Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет124/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Abstract. The article considers the main indicators of language wealth -the synonymous words, definitions of 
synonymous words, features of synonyms and ways to create synonymous words. Synonym plays an important role 
in transmitting thoughts, moods, impressive and artistic expressions, describing objects and phenomena with the 
correct use of words in the right place. Synonyms are a semantic category, a specific definition of their semantic 
differences and similarities in the language helps to correctly use words in the language.
A review of works on synonyms, views of scientists, and their scientific definitions was conducted. It was mainly 
a scientific and practical analysis of semantic shades, differences and similarities of synonyms derived from nouns. 
Semantic, stylistic and functional features synonyms derived from noun are comprehensively analyzed using the 
dictionary of synonyms of the Kazakh language and explanatory dictionaries of the Kazakh language.
Keyword: noun, synonym, synonymous series, semantic, stylistic, and functional shade.
Ана тілінің синонимдік байлығын жете білу арқылы көңілдегі көрікті ойды барлық 
реңктерімен өз мәнінде дәл және анық етіп шеберлікпен жеткізуге мүмкіндік аламыз. Әр 
адамның ойлаған мақсатына, көңіл-күйі мен көзқарасының әуеніне қарай айтайын деген 
пікірін нақтылы, әрі көркем түрде жеткізу үшін синонимдер тілде ерекше қызмет атқарады. 
Бұлар тілге жан бітіріп қызықтыратын, оны әдемілеп бояп сан қилы қозғалысқа түсіретін ең 
қажетті құрылыс материалдары болып табылады.
Осы саладағы ірі еңбектердің қатарынан Ә. Болғанбаевтың және соңғы синонимдер 
сөздігінің авторы С. Бизақовтың еңбектерінен көреміз.
Ф. Оразбаеваның сын есімдер синонимиясы, М. Серғалиевтің синтаксистік синонимиясы, 
І. Кеңесбаевтың қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, Г. Смағұлованың фразеологиялық 
синонимдері, А. Османованың етістіктер синонимиясы туралы еңбектері, қазіргі қазақ 
тіліндегі зат есімнің стилистикасын зерттеген ғалым Ф. М. Мұсабекованың еңбектерін атап 
өтуіміз керек. Ал еңбектерде ішінара синонимдердің жасалуы, дыбыстық сәйкестік арқылы 
кейбір синонимдердің туыстас екендігі туралы ғылыми ой-пікірлер Б. Сағындықұлы, А. 
Салқынбай еңбектерінен көрініс табады.
Ғалымдардың еңбектеріне көз жүгіртсек, ең алдымен синонимге анықтама беруден 
бастаған. Мәселен, орыс тіл білімінде А. Н. Гвоздева синонимдер мағыналары жағынан 
жақын, бірақ кей қосымша реңктерімен ажыратылатын сөздер десе, Л. А. Булаховский 
мағыналық жағынан тең сөздер, ал Р. А. Будагов пен қазақ тіл білімінде К. Аханов, Ә. 
Болғанбаев синоним сөздер мағынасы жағынан сәйкес келетін және бір ұғымды білдіреді 
дейді. Е. М. Галкина-Федорук, К. В. Горшкова, Н. М. Шанский синонимдер стилистикалық 
және мағыналық реңктері арқылы ерекшеленетін сөздер деген тұжырымға келеді.
Жалпы жоғарыда синонимдерге анықтама бергенде ғалымдар әр түрлі белгілерге сүйенеді. 
Сол жалпы тіл білімінде танылып жүрген үш басты белгі: 1) сөздің сырт формасында аз да 
болса, өзгешелігі болуы шарт; 2) сөздер бір ғана ұғымды білдіруі шарт; 3) синоним болып 
жұмсалатын сөздер бір сөз табына қатысты болуы шарт [1, 9 ].
Ә. Болғанбаев синонимге алғаш толық анықтама берген, жүйелі зерттеген ғалымдардың 
бірі болды. Ол синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналарын, олардың қолданылу 
дәрежесіне байланысты былай бөледі: 
 Синонимдік қатарға енген сөздер мағына жағынан бір-бірінен сәл жоғары және төмен 
дәрежеде болуы мүмкін. Синонимдер градация жолымен (бірден бірге басқыштап) өзгеріп 
отырады: аяз сөзіне қарағанда үскірік сөзінің мағыналық салмағы күштірек; атқыш // мерген, 
апат // қырғын, белсену // құлшыну.
 Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады: ұрыс// соғыс, мұғалім 
// ұстаз.
 Синонимдер бір-бірінің мағыналарының аз-көбіне қарай ажыратылуы мүмкін: ат – көп 
мағыналы, ныспы – бір мағыналы.
 Бір синонимдік қатарда жатқан мағыналас сөздердің біреуі деректі, екіншісі дерексіз 
болып келеді: маңдай//пешене, жүрек //көңіл т. б.


190 
 Синонимдік қатар құрайтын жұптардың біреуі тура мағынада қолданылса, екіншісі 
ауыспалы мағынада қолданылады: көмей // көмекей. Көмей сөзі ауыспалы мағынада 
жұмсалады, ал көмекей сөзі тек адамға қатысты тура мағынада жұмсалады.
 Жаңа атау жасауға қабілетті, қабілетсіздігіне қарай өзгешеленеді:сапар// жол, сүрлеу // 
жол. Сапар, сүрлеу сөздерінің көп жаңа атау туғызу мүмкіндіктері шектеулі болса, жол сөзінің 
сөз тудыру мүмкіндігі мол [1, 10 ]. Демек, бұл аталған белгілер синонимдердің мағыналық 
ерекшеліктерінің әр тарапты екендігін және олардың ұғымдық сипатының да әртүрлі екендігін 
танытады. Тіліміздегі синоним сөздердің жасалу жолдары- ның біразын, мағыналық 
айырмашылықтарының дәрежесін, қолданылу аясын анықтап алуға осы жоғарыда аталған 
белгілер көмектеседі [2, 15].
Синонимдер бір-бірінен мағыналық реңкі жағынан, стильдік мәні және басқадай сөздермен 
өзара қарым-қатынасқа түсіп қолданылуы жағынан үш түрлі белгілері арқылы ажыратылады.
Синонимдік қатарлар зат есім, сын есім, етістік сынды сөз таптарынан жасалады. Әр сөз 
табына тән сөздердің өзіндік ерекшеліктері мен мағыналық сипаты болатыны белгілі. Бір сөз 
табына қатысты сөздердің сипаты барлық сөз табына тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді 
түгел қамтып көрсетіп бере алмайды. Себебі қазақ тіліндегі әрбір сөз табы лексикалық, 
семантикалық, грамматикалық және сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай бір – бірінен 
ерекшеленіп, бөлініп тұратындығы белгілі. Соның бірі зат есімнен жасалған синонимдер 
бойында бар қасиет басқа сөздер табынан табылуы да, табылмауы да ықтимал.
Зат есім синонимдердің жасалуы – семасиологияның ішкі заңдылықтарына байланысты 
болады. Қазақ тіліндегі бірқыдыру зат есімдік синонимдер көбіне бір-бірінен мағыналық 
реңктері арқылы ажыратылады. Зат есім синонимдерді мағыналық жағынан талдағандағы 
басты міндет – олардың арасындағы жалпы ұқсастығын ғана көрсету емес, әрбір зат есім 
синонимнің басқада жоқ, тек өзіне ғана тән ерекшеліктерін де саралап көрсету болып 
табылады. Сол арқылы зат есім синонимдердің айырушы семалары және бір-бірін 
байланыстыратын ортақ семалары шығады. Енді осы зат есім синонимдердің өзара 
семантикалық айырмашылықтарын практикалық тұрғыда айқындасақ. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет