177
Нуртазина А.О.
аға оқытушы
Алматы менеджмент университеті
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Аннотация. В
статье речь идет об исследовательских работах по паремиологий. В тюркских языках
много паремиологических единиц близких по значению и по смыслу. В статье рассматривается причина этих
сходств, и также отмечается разделение в антропоцентрических паремиях культурного кода по нескольким
типовым признакам.
Ключевые слова: пословицы, паремиология,
фразеологизм, концепт, антропоцентрическое
направление, культурный код.
Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен тығыз байланыста үздіксіз дамиды,
кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи кезеңдерде түрлiше
деңгейде көрiніс табатын болғандықтан, әдеби
тiлдiң де даму деңгейі кеңейiп, толығып
отырады. Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық деңгейінде болады. Бiрақ қандай өзгерiс
болмасын ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн атқара береді.
Әсiресе, қазақ әдеби тiлiнiң бүгiнгi кемелденген кезеңінде тiлдiң атқаратын қызметi орасан
зор, себебi тiл неғұрлым кемелденген сайын, тiл мәдениетi, сол тiлдiң иесі халық менталитетi
де соғұрлым жоғары болмақ. Ал бұл әдеби тiлдiң мәдениетiн,
байлығын, көркемдiлiгiн,
бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық категория – мақал-мәтелдерге (ММ) де байланысты.
Тiлдiң лексикалық құрамының бөлiнбес бiр саласы саналатын ММ-дер де ұлт тiлiнiң ғана
емес, ұлт мәдениетiнiң де көрсеткiшi болып табылады.
Фразеологиялық тіркестер мен афоризмдердің тілдік образдылық қасиетіне қашаннан бері
көңіл аударылып келеді. ХІ ғасырда жазылған Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғаты» – түркі
тілдері сөздігінде де мақал-мәтелдер кездеседі. Қазақ мақал-мәтелдерінің табиғатына қатысты
зерттеулерді қысқаша шолып өту артық емес. Бұл құбылысты арнайы зерттеуге байланысты
ғылымда қалыптасқан саланы
паремиология деп атайды. Бұл нысанды
зерттеу тіл біліміне
қатысты тұрақты тіркестерге жатады. Басқа саланың мамандары да (педагогика, этнография,
философия т. б.) бұл саламен шұғылдануда. Сондықтан да паремиологиялық зерттеулердің
ішінде әсіресе тілтанымдық зерттеулер мен ізденістер басым. Қай салада болмасын, мақал-
мәтелдер (ММ) жеке тіл, не тіл топтары және жалпы түрде зерттелініп,
әрбір саланың өз
мүддесіне сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктері прагматикалық және теориялық тұрғыдан
қарастырылуда. Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулердің бағыттары жаңа тұрғыда карастыруға
когнитивтік тұрғыдан зерделеуге басым мән берілуде. Түркітануда және қазақ тіл білімінде
ММ-дерінің тілдік табиғатын, мағына-мәнін, көркемдiк ерекшелiктерін,
логика-семантика-
лық, заттық-тақырыптық топтарға жіктелу заңдылықтарын, т. б. ерекшеліктерін салыстыра-
салғастыра қарап, жалпы паремиология теориясына үлес косқан тілші ғалымдар баршылық. І.
Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Ғ. Мұсабаев, Ғ. Қалиев, Р. Сыздық, К. Хұсайын, Н. Уәли, Ж. Манкеева,
Ғ. Смағулова, Б. Қасым, М. Атабаева т. б. ғалымдардың зерттеу кағидалары теориялык
-әдісна-
малық
тұрғыдан басшылыққа алынып, мақалаға ғылыми негіз болды. Сонымен бірге түркіта-
нудағы С. Е. Малов, В. В. Радлов, А. Н. Кононов Н. А. Баскаков, А. М. Щербак, Б. М. Юнуса-
лиев, Г. Азымов, Д. С. Насыров т. б. сияқты ғалымдардың еңбектері
мен тұжырымдары негіз
болды.
Мәдени-ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктері ұлт тілі арқылы жетіп танылады.
Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – ММ-дер қорынан ерекше байқалады. Өйткені қазақ
фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы. Бұл айнада ұлт менталитеті көрінісі тұтастай
қамтылады десек, асыра айтпағандық болар. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер тек сан жағынан
ғана емес, сапа, мазмұн тұрғысынан алғанда да алуан түрлі. Оның басты себебі: ұлттық
менталитеттің тілдегі ерекше мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын ММ-дер қазақ ұлтына
тән дүниетаным мен тарихи сананың айқын айғағы, халық
даналығы мен философиялық
толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым-тәлімнің, өркениетінің, мәдениетінің –
178
барша болмысының қайнар көзі. ММ-дер сан ғасырлар бойы екшеленіп, қырланған мазмұны
түрліше сан түрлі тақырыпты қамтумен қатар,
адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, әр қилы
қоғамдық жағдайларда кездесетін құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық
баға. Жаңа кезеңде қазақ тіл білімінде, түркiтануда,
ММ-дердiң лексикалық, семантикалық
және синтаксистiк жақтары ғана емес, сонымен бiрге
когнитивтік, прагматикалық, функцио-
Достарыңызбен бөлісу: