал-мәтелдерін халық арасынан толық болмаса да жинап, әр
түрлі басылымдарда жариялау XIX ғасырда көріне бастайды. 1879 ж. алғаш қазақ ММ-дерін
жариялаған (Хрестоматия., Орынбор) және 1906 ж. толықтырып, ең таңдаулыларын қайта
жариялаған қазақ ағартушысы Ы. Алтынсарин болатын. Одан соң, 1899 ж. өзіне дейінгі
жарияланған ММ-ді жинақтап, «Сборник киргизских пословиц» (Оренбург) деген атпенен
қазақ тілін алғаш зерттеуші түркологтардың бірі В. В. Катаринский жариялайды.
Тілшілердің бір тобы түркі макал-мәтелдеріндегі ұксастыкты халықтың этникалык және
тілдік туыстығы ретінде түсіндірсе, екінші топ – шаруашылык, мәдени карым-катынас
негізінде пайда болған десе, үшіншілері – тарихи тәжірибенің ортақтығымен және қоғамдық
дамудың бірдей сатысындағы рухани бірліктің нәтижесідеп ұғыңдырады. Мысалы, Атаңның баласы болма, адамның баласы бол (Қазақтың мақалдары мен мәтелдері), Жігіттің құны жүз
жылқы, Ары мың жылқы (Қазақтың мақалдары мен мәтелдері), Ер бақыттың қонғанын
білмейді, Ұшқанын біледі (Қазақтың мақалдары мен мәтелдері), Отызында орда бұзбасаң,
Қырқында қырып келдім дегеніне, Ешкім сенбейді (Қазақтың мақалдары мен мәтелдері),
Ердің күйін сұрама, Жұрттан сауын сауған соң. Малдың күйін сұрама, Қонысынан ауған соң
(Қазақтың мақалдары мен мәтелдері) т. б. Академик Ә. Қайдар түркі халыктарына тән ортақ мақал-мәтелдердің де әр түрлі арна
бойынша қалыпаскандығын айтады. Оның бір арнасы түркі халыктарының генеологиялык
шығу тегі мен тарихына, дуниетаным, сезім, кабілетіне, өмір сүрген ортасы мен тіршілік- кәсібіне, тілінің жақындығына байланысты қалыптасқан ортақ халық даналығы болса, мәтел
арнасына ғасырлар бойы жиі араласу, өзара етене сіңісу нетижесінде жүзеге асқан рухани
ауыс-түйістер жататындығын және әрбір түркі тілдес халық түркі әлеміне ортақ даналығын
да, өзіне ғана тән даналық ұйытқысы мақал-мәтелдерде де өз тілінің ерекшелігіне сәйкес
қалыптастырып, баршасын болмаса да, көпшілігін бірдей түсініп, өз тілінде сөйлетіп
келетіндігін атап өтеді [1, 98].
«Тіл төңірегіндегі адам» ұстаным, я болмаса антропоцентристік бағыт шетелдік тіл
білімінде бұрыннан қалыптасқан. XIX ғасырдың соңында И. А. Бодуэн де Куртенэ
«Фонология» (1899) атты еңбегінде антропофониканы ғылым ретінде атап көрсеткен. Соңғы
кезеңде бұл ұстаным Н. Д. Арутюнова, А. Вежбицкая, Ю. Д. Апресян, В. М. Алпатова және т.
б. тілішілердің еңбектерінде негізігі бағыт ретінде ұстанып, когнитивті семантикалық
еңбектерінен көрініс тапқан. Антропоцентристік қағидаларын қолдануы когнитивті
семантикада аса ерекше маңыздылыққа ие. Антропоцентрикалық парадигманың тұрғысынан
адам әлемді өзін жете түсіну арқылы таниды. Әлемді адамның призмасы арқылы көруді түрлі
тілдік дәлелдер келтіруге болады. Ол мақал-мәтелдердегі метафоралар: Қылышын сүйреп қыс келеді; Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады; Бас ауырса жан қорқады; Өр көкірек